Көп нүктенің орнына әріпті қойып жаз
Сабақтың тақырыбы
Я әрпінің жазылуы
Түрі
Аралас сабақ
Әдістері
Сұрақ-жауап, ойын, деңгейлік тапсырмалар
Көрнекілігі
Суреттер, оқулық, карточкалар, ребус
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, дүниетану, халықтық педагогика
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларға Я әрпінің жазылуы және дыбысталу ерекшелігі туралы түсінік беру.
- Танымдық белсенділікті дамыту: ойды қорытындылау, сұрақтарға жауап беру, жүйелі ойлану дағдысын арттыру; әдемі, көркем әрі қатесіз жазуға қалыптастыру.
- Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Психологиялық дайындық
Оқушылар көздерін жұмып, төмендегі сөйлемдерді іштей қайталайды:
Мен сабақтамын, мектептемін.
Менің зейінім тұрақты.
Мен жақсы ойлап отырмын.
2) Үй жұмысын тексеру: «Бәйге» ойыны
- 1) И, й қандай дыбыстар?
- И — дауысты дыбыс, й — дауыссыз дыбыс.
- 2) И әрпінен кейін қандай дыбыс естіледі?
- И әрпінен кейін а дыбысы естіледі.
- 3) И әрпінен кейін қандай әріп жазылады?
- И әрпінен кейін я әрпі жазылады.
- 4) «Тиын» сөзін буынға бөл. Неше буын бар?
- Ти-ын — екі буын.
ІІ. Мағынаны ажырату
Жаңа сабақты түсіндіру үшін ребусты шешеміз. Шыққан сөздер: тақия, қария. Бұл сөздерде 5 әріп, 6 дыбыс бар.
«Тақия»
Ер адамдар киетін бас киім.
«Қария»
Жасы үлкен, қарт адамдарды білдіреді.
Я әрпінің ерекшелігі
- Я — қосарлы дауысты дыбыс.
- Сөзде йа дыбыстары естілгенімен, олардың орнына я әрпі жазылады.
ІІІ. Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы тапсырмалар арқылы Я әрпінің жазылуы мен дыбысталуын бекіту.
IV. Дәптермен жұмыс
1-жаттығу
Көп нүктенің орнына я әрпін қойып жаз:
Әр сөзде неше әріп, неше дыбыс бар екенін анықта.
3-жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаз.
4-жаттығу
Жақшаны ашып, тиісті сөзді қойып жаз.
VI. Сергіту сәті
Ормандағы аюдың, Құлпынайы көп екен. Теріп, теріп аламыз, Қалтамызға саламыз.
VII. Өзіндік жұмыс
Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
Нұсқаулық
- Суреттегі кейіпкерлерді атап шық.
- Оқиғаның орнын, уақытын және әрекетін сипатта.
- Кемінде бір сөйлемде я әрпі бар сөз қолдан.