Екі өрнектің айырмасының квадратының ережесін айтыңдар

Тақырыбы

Екі өрнектің қосындысының және айырымының кубы формулалары

Оқу мақсаты

Оқу бағдарламасына сәйкес: қысқаша көбейту формулаларын білу және қолдану.

Сабақтың басы (2–4 минут)

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Сыныпты түгендеу.
  • Сабаққа дайындау: оқу құралдарын алу.

Қайталау: «Оқу — айна»

Әр түрлі деңгейдегі сұрақтар ұсынылады. Оқушылар кезекпен жауап береді, ал үй тапсырмасы сұрақ-жауап арқылы талданып, әр топ диалогқа тартылады. Оқушылар еске түсіреді және талдайды. Формулалар слайдта көрсетіледі.

ӘДІС

«Еркін микрофон» — оқушылар сұрақтарға қысқа әрі нақты жауап береді.

Сұрақтар (қайталау бөлімі)

Төмендегі сұрақтар оқушылардың қысқаша көбейту формулаларын еске түсіруіне және түсіндіруіне бағытталған.

  1. 1 Екі өрнектің қосындысының квадратының ережесін айтыңдар.
  2. 2 Екі өрнектің қосындысының квадратының формуласын жазыңдар.
  3. 3 Екі өрнектің айырмасының квадратының ережесін айтыңдар.
  4. 4 Екі өрнектің айырмасының квадратының формуласын жазыңдар.
  5. 5 Екі өрнектің айырмасы мен қосындысының көбейтіндісін табу ережесін айтыңдар.

Мұғалім туралы

Мұғалімнің аты-жөні
Сабырова Райхан
Материал
Екі өрнектің қосындысының және айырымының кубы формулалары (жүктеу)