Қазақша рефераттар

Соққан соң екі жақтап ыстық - суық, Барады ақырындап бойым суып

Алматы ауасындай мінезің бар...
Қасым Аманжолов
Алматы ауасындай мінезің бар,
Жауасың бір кез жаңбыр, бір кезде қар.
Балқытып аласың да ыстығыңмен,
Артынан тоңдырасың төгіп ызғар.
Соққан соң екі жақтап ыстық - суық,
Барады ақырындап бойым суып.
Айнымай тамылжитын жазым қайда,
Япырай, күз бенен қыс қалды - ау жуық!
1953