Бүгін сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар

Пән: сауат ашу

Сабақтың тақырыбы
Ү дыбысы мен әрпі
Сабақтың түрі
Саяхат сабақ
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру
Көрнекіліктер
Кеспе әріптер, интерактивті тақта

Сабақтың мақсаты

1) Білімдік

  • Ү дыбысы мен әрпін таныту, берілген сөздерді оқуға және жазуға үйрету.
  • Ү дыбысының жіңішке дауысты дыбыс екенін түсіндіру.
  • Ү әрпінің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.
  • Мәтінмен жүйелі жұмыс жүргізу.

2) Дамытушылық

  • Ү дыбысына қатысты жаңа сөздер арқылы ой-өрісін және тілін дамыту.
  • Мәтінді түсініп оқуға, мазмұнын өз сөздерімен айтуға дағдыландыру.
  • Дүниетанымын кеңейту.

3) Тәрбиелік

  • Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
  • Сауатты, әдемі, көркем жазуға баулу.
  • Жазу каллиграфиясына мұқият көңіл бөлу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің сөзі

  • — Сәлеметсіздер ме, балалар!
  • — Көңіл күйлерің қалай?
  • — Сабаққа дайынсыңдар ма?
  • — Өте жақсы!

Психологиялық дайындық

Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық.

2) Өткенді қайталау

  • Сұрақ: Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
  • Жауап: Ө дыбысы.
  • Сұрақ: Ө дыбысы қандай дыбыс?
  • Жауап: Дауысты дыбыс.

Үлгі сөздер

өзен — Ө — өрік

Талдау

  • Ө дыбысының сөздің қай жерінде кездесетінін анықтау.
  • Ө дыбысына байланысты сөздер құрастыру.

3) Жаңа сабақ: «Ертегілер еліне саяхат»

— Балалар, сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме? Ендеше бүгін біз ертегілер еліне саяхат жасаймыз.

— «Бауырсақ» ертегісін білесіңдер ме? Онда мұқият тыңдайық.

Ертеде шал мен кемпір өмір сүріпті. Шал кемпіріне бауырсақ пісіртіп, оны суытуға терезе алдына қояды. Бауырсақ домалап қашып кетеді. Жолда оған тапсырмалар кездеседі.

Жұмбақ

Үйрек десе — бірінші,
Бүйрек десе — екінші.
Бұл қайсы әріп екенін,
Біреу айтып берсінші.

Жауап: Ү әрпі

Түсіндіру және айтылым

  • «Үйрек», «бүйрек» сөздерінде Ү дыбысы естіледі.
  • Ү дыбысын хормен айтқызу.
  • Ү — дауысты, жіңішке, қысаң, еріндік дыбыс.
  • Айтылуы: ерін алға созылады, тіл ұшы астыңғы тіске тиеді, иек көтеріледі.

Қолдану

Сөз басында: үйрек

Сөз ортасында: бүйрек

Қосымша мысал: күн

Ү дыбысының сөздің қай жерлерінде кездесетініне назар аударылады.

Қоянның тапсырмасы (ойлан тап)

Бауырсақ домалап келе жатып қоянға кездеседі. Қоян бауырсақты жегісі келеді. Бауырсақты құтқару үшін тапсырманы орындаймыз:

Тапсырма: Қай дыбыстық талдау қай суретке сәйкес екенін тауып, қарындашпен сәйкестендір.

Жарайсыңдар! Бауырсақты қояннан құтқардық.

Сергіту сәті

Қане, балалар, сәл демалып алайық.

Қасқырдың тапсырмасы (оқулықпен жұмыс)

Бауырсақ әрі қарай домалап кетеді. Алдынан қасқыр шығып, бауырсақты жегісі келеді. Олай болса, тапсырманы орындайық.

Тапсырма: Кеспе әріптерді алып, мұғалім айтқан сөздерден тез әрі дұрыс сөз құрастыру.

Өте жақсы! Бауырсақты қасқырдан да құтқардық.

Аюдың тапсырмасы (дәптермен жұмыс)

Бауырсақ орманда домалап келе жатып аюға кездеседі. Аюдың тапсырмасын орындаймыз.

Ү әрпін жазу

  • Ү әрпінің бас және кіші түрі бар.
  • Бас әріп сөйлемнің басында, адам аттары мен жер-су атауларында қолданылады.
  • Тақтадан бас және кіші әріптің жазылуын көрсету.
  • Ауада жазып көру.

Жазылым және талдау

  • Дәптерге Ү әрпінің бас және кіші түрін жазу.
  • Ү әрпіне қатысты сөздер айту және тақтаға жазу.
  • Сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Сергіту сәті

Бауырсақты аюдан құтқардық, енді өзіміз де бір сәт демалайық.

Түлкінің тапсырмасы (жұмбақ және әңгімелеу)

Бауырсақ әрі қарай домалап келе жатып түлкіге кездеседі. Түлкі өте қу, сондықтан бауырсақты құтқару үшін тағы бір тапсырманы орындаймыз.

Жұмбақ

Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады.

Жауап: Қарлығаш

Қарлығаш туралы әңгімелеу: ол қандай құс, оның пайдасы қандай, неліктен ұя салады?

4) Сабақты қорытындылау

  • — Бүгін біз қай ертегіге саяхат жасадық?
  • — Саяхат барысында не істедік?
  • — Қандай тапсырмалар орындадық?
  • — Ү дыбысы қандай дыбыс?
  • — Ол сөздің қай жерлерінде кездеседі?

Бүгін сендер сабаққа өте белсенді қатыстыңдар. Рахмет! Сау болыңдар.