Мақсат бағыныңқының баяндауыштарының жасалуы

ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы

Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Шакербекова Дарига Амантаевна

Сабақ тақырыбы

Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты

  • Мақсат бағыныңқы сабақтас бойынша алған білімді тексеру.
  • Синтаксистік талдау жасау дағдысын дамыту.
  • Оқушылардың сауатты сөйлеуі мен сауатты жазуын бақылау.

Күтілетін нәтиже

  • Мақсат бағыныңқы сабақтасты тереңірек меңгереді.
  • Баяндауыштың жасалу жолдарын және сұрақтарын есте сақтайды.
  • Топпен жұмыс істеуге үйренеді, ізденіс дағдысы қалыптасады.

Негізгі идея

Оқушылардың топтық тапсырмаларды өз бетінше орындауын бақылау және жауапкершілігін арттыру.

Әдістер мен тәсілдер

Топтастыру СТО стратегиясы Өзін-өзі бағалау

Ресурстар

  • Слайд
  • Таратпа материалдар
  • Стикерлер
  • Бағалау парақтары

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Сыныпты 3 топқа бөлу (1 минут)

Оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі.

1) «Көшбасшы, топбасшы қандай болу керек?» бейнеролигі (3 минут)

2) Топ ережесін таныстыру (1 минут)

3) Топбасшы мен бақылаушыны сайлау

Олардың міндеттерімен таныстыру.

4) «Ұшқыш тілектер»

Әр топ бір-біріне тілек жазылған қағаз ұшақтарын жібереді. Әр топқа бағалау критерийлері мен бағалау парақтары таратылады.

Баға Сипаттама
5 Толық және дұрыс жауап
4 Толықтыратын жауап
3 Ақпарат аз, толық емес
2 Жауап жоқ

II. Үй тапсырмасын тексеру

146-жаттығу.

III. Өткен сабақты пысықтау (слайдпен жұмыс)

Топтық жұмыс: әр топқа сөйлемдер мен жауап нұсқалары таратылады. Оқушылар тиісті жауабын тауып сәйкестендіріп, түсіндіріп жауап береді.

Сөйлем Түрі
Аттылар жалт-жалт қарасқанда, жақын жерде отырған көп адамның жиыны көрінді. Мезгіл бағыныңқы сабақтас
Көртышқанның мешкейлігіне қасқыр да, жолбарыс та, арыстан да ілесе алмайды. Жай сөйлем
Ақжан Алматыдан қаймығып қайтқанмен, Мағрипадан күдерін үзген жоқ. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас
Бұлақты таудан арна ақса, теңіз болар аяғы. Шартты бағыныңқы сабақтас
Бүгін қара жел басылысымен, қиыршықтап қар түсе бастады. Мезгіл бағыныңқы сабақтас
Бәйбіше жанымды сығып бара жатқан соң, мені ашу кернеп кетті. Себеп бағыныңқы сабақтас

Ескерту: сөйлем түрлерін анықтауда топтық талқылау және дәлел келтіру талап етіледі.

IV. Жаңа сабақ

а) Синтаксистік диктант

  • Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың сұрақтарын жазыңдар:

    (қайткенмен? не еткенмен? қайте тұра?)

  • Ыңғайлас салаластың жалғаулықтары:

    (да, де, және, әрі)

  • Құрмаластың қай түрі?

    Ұлберген кедей болғанмен, киім-кешектерін таза ұстайтын еді.

  • Себеп-салдар салаластың жалғаулықтары:

    (...)

  • Мақсат бағыныңқының баяндауыштарының жасалуы:

    (...)

ә) Талдау жұмысы

Берілген мысалдардан бір сөйлемге толық синтаксистік талдау жасаңдар (сөйлемнің жасалуына толық талдау).

1-топ

Абайлар Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақшы болып, аттарын шоқыта, сар желіске сала жөнелді.

2-топ

Отан үшін өз басымды өлімге байлай отырып, мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым.

3-топ

Бір адам қызын еңбекші адамға берем деп, сұраған бай балаларына бермепті.

Талап: сөйлем мүшелерін, баяндауыштың тұлғасын, бағыныңқы мен басыңқының байланысу тәсілін көрсетіңдер.

V. Сергіту сәті

Қысқа сергіту жаттығулары арқылы оқушылардың назарын қайта шоғырландыру.

VI. Мәтінмен жұмыс (147-жаттығу)

  1. 1 Автор баяндауындағы жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді ажыратыңдар.
  2. 2 Мәтіндегі қимыл-сын бағыныңқы сабақтас пен мақсат бағыныңқы сабақтас сөйлемдерге сұрақ қойып, жасалу жолын түсіндіріңдер.
  3. 3 Б. Момышұлының өз жайында айтқанын түсініңдер. Мұны Б. Момышұлының тағдыры деуге бола ма? Дәлел келтіріңдер.
  4. 4 Әр топ «Бауыржан Момышұлы» рөлінде болып, тірек сөздерді пайдаланып, сызбаға батырға мінездеме беріңдер.

VII. Сабақты қорытындылау

«Мақсат бағыныңқы сабақтас» тақырыбы бойынша кластер құру.

VIII. Үй тапсырмасы

  • Ережелерді толық қайталау.
  • «Менің жарқын болашағым» тақырыбында ойтолғау жазу.
  • Мәтінде мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем міндетті түрде қолданылсын.

Өзін-өзі бағалау

Әр топ өз бағалауын айтып береді.

IX. Кері байланыс

Оқушылар стикерлерге жауап жазып, «Мәуелі ағашқа» жабыстырады.

Не жақсы өтті?

Не жақсы өтпеді?

Қандай күшті жақтарыңа арқа сүйедің?

Нені дамыта аласың?

Қай тапсырма сен үшін қиын болды?