Математикалық лото

Дайындап өткізген: 3-курс студенттері Күзенбай Б.Ғ., Ерденова Н.Е.
Әдіскер: Құлпейсова Н.Е.

«Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың технологиясы» машық кезіндегі іс-шара

Саран қаласындағы жалпы білім беретін №4 мектептің 8 «А» және 8 «В» сынып оқушыларымен сыныптан тыс жұмыс өткізілді.

Тақырыбы
«Математикалық сандық»
Сыныптар
8-сынып (8 «А», 8 «В»)
Сабақтың түрі
Сыныптан тыс жұмыс

Мақсаты

Білімділік

Оқушылардың сыныптан тыс жұмыс барысында математика пәнінен алған білімдерін жинақтау және толықтыру.

Дамытушылық

Ойлау қабілетін жан-жақты дамыту, зеректілігін қалыптастыру; белсенділігі мен қызығушылығын арттыру; танымдық және шығармашылық ізденістерін ұштау.

Тәрбиелік

Жауапкершілікке, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, татулыққа тәрбиелеу және тапқырлыққа баулу.

Көрнекіліктер

  • Интербелсенді тақта
  • Бүктеме қағаздар
  • Ұпай парақтары
  • Дәйексөздер: «Білімді азамат – ел ертеңі», «Адамның даңқы – оның ойлау қабілетінде», «Білегіңе сенбе – біліміңе сен»

Өтілу барысы

Кіріспе сөз (жүргізушілер)

Бақыт

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Назерке

Қайырлы күн, құрметті қонақтар! «Математикалық сандық» атты кешімізге қош келдіңіздер.

Бақыт

Әлемдік өркениетке ұмтылған тәуелсіз еліміздің басты құндылығы – білімді ұрпақ. Білімді азамат – ел ертеңі.

Назерке

Иә, еліміздің кемел келешегі – біздің қолымызда. Бүгінгі міндетіміз – түрлі пәндерді игеріп, терең білім алу. Соның ішінде ғылымдардың патшасы саналатын математика пәнінің орны ерекше. Әл-Фараби математика басқа ғылымдардан жоғары бағаланатынын айтса, Ломоносов «математика ақыл-ойды тәртіпке келтіреді, сондықтан оны оқу керек» деген.

Бақыт

Бүгінгі кеште 8 «А» және 8 «В» сынып оқушылары математика пәні бойынша білімдерін көрсетіп, сынға түседі.

Өлең жолдары

Көңілді тапқырлар, білгірлер
Бар білімін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Өмірде ойлап тұрсаң – бәрі де есеп,
Ауырсаң ішер тұғын дәрі де есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау,
Дүниенің бар тұлғасы – есеп десек.

Әділқазы алқасы

«Төрімізде отырар әділқазы алқасы. Сіздерден әділ шешімді күтеді бүгін баршасы.»

Әділқазы мүшелері:

____________________________________________

Сайыс кезеңдері

  1. Таныстыру
  2. Үй тапсырмасы
  3. Математикалық лото
  4. Сиқырлы таяқшалар
  5. Бәрі бір әріптен
  6. Жалғасын тап
  7. Сиқырлы әріптер
  8. Есепші дұрыс болса, есеп бұрыс болмас
  9. Формуланы білесің бе?
  10. Қорытынды

Сайысты бастау

Бақыт

Ендеше, бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.

Назерке

Мейірімді жүрекпен, ақ пейілді тілекпен амандасып алайық, бір жадырап қалайық — деп сайысқа қатысушы топтармен танысайық.

I кезең: Таныстыру

8 «А» сыныбы

Тобы
«..................................»
Ұраны
Сәлемдесуі

8 «В» сыныбы

Тобы
«.................................»
Ұраны
Сәлемдесуі

II кезең: Үй тапсырмасы

Бақыт

Екі топқа да алдын ала үй тапсырмасы берілген болатын. Тапсырма шарты: әр топ математика ғалымдарына байланысты қабырға газетін әзірлеп, оны қорғап, талдауы тиіс еді. Енді топ жетекшілерін ортаға шақырайық.

Ескерту: топ жетекшілері ортаға шығып, қабырға газеттерін қорғайды. Қай топ бірінші бастайтыны жеребе арқылы анықталады.

III кезең: «Математикалық лото» ойыны

Ойын шарты

Бұл кезеңге 12 карточка дайындалады: әр топқа 6 карточкадан беріледі. Карточкалардың сыртқы бетіне тұтас бір сурет салынады.

Топ жетекшісі карточкалардың біреуін таңдап алып, тапсырманы өз тобына оқиды. Оқушылар тапсырманы орындағаннан кейін, бір оқушы жауаптар таблосынан дұрыс жауапты тауып, жауабы жазылған торға карточканы беттестіріп жапсырады.

Барлық дұрыс жауаптармен табло жабылған кезде, карточкалардың сыртындағы сызықтар бірігіп, бір сурет құрастырылады.

Тапсырмалар үлгісі

  1. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу Жауабы: жанама
  2. Бір нүктеден таралған, екі сәуледен құралған фигура Жауабы: бұрыш