Ойды еркін жеткізе білдіру қабілеттеріне қарай
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты
Оқушылар «Кім?» және «Не?» сұрақтарына жауап беретін сөздермен танысады. Заттың атын білдіретін сөздерді басқа сөздерден ажырата алады.
Сабақтың міндеттері
- 1 Мазмұндық міндет: тапсырмаларды орындау арқылы зат есімді табу.
- 2 Сыни ойлау: оқушылардың ой-өрісі кеңейіп, өзара пікір алмасады.
- 3 Топтық жұмыс: оқушылар өз ойларын дәлелдеп, қорғауға үйренеді.
Ресурстар мен тәсілдер
Көрнекілік
Тірек-сызба, тақырыпқа қатысты дайындалған слайдтар, суреттер топтамасы.
Әдістер
- Ой қозғау
- Топтастыру
- Еркін жазу
- Бір айналым сөйлесу
Сабақтың түрі
Жаңа оқу материалын меңгерту сабағы.
Бағалау
Ойды еркін жеткізу қабілетіне қарай бағаланады.
Сабақтың құрылымы
I. Қызығушылықты ояту
Сабақтың алғашқы бөлімі оқушыларды топтық әрекетке жұмылдырып, тақырыпқа бағыттайды.
1) Оқушыларды 2 топқа бөлу
Оқушылар «Шаттық шеңберін» құрып, бір-біріне жылы лебіз айтып, мақтайды.
2) Ой ашар: 5-жаттығуды тексеру
Ақ, көк, сары көбелек
Көріктісің керемет.
Қуа-қуа шаршадым,
Жеткізбейсің, не керек?
3) Өткен сабақты қайталау
Өткен сабақта сөз таптары тақырыбы қарастырылды. Қазақ тілінде жалпы 9 сөз табы бар. Бастауыш сыныпта олардың 4 түрімен танысамыз.
Жұмбақ шешу (Ой қозғау)
Сөз табының ең басында тұрамын.
Білесіңдер: «Кім? Не?» деген сұрағым.
Сөйлемде ой иесі боламын,
Етістікпен көркейемін, толамын.
Негізгі ой
Бұл жұмбақ оқушыларды жаңа тақырыпқа — зат есімге — жетелейді: ол «Кім?», «Не?» сұрақтарына жауап береді.