Оқушыларды ананы ардақтай білуге тәрбиелеу
Тәрбие сағаты (7-сынып)
Бұл тәрбие сағаты оқушыларды ананы ардақтауға, ата-ананы құрметтеуге, елінің қамын ойлайтын саналы азамат болуға тәрбиелеуге бағытталған. Сонымен қатар ұлттық тәрбиені насихаттауды көздейді.
Тақырыбы
«Айналдым, ана деген үш әріптен»
Ана туралы жылы сөз, ізгі ой, құрмет пен ризашылықты терең сезіндіретін мазмұндағы тәрбие сағаты.
Тәрбие сағатының барысы
1) Ұйымдастыру
Сәлеметсіздер ме, оқушылар — қазақ елінің жарқын болашағы! Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын, бір-бірімізбен жақынырақ танысып, көңіл күйімізді көтеру үшін шеңбер ойынын ойнайық. Барлығымыз ортаға шығып, шеңбер құрайық.
«Шаттық шеңбері»
Мен сендерді көргеніме қуаныштымын!
Қуанамын мен де,
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге.
Неліктен біз сабақты шаттық шеңберінен бастадық? Шеңбер — әлемдегі жақсылықтың, бірліктің нышаны. Ендеше бір-бірімізге қарап, төмендегі ой-сұрақтарға жауап беріп көрейік.
2) Психологиялық сәт: «Жүректен — жүрекке»
Маған ең қымбат жан — ана. Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың күн нұры тастай мұзды да жібітеді.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы сезімді айқындайды: «Айналдым, ана деген үш әріптен».
3) Тақырыпты ашу: «Ана дегеніміз кім?»
Әр адамның өз анасына деген махаббаты шексіз. «Ана, ана, ана!» дегенде толқымайтын жүрек, тебіренбейтін жан жоқ. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, ең жақын, мағыналы да қастерлі сөз.
Адамның аузынан шығатын ең алғашқы сөз де — «ана». Адам баласы дүние есігін ашқанда, ананың ақ сүтімен бойына нәр алады; ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді.
Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды және оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау — өмір бойғы парызың.
Қай адам қолынан келген сый-құрметін жасамады дейсіз? Бірақ соның бәрі ананың бір ауыз жылы сөзіне тең келе бермейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы — ананың қолында.
Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.
Баланың бойындағы ең жақсы қасиеттер алдымен анадан тарайды.
Әдеп пен жан сұлулығы — ана жүрегінің жылуынан бастау алады.
Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аяулауы бізді әлдилеп жұбатады. Ана болу — бүкіл өмірге жететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек.
Дүниеде не жақсылық болса, соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралғандай. Анаға талай ақын жыр арнады, талай жазушы шығарма жазды. Ана — мәңгілік тақырып.
4) Ана туралы жыр
Анам менің — көктегі күнменен тең,
Анам менің — жауқазындай гүлмен тең.
Әлпештеген асыл анам болмаса,
Бұл өмірдің қадірін де білмес ем.
Жүзіңнен бір шаттық көрем, анашым,
Мен үшін қуанасың, нұрланасың.
Осы өмірге жеткізген өзің үшін,
Сен маған жыр анасың, нұр анасың.
Ана деген ұлы есімге ән мен жырын арнамаған жан кемде-кем. Ендеше, анаға арналған өлең жолдарына кезек берейік. Біздің оқушыларымыз аналарын қалай жырлайды?
Ана деген — бәйтерегі өмірдің,
Ана деген — қуанышы өмірдің.
Ана деген — әр үйдің жылуы,
Ана деген — гүлі туған өмірдің.
Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз,
Біз сіздерсіз өмірде жүре алмаймыз.
Егер біздің қасымызда болмасаңыз,
Бұл өмірде ешқашан жүре алмаймыз.
Сіздер — күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған.
Мектеп туралы мәлімет
Білім беру ұйымы
Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы
Сынып жетекшісі
Әли Г. Қ.