Бағалау нормасы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Павлодар облысы, Ақсу қаласы, №2 жалпы орта білім беру мектебінің география пәні мұғалімі — Аңсар Нұрсәуле. Сабақтың жаратылыстану бағыты бойынша тақырыбы: «Ай — Жердің серігі».

Сабақ түрі

Жаңа сабақ.

Топқа бөлу

  • Жер
  • Ай
  • Күн

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға Айдың Жердің серігі екені туралы негізгі мағлұматтарды түсіндіру.

Дамытушылық

Өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру және пәнге қызығушылықты арттыру.

Тәрбиелік

Оқушылардың ойын сауатты жеткізуіне ықпал ету, қарым-қатынас мәдениетін жақсарту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдістер мен ресурстар

Өткізу технологиясы

СТО стратегиялары: «Аквариум» әдісі, «10 сұрақ», «2 жұлдыз, 1 тілек», синквейн.

Сабақ тәсілдері

  • Географиялық диктант
  • Сұрақ-жауап
  • Сәйкестік тест
  • «Иә немесе жоқ» тапсырмалары және басқа жұмыс түрлері

Ресурстар

Постер Стикер Маркер Үлестірме қағаздар Бағалау парағы

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру: әр оқушы өз атының бастапқы әрпіне сәйкес сын есім айтып, өзін таныстырады.

II. Өткен тақырыптарды еске түсіру

Жеке жұмыс

Оқушының аты-жөні:

1-тапсырма: «Иә немесе жоқ»

2 минут
Сұрақ Жауап
1 Темірқазық үнемі оңтүстік бағытты көрсететін жұлдыз ба? Иә / Жоқ
2 Күн Галактиканың орталық нүктесін 250 млн жылда бір айналып шыға ма? Иә / Жоқ
3 Жай көзбен қарағанда шамамен 2,5 мың жұлдыз көріне ме? Иә / Жоқ
4 Күннің орталық бөлігінде температура 60 000°С бола ма? Иә / Жоқ
5 Фобос пен Деймос — Марстың серіктері ме? Иә / Жоқ
6 Тастардан және шаң-тозаңмен араласқан алып мұздардан тұратын аспан денесі — комета ма? Иә / Жоқ
7 Дене заттан тұра ма? Иә / Жоқ
8 Бейорганикалық заттарға белок пен крахмал жата ма? Иә / Жоқ
9 Жер мен Күннің арақашықтығы 150 мың км ме? Иә / Жоқ
10 Жердің жасы шамамен 3 млрд жыл ма? Иә / Жоқ

Бағалау нормасы

  • 9–10 дұрыс жауап «5»
  • 7–8 дұрыс жауап «4»
  • 5–6 дұрыс жауап «3»
  • 5-тен төмен «2»
Өзіңді бағала: ____

Терминдермен жұмыс

Жұппен жұмыс • 3 минут

Оқушының аты-жөні:

2-тапсырма: анықтаманы толықтыр

  1. 1. Бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұрған аспанның жарық денесі —

  2. 2. Жеке жұлдыздар тобы —

  3. 3. Күнді айнала қозғалатын ғаламшарлардың жүретін жолы —

  4. 4. Жер бетінің кішірейтілген моделі —

  5. 5. Табиғаттағы денелердің үздіксіз өзгеріске ұшырауы —

  6. 6. Балқыған ыстық газдан тұратын, жарқырап тұрған өте үлкен шар —

  7. 7. Жердің Күнді белгілі бір уақытта толық айналып өтуі —

  8. 8. Астероидтар мен кометалардың бөлініп шыққан ұсақ темір және тас бөлшектері —

  9. 9. Әртүрлі нысандар (жұлдыздар, ғаламшарлар, астероидтар, кометалар) мен шаң-тозаң, газдар кездесетін жұлдызаралық, ғаламшарлар және галактикааралық кеңістік —

  10. 10. Аспан күмбезінде түнде көрінетін шырақтардың жиынтығы —

Бағалау нормасы

  • 9–10 дұрыс жауап «5»
  • 7–8 дұрыс жауап «4»
  • 5–6 дұрыс жауап «3»
  • 5-тен төмен «2»
Өзіңді бағала: ____