Жапанда жалғыз нардың кезігуі, ботасы өлген аруананың зары
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Бұл сабақ Т. Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесін меңгертуге арналған. Негізгі назар — мәтіннің тақырыптық мазмұнын ұғындыру, күй өнерінің ұлттық құндылық ретіндегі маңызын таныту және оқушылардың ой қорыту, салыстыру, талдау дағдыларын дамыту.
Тақырып
Т. Ахтанов — «Күй аңызы»
Сабақтың түрі
Жаңа тақырыпты ұғындыру сабағы
Әдіс-тәсілдер
- Салыстыру
- Талдау
- Жинақтау
Көрнекіліктер және байланыс
- Жазушының суреті
- Тірек-сызбалар
- Электронды оқулық
- Интерактивті тақта
- Пәнаралық байланыс: музыка
Сабақтың мақсаттары
Білімдік
Т. Ахтанов туралы мәлімет беру, әңгіменің тақырыптық мазмұнын ұғындыру.
Тәрбиелік
Шығарма арқылы ұлттық құндылықтарды қастерлеуге баулу, қазақтың күй өнері туралы түсінікті кеңейту.
Дамытушылық
Тұжырымды ой айтуға, саралап таңдауға, ізденуге дағдыландыру.
Сабақтың барысы
-
I
Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа дайындық, сыныптың назарын шоғырландыру.
-
II
Үй тапсырмасын тексеру
Деңгейлік тапсырмалар арқылы білімді пысықтау.
-
III
Жаңа сабақ
- Т. Ахтановтың өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мағлұмат беру (электронды оқулық арқылы).
- Аңызды электронды оқулықтан тыңдату.
- Әңгіменің мазмұнын баяндату, негізгі ойды анықтау.
- Түсініксіз сөздермен жұмыс.
Түсініксіз сөздер сөздігі
Тізгін
Аттың басын тежеу, игеру үшін пайдаланылатын, ұштары жүгеннің ауыздық шығыршығына екі жағынан байланған қайыс.
Дұға
Аман-саулық тілейтін Құранның қысқа аяттары.
Шылбыр
Жүгеннің шығыршығына бір жағынан тағылатын жіп.
Түндік
Киіз үйдің шаңырағына жабылатын, төрт баулы киіз.
Қолқа салу
Дос-жаран адамдардың бір-бірінен бір нәрсені сұрауы, өтінуі.
Тулақ
Үстіне жүн сабауға немесе төсенішке пайдаланылатын, жүні алынбай қатырылған шикі тері.
Жон
Арқа, ту сырт.
Әңгімедегі түйе атаулары
Сұрақ
Әңгімеде түйенің қандай түрлерін кездестіреміз?
Бота
Түйенің төлі.
Аруана
Таза тұқымды, қос өркешті түйенің ұрғашысы (мәтіндегі атау ретінде берілген).
Інген
Қос өркешті түйенің ұрғашысы.
Мая
Жалғыз өркешті түйенің ұрғашысы.
Нар
Бір өркешті түйе.
Қара нар
Ерекше күшті, мықты нар.
Композициялық талдау
Оқиғаның басталуы
- Екі салт аттының жолға шығуы.
- Күйшілердің әңгімесі.
Оқиға байланысы
- Жапанда жалғыз нарға кезігу.
- Ботасы өлген аруананың зары.
- Естеместің домбырасына «тіл бітуі».
- Жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі.
Оқиғаның шиеленісуі
Қыздың әкесіне қолқа салуы.
Шарықтау шегі
Естемес күйшінің өнері және «Нар идірген күйдің» дүниеге келуі.
Шешімі
Естеместің жолын жас жігітке беруі.
Кейіпкерлер портреті
Естемес
Жасы елуді еңсерген, дөңгелек жүзді, әдемі қара сақалды. Өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған, қағылез кісі.
Оразымбет
Астында жалын өрген қылаң бесті. Үстінде өңіріне зер ұстаған көк мақпал камзол, талдырмаш белін қызыл үдері белбеумен қынай буған. Басындағы құндыз бөріктің төбесі көк мақпалмен тысталған.
Жаңыл
Он алты-он жетілер шамасында. Қою қара қасты, мөлдіреген қара көзді, дөңгелек жүзді, қара торы сұлу. Үстіндегі жалаң көйлегі тозған.
«Әдебиет лотосы» бойынша жинақтау
Негізгі деректер
- Автор
- Т. Ахтанов
- Шығарма
- «Күй аңызы»
- Кейіпкерлер
- Естемес, Оразымбет, Жаңыл, шал, ботасы өлген аруана
Оқиға желісі
- Ботасы өлген аруананың зарынан туған күй арқылы аруананың сүт беруі.
- Естеместің жолын жас жігітке беруі.
Көркемдік ерекшеліктер
Тәсілдер
Портрет, эпитет, теңеу, әуен бояуы.
Эпитеттер
«Өткір қоңыр көзді», «мүсәпір бейне».
Теңеулер
«Жібектей майысып», «балшықтан құйғандай», «сүйріктей саусақ».
Ойлану тапсырмасы
Шығармадағы күй құдіретін қазіргі заман өнерімен салыстырып көр.
Қосымша мәлімет: күйдің туу табиғаты
Секен Тұрысбековтің пікірі
«Күй қасіреттен, үлкен ойдан туады».
«Көңіл толқыны» күйінің шығу тарихы
Күй 1985 жылы ойыма оралып, 1987 жылы жарыққа шықты. Ол Мәскеуде өткен дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінде көңіліме келген еді. Сол кезең — қасіретке шомған уақытым: Анар, Жанар есімді қос құлыншағымнан айырылғанда жазылған дүние. Табиғаттың нөсерінен кейін көлшікке тамған тамшының ырғаққа айналғанын сезгендей болдым. Ішкі-сыртқы құбылыстар мен сезімдер қабысып келіп, өз шешімін тапқандай әсер етті. Әуелде өзіме күй-этюд тәрізді көрінді. Бірақ іште жатқан шердің тынышталмайтынын ұқтым. Байқағаным: жүректен, жаннан шыққан дүние жұрттың да жүрегіне жетеді екен.
Қорытындылау: тест тапсырмалары
-
1) Т. Ахтановтың ең алғашқы әңгімесі?
- A) «Сәуле»
- Ә) «Боран»
- Б) «Күй аңызы»
-
2) Жазушыға қай шығармасы үшін мемлекеттік сыйлық берілді?
- A) «Әке мен бала»
- Ә) «Қаһарлы күндер»
- Б) «Дала сыры»
-
3) «Күй аңызы» әңгімесінің тақырыбы
- A) Естеместің өмірі
- Ә) Өнер құдіреті
- Б) Қыз өмірі
-
4) «Апырым-ай, мынауың, шынында да, елде жоқ қолқа екен» — қай кейіпкердің сөзі?
- A) Естемес
- Ә) Жаңыл
- Б) Шал
-
5) Шығарма немен аяқталды?
- A) Естеместің қызды алуы
- Ә) Жігітке жолын беруі
- Б) Нарды идіре алмауы
Үй тапсырмасы
- Мәтінді оқу.
- Кез келген бір күйдің шығу тарихын жазып келу.