Балалардың әрекеті

Сабақтың тақырыбы

«Сиқырлы әріптер еліне саяхат»

Білім беру саласы

Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Сауат ашу және жазу негіздері

Негізгі мақсат

Балаларды әріптермен таныстыру; сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету; буын туралы түсініктерін кеңейту; ойлау қабілеті мен қиялын дамыту.

Тақырыптық басымдық

«О» дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру.

Көрнекіліктер

  • Үлгі суреттер
  • Әріптер кассасы
  • Дәптерлер
  • Текшелер
  • Қолайна

Әдіс-тәсілдер

  • Көрсету
  • Түсіндіру
  • Әңгімелеу
  • Сұрақ-жауап
  • Қорытындылау

Мотивациялық-қозғаушы кезең

Тәрбиешінің сөзі

— Қайырлы таң, балалар! Сендермен кездескеніме өте қуаныштымын.

— Бүгінгі көңіл күйлерің қалай?

— Ендеше, бүгінгі қонақтарымызбен бірге амандасып алайық.

Балалардың әрекеті

— Сәлеметсіз бе, апай!

(Балалар тәрбиешімен бірге шаттық шеңберін құрады.)

Шаттық шеңбері:

Алақай, келіңіз!
Дайын тұр төріміз.
Келіңіз, келіңіз,
Бізге риза болыңыз!

Балалар қонақтармен сәлемдесті.

Ойын арқылы қайталау

Ойын: «Дыбыстарды суретке түсір»

Мақсаты — дауысты және дауыссыз дыбыстарды қайталау.

Тәрбиеші балаларға өздерін «суретші» ретінде елестетуді ұсынады: бір дыбыс айтылады, ал балалар сол дыбысты тез «суретке түсіріп», яғни тиісті текшені көтеріп көрсетеді.

  • Дауысты дыбыс болса — қызыл текше
  • Дауыссыз дыбыс болса — көк текше

Қайталауға берілген дыбыстар

А Ы Қ П М Ғ Н Т

Іздену-ұйымдастырушылық кезең

Тәрбиешінің бағыттауы

— Жарайсыңдар, балалар! Біз осы уақытқа дейін көптеген әріптермен таныстық. Ендеше, сол әріптерді тақпақтар арқылы еске түсірейік.

Ұлдана

Ата-ананың тілегі —
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тілегі —
Адал болып өскенің.

Аружан

Мақталарды мақтаймыз,
Мақтаны көп қаптаймыз.
Маса жайлы мақтаған
Мәлімет еш таппаймыз.

Амандық

Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.

Айдын

Ата-анаңмен барып сен,
Пілді көрдің парктен.
Осы атауға зер салшы,
Басталған «П» әріппен.

Әділет

Нан пісірем десем мен,
Нұржан, неге нанбайсың?
Нанбасаң, сұра Нұрбектен,
Нағашым — менің наубайшым.

Қорытынды тапсырма

Жұмбақ

— Айтамыз, естиміз.
Естиміз, айтамыз.
Ол не?

Жауабы: Дыбыс