Мақал - мәтелдердің мазмұнын ашатын сызба жасау
Сынып және сабақтың бағыты
Сынып
10-сынып
Сабақ түрі
Жаңа сабақты меңгеру
Пәнаралық байланыс
Қазақ әдебиеті, этнопедагогика
Мақсат, міндет және күтілетін нәтиже
Сабақтың мақсаты
Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін талдап, оларды өмірмен байланыстыра отырып меңгерту.
Сабақтың міндеттері
- Оқушыларды өз ойын еркін жеткізе білуге баулу.
- Тақырып бойынша ой шақыру арқылы белсенді қатысуға ынталандыру.
- Әңгімелесу және диалог жүргізу дағдысын дамыту.
Күтілетін нәтиже
- Оқушы ойын еркін әрі түсінікті жеткізе алады.
- Мақал-мәтелдерді түсініп, мағынасын талдай алады.
- Сұрақ қоя біледі және сыныптасының жауабын тыңдай алады.
Әдіс-тәсілдер, жұмыс түрлері және құралдар
Әдіс-тәсілдер
- Сыни тұрғыдан ойлау
- Диалогтық тәсіл
- Жұптық жұмыс
- Оқытуды басқару және көшбасшылық
Жұмыс түрлері
- Топтық жұмыс
- Жұптық жұмыс
- Ой қорыту
- Бағалау
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Стикерлер
- Бағалау парағы
- Таратпа мәтіндер
Меңгерілетін сөздер (сөздік)
мін
брак
ұйқы
сон
тынықтырады
освежает
шынықтырады
закаляет
көркейтеді
красит
бас иеді
покоряется
құнды
ценно
іскер
мастер
ұста
кузнец, мастер
жеңбек
победит
Сабақтың барысы (уақыт бөлінісі)
Ұйымдастыру кезеңі
10 минут- Амандасу рәсімі.
- Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
- Оқушыларды топқа бөліп, жұмыс жоспарымен таныстыру; топ көшбасшысын сайлау.
- Тақырыпты «Топтастыру» әдісі арқылы суреттермен жұмыс жасай отырып ашу.
Жаңа сабақ
20 минутӘр топқа еңбек туралы мақал-мәтелдер жазылған мәтіндер таратылады. Оқушылар материал бойынша топ ішінде төмендегі тапсырмаларды орындайды:
- Мақал-мәтелдердің мазмұнын ашатын сызба құрастыру.
- Мақал-мәтелдер бойынша сұхбаттасу (3 сұрақ – 3 жауап).
- Үш мақалдан негізгі ойды білдіретін тірек сөзді анықтап, сол сөздермен сөз тіркестерін құрастыру.
- Қарсы топқа мақал-мәтелдер бойынша бір сұрақ дайындау.
Бекіту
5 минутМақал-мәтелдерді қажетті сөздерді қойып толықтыру.
Үй тапсырмасы
2 минут- Еңбек туралы мақал-мәтелдерді жаттау.
- «Еңбек кодексі деген не?» сұрағына жауап іздеу.
Қорытынды (рефлексия)
3 минут1) Сабақта қалай жұмыс істедім? (Как я работал на уроке?)
2) Жұмысыма... (Своей работой...)
3) Сабақ уақыты қалай өтті? (Как прошло время на уроке?)
4) Сабақтың соңында мен... (В конце урока почувствовал...)
5) Көңіл-күйім қандай? (Каково мое настроение?)
6) Сабақ материалы мен үшін қандай болды? (Материал урока для меня был...)
Бағалау
5 минутБағалау парағы арқылы әр оқушы өз жұмысын бағалайды.
Еңбек туралы мақал-мәтелдер
- Шын шеберде мін болмас.
- Бақыт кілті – еңбекте.
- Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.
- Адамды еңбек көркейтеді.
- Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді.
- Ағаш жемісімен құнды, адам – ісімен.
- Бүгінгі істі ертеңге қалдырма.
- Іскер келсе, іс бітеді.
- Күшіңе сенбе, ісіңе сен.
- Көп көрген – нұсқа, көп істеген – ұста.
- Кісінің сөзін малданба, ісін байқа.
- Істесең – тістерсің.
- Сабыр мен еңбек бәрін жеңбек.
- Еңбек ет те, міндет ет.
- Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер.
- Бітер істің басына, жақсы келер қасына.
Тапсырма: мақал-мәтелдерді толықтыр
1-бөлім
Шын __________ де мін болмас.
Бақыт __________ – еңбекте.
Ұйқы тынықтырады, __________ шынықтырады.
Адамды еңбек __________.
Сен істі сүйсең, іс саған __________.
2-бөлім
Ағаш жемісімен __________, адам – ісімен.
Бүгінгі істі __________ге қалдырма.
__________ келсе, іс бітеді.
Күшіңе сенбе, __________ сен.
Көп көрген – нұсқа, көп істеген – __________.
3-бөлім
Істесең – __________.
__________ мен еңбек бәрін жеңбек.
Еңбек ет те, __________ ет.
__________ атасы – еңбек, анасы – жер.
Бітер істің басына, __________ келер қасына.