Қайратты алып бойдағы, Басымды қайғы қаңғыртар
Абай Құнанбаев
Домбыраға қол соқпа,
Шымырлатып бір - бірлеп.
Жүрегім, соқпа, кел тоқта,
Жас келер көзге жүр - жүрлеп.
Қайғылы көңілім қайдағы
Бұрынғымды жаңғыртар.
Қайратты алып бойдағы,
Басымды қайғы қаңғыртар.
Онан да жылы жүзіңмен
Кел, жарым, қара бетіме.
Жылы, тәтті жауап айт
Іштегі қайғы дертіме.
Іштегі ескі жалынды
Сөндір жаңа қылықпен.
Сөйлесші жақсы, жағымды
Мендей көңілі сынықпен.
Сынық көңілім көп кешер,
Майда қолмен ұстасаң.
Көңілге түрлі ой түсер,
Әр тереңге нұсқасаң.
Күйлі, күйсіз бәйгеге
Қажыды көңілім көп шауып.
Көп қинамай әрнеге,
Енді семірт, жем тауып.
Абай қара сөздерінің морфологиялық ерекшеліктері
Емдік дене шынықтыру
Абай және Шәкәрім: көркемдік дәстүр жалғастығы
Өзін-өзі тану пәні мен өзге оқу пәндерінің инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы өзара сабақтасып, ықпалдасуы
Халықтың салт-дәстүрлері, рәсімдер, ырымдар мен тыйымдар
Сұлтанмахмұт Торайғырұлы өмірі мен шығармашылығы
МӘШҺҮР ЖҮСІП ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР
Ананың бала тәрбиесіндегі орны
Толық емес отбасындағы баланың психологиялық жағдайы
Метафора туралы
СӘБИТҰЛЫ АСАНҚАЙҒЫ
Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастырудың маңызы
Елімізде патриоттық тәрбиені қалыптастыру міндеттері.
Валюталық жүйе және валюта бағамының қалыптасуы
Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда педагогика
ҚР -ғы нарықтық экономиканың қалыптасуы
Қазақ терминологиясының дамуы мен оның қалыптасуының тарихы
Қаржылық лизингті жүзеге асыру барысында қатысушы субъектілер анықталып,міндеттері және құқықтары белгіленеді
Азаматтардың денсаулығына келтірілген экогендік зиянның ұғымы және оның қалыптасуы механизмі
Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері және құрылымы