Оқушыларды Қаныш Сәтбаев туралы әңгімемен танысу

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды Қаныш Сәтбаев туралы Әнуар Жапаровтың «Қазына көтерген бала» атты әңгімесімен таныстыру.

Сабақтың міндеттері

  • Әңгіме мазмұны арқылы қазақтың көрнекті геолог-ғалымы әрі қоғам қайраткері туралы оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу.
  • Байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту, ойын жүйелі тұжырымдай білуге үйрету.
  • Қиындықтан қорықпайтын, елін қорғайтын, ізденімпаз азамат болуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар Қаныш Сәтбаев туралы әңгімемен танысып, мәтін бойынша ой қорытып, пікірін дәлелді жеткізе алады.

Оқу үдерісінде сұрақтарға жауап беру, сәйкестендіру, топтық талқылау және шығармашылық тапсырмалар арқылы білімін бекітеді.

Әдіс-тәсілдер

  • Ашық және жабық сұрақтар
  • Миға шабуыл
  • Сәйкестендіру
  • «Галереяға саяхат»
  • «Даналық ағашы» оқыта-үйрету ойыны
  • Постер қорғау
  • «Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі

Ресурстар

  • 4-сынып әдебиет оқулығы
  • Компьютерлік тұсаукесер
  • Видеоүзінді
  • Интерактивті тақта
  • Фломастер, стикерлер
  • Топқа бөліну парақшалары
  • Плакат
  • Кері байланысқа смайлик

Дереккөздер

Қазақстан телеарнасы

Қаныш Сәтбаевтың өмірінен алынған бейнематериал үзінділері.

Өмірбаяндық мәліметтер

Ғалымның ғылыми мұрасы мен қоғамдық қызметіне қатысты қысқаша ақпарат.

Сабақ барысы

Төменде сабақ кезеңдері мұғалім мен оқушы әрекеттері арқылы құрылымдалып берілді.

I. Кіріспе бөлімі

1) Ұйымдастыру

2 минут

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, амандасу.

Мұғалімнің әрекеті

«Күндей жадырап, айдай арайлап, жұлдыздай жарқырап, судай мөлдір таза көңілмен бүгінгі күнімізді бастайық».

Оқушының әрекеті

«Шаттық шеңбері»: балалар бір-біріне жылы лебіз білдіреді.

«Қайырлы таң, Жер-Ана! Қайырлы таң, көк аспан! Қайырлы таң, достар! Қайырлы таң, апайлар!»

2) Топқа бөлу

2 минут

Қима қағаздарды құрастыру арқылы мақал шығарып, сол бойынша оқушылар 3 топқа бөлінеді.

3) Білім деңгейін анықтау және ереже

2 минут

  • Сыныптың бастапқы білім деңгейін анықтау.
  • Сабақ ережесін бірге құрастыру.
  • Бағалау критерийлерімен таныстыру.

II. «Миға шабуыл»

5 минут

Үй тапсырмасын сұрау (диалог арқылы оқыту). Сұрақ-жауап:

  1. Мұғалім картадан қандай елдерді көрсетті?
  2. «Сібір» дегенде Тұрар неліктен елең ете қалды? Сахалин аралын неге сұрады деп ойлайсың?
  3. Әңгіме соңында жазушы қоңырау сылдыры нені еске салды деп жазады?
  4. Тұрар бейнесін көз алдыңа елестетіп, сипаттап бере аласың ба?
  5. Тұрардың фамилиясы неліктен Қырғызбаев болып өзгергенін білесің бе?

III. Өткенді пысықтау: «Сәйкестендіру»

Топтық жұмыс: парақшамен жұмыс орындау. Сыни тұрғыдан ойлау элементтері қолданылады.

Негізгі ұғымдар

  • Портрет
  • Монолог
  • Мінездеу
  • Лирика
  • Әдеби ертегі
  • Автор көзқарасы
  • Оқиғаның шиеленісуі
  • Айтыс
  • Теңеу

Анықтамалар

  • Портрет — көркем шығармадағы кейіпкердің сыртқы түрін, кескін-келбетін, жүріс-тұрысын суреттеу.
  • Монолог — кейіпкердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен-өзі сөйлесуі.
  • Мінездеу — адамның сыртқы келбетімен бірге ішкі жан дүниесін, мінезін, жақсы-жаман қылықтарын суреттеу.
  • Лирика — адамның көңіл күйін, сезімін, ішкі сырын сөзбен бейнелейтін көркем әдебиет жанры.
  • Әдеби ертегі — авторы белгілі болғандықтан, жазба түрде жасалған ертегі түрі.
  • Автор көзқарасы — шығармадағы кейіпкерге, оқиғаға, құбылысқа автордың беретін бағасы, ойы мен пікірі.
  • Оқиғаның шиеленісуі — адамдар арасындағы қарым-қатынастың, қимыл-әрекеттің (тартыстың) күрделене түсуі.
  • Айтыс — халық ауыз әдебиетінің бір түрі; екі ақынның сөз жарысы (бірнеше түрі бар).
  • Теңеу — екі нәрсенің ортақ белгісін табу арқылы ұқсату.

IV. Жаңа сабақ

1) Қызығушылықты ояту: «Кім тапқыр?»

Ойын шарты: берілген бағыт бойынша екі әріпті тастай отырып оқығанда, бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.

2) Сабақтың мақсатын анықтау

10 минут

  • Сабақтың тақырыбын хабарлау.
  • Күннің жадын жазу.
  • Әнуар Жапаровтың «Қазына көтерген бала» әңгімесін оқып, ғалымның өзіне тән ерекшеліктерімен танысу.

Мұғалімнің ақпараттық бөлімі: Қаныш Сәтбаев

Өмірі

Қаныш Сәтбаев (1899–1964) — Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған қазақ және кеңес геологы, қоғам қайраткері.

Ғылыми және қоғамдық қызметі

Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырып, оның тұңғыш президенті болды. Қазақстан мен Кеңес Одағындағы металлогения мектебінің негізін қалаушылардың бірі.

Зерттеулері

Жезқазған, Қарағанды, Алтай өңірлерін зерттеп, көптеген кен орындарының ашылуына ықпал етті. Маңғыстау, Мұғалжар, Торғай аймақтарының табиғи байлықтарын анықтауға үлес қосты.

Автор туралы белгі

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылы.

Бастауыш сынып мұғалімі: Қосымбаева Гүлшат Жәнекешқызы.