Достық әуені сценарийАруна
Кіріспе
Бұл — Ф-11 тобының шағын концертіне арналған «Достық әуені» атты жүргізушілер сценарийі. Кеш барысында ән, би, көркемсөз, видеоролик, пародия және гитарамен орындалатын шығармалар көрерменге ұсынылады.
Кешті жүргізушілер
Аруна
Армысыздар, көңілдері күндей күлетін, шәкіртке білім беретін ұлағатты ұстаздар!
Гаухар
Бармысыздар, серпінмен серпіліп келген, оқимын деп желпініп келген студенттер! Шыңға жетпей қоймайтын, қашанда бізді ойлайтын Шыңғыс ағай жетекшілік ететін жаны жайсаң жігіттер мен қылықты қыздардан құралған Ф-11 тобының шағын концертіне қош келдіңіздер!
Сахналық бөлімдер
Төмендегі реттік жоспар концерт динамикасын сақтай отырып, әр нөмірдің мазмұнын қысқа әрі анық береді.
1) Ән: «Қызыл алма»
Гаухар: Аруна, білесің бе, біздің топтың жігіттері сегіз қырлы, бір сырлы ғой. Қашан көрсең де өнерлерімен елді тәнті етіп жүреді.
Аруна: Иә, толық келісемін. Біздің жігіттер әнші де, биші де, күйші де болып қана қоймай, бүкіл қыздардың жүрегін жаулап жүр.
Шақыру мәтіні
Оқуын оқып жүрген ел қатарлы, Үлкендерге дейтұғын бер батаңды. Қыздарға қызыл алма алып келген, Ағайын, қарсы алыңдар Ермаханды!
2) Би: «Қазақша»
Гаухар: Өнерлілер — өрелі, талай қызық көреді. Би билейтін көп қыздар икемдірек келеді. Біздің топтың қыздары қазақша билеп береді.
3) Әзіл-диалог және видеоролик
Гаухар: Аруна, сен өміріңде рэп орындап көрдің бе?
Аруна: Керемет орындамасам да, шет жағасын білем ғой.
Гаухар: Қане, онда бір шумағын орындап берші?
Аруна (әзіл-рэп)
Каманама беттама саламана сеттама, Данамана деттама шанамана шеттама, Камана бөза...
Гаухар: Ой-ой, бұл не деген мағына? Сен өзі «Эмси Аруна» болып кеттің ғой? Дегенмен, көрермен қауым мағынасыз рэптен шаршаған болар. Одан да Сағдаттың топтың тыныс-тіршілігі жайлы жазған рэпін бірге тыңдайық!
Аруна: Олай болса, экранға назар аударайық!
Көрсетілім
Видеоролик
4) Көркемсөз
Гаухар (шақыру)
Әркім ақ айтатындай атын аңыз, Біз қалай баба жолдан шатыламыз? Көркемсөздің қуатын танытатын, Ортаға __________________ шақырамыз!
5) Ән: «Бір тілек»
Аруна: Ғылыми деректер бойынша Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады екен. Тіпті біздің колледжімізде қазақылықты қанына сіңіріп жүрген қаншама бауырларымыз бар.
Гаухар: Иә, олар қазақша ойлап, қазақша сөйлеп, қазақша ән салып жүрсе — неге қуанбасқа?
Шақыру мәтіні
Ұлт көбейсе, тар келмес тақияңа, Әрине, жүргені жоқ жат ұяда. Көрерменге тілегін білдіретін, Ортада — Ефименко Татьяна.
6) Пародия
Аруна (шақыру)
Арқалықта жанып жүр бағы қатты, Бойына өнердің де бәрін артты. Күлкіден езуіңді жиғызбайтын, Қарсы алыңдар, пародист Сағдатты!
7) Гитарамен ән
Гаухар: Бағындырып жүрген соң сан саланы, өнеріне мына жұрт тамсанады. Нұрландырып жүретін Нұртай әнші халыққа гитарамен ән салады.
8) Авангард көрсетілім және ән
Аруна: Қашанда ұйымшылдар бірлеседі, елге еткен еңбегі жер теседі. Ал енді қырмызыдай қыздарымыз ең сәнді көйлектерін көрсетеді.
Бөлім
Авангард
Ән
Сағдат _______________________
Қорытынды
Гаухар: Уақыт біразға таяп қалды. Өнерін, айтшы, кім аяп қалды? Кездескенше аман-сау болыңыздар, осымен концертіміз аяқталды!