Жазу тобы Ара мен Шыбын жайлы Егер мен Шыбын болсам

Сайыс-сабақ

Сабақтың тақырыбы: О. Әубәкіров «Ара мен Шыбын»

Мақсаты

Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау.

Күтілетін нәтиже

  • Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істей алады.
  • Жақсы мен жаманды, жалқаулық пен еңбекқорлықтың айырмашылығын түсінеді.

Түрі

Сайыс-сабақ

Әдістері

Сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу, сахналау

Көрнекілігі

Автор портреті, суреттер, тірек сызба

Психологиялық ахуал

Сабақ басында оқушылар шеңберге жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі күнге сәттілік тілейді.

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Мағынаны тану

Шығармашылық тапсырмалар

1) Автор туралы қысқаша дерек

Оспанхан Әубәкіров (1934–1986) — Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы өнер институтының театр факультетін бітірген. «Қоңырау», «Бөдене», «Күлкіңіз келе ме?», «Анау мен Мынау», «Бір дорба» және т.б. жинақтардың авторы.

Сатирик — адамның бойындағы теріс қылықтарды сынап, мысқыл арқылы бейнелеп жазатын жазушы.

2) Үнтаспадан диалог тыңдау

«Ара мен Шыбын» диалогын үнтаспадан тыңдатып, кейіпкерлердің әрекеті мен мінезін анықтау.

3) Тірек сызба бойынша талдау

Мысалдың құрылымын, негізгі ойы мен тәрбиелік мәнін тірек сызба арқылы ашу.

4) Сурет бойынша мінездеме беру

Ара мен Шыбын бейнеленген сурет негізінде екі кейіпкерге мінездеме беріп, салыстырмалы сипаттама жасау.

«Кім мықты?» сайысы

Өнер тобы

Ара мен Шыбын рөлдерін бөліп алып, қанат атрибуттарын қолданып сахналайды.

Оқу тобы

Мысалдағы түйінді ойды анықтап, қысқаша тұжырымдап жазады.

Жазу тобы

«Егер мен Шыбын болсам…» тақырыбында эссе жазады.

«Кім ақын?» тапсырмасы

Үш топқа өлең жолдары бойынша ұйқас табу тапсырмасы беріледі. Жұмысты тез әрі дұрыс орындағандарға ұпай беріледі.

Келді араға Шыбын,

Жиып жатқан шырын,

Шақырды Шыбын қонаққа.

Ара келсе кешігіп,

Жатып қапты шешініп.

Қонақты дұрыс күтпепті,

Шыбынға ақыл жетпепті.

«Кім ұтқыр?» тапсырмасы

Оқушылар берілген сұрақтар бойынша ойларын жинақтап, пікірін дәлелдеп жауап береді.

  1. 1 «Қонақжай» дегенді қалай түсінесің?
  2. 2 «Қонақ» деген кім? Қонақтың қандай түрлері бар?
  3. 3 Қонақты ілтипатпен қарсы алу дегенді қалай түсінесің?

«Кім тапқыр?» тапсырмасы

Мысалдың мазмұны мен идеясына сәйкес мақал-мәтелдерді тауып, мәнін түсіндіру.

  • Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады.
  • Қонақ асыңа емес, қабақ-қасыңа риза.
  • Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

Қорытындылау

Шыбын мен Араның әрекетіне баға бере отырып, олардың мінез-құлқын кесте бойынша сипаттау және негізгі ойды нақтылау.

О. Әубәкіров туралы

Сатирик жазушы ретінде теріс қылықтарды мысқылмен әшкерелеп, тәрбиелік мәні бар шығармалар жазған.

Шыбын (қандай?)

  • Еріншек, ұқыпсыз
  • Қонақты дұрыс күтпейді
  • Жауапкершілігі төмен

Ара (қандай?)

  • Еңбекқор, талапты
  • Әдепті, қонақжай
  • Адал, үлгі боларлық

Талдау (анализ)

Тақырыбы
«Ара мен Шыбын»
Авторы
О. Әубәкіров
Жанры
Мысал
Кейіпкерлері
Ара, Шыбын
Негізгі идея
Ара сияқты еңбекқор, қонақжай, талапты, адал болу.
Қорытынды
Жалқаулықтан, еріншектіктен және жаман қасиеттерден аулақ болу.

Синтез: ситуациялық тапсырмалар

Әр топ ситуациялық жағдайларды талқылап, ортақ шешімін табады және оны сынып алдында қорғайды.

Пікірталас

«Ара мен Шыбынның іс-әрекеті дұрыс» және «іс-әрекеті дұрыс емес» деген ұстанымдар бойынша пікірталас ұйымдастырылады.

Үй тапсырмасы

Мазмұндау

Мысалды мазмұндап келу. Тапсырма күнделікке жазылады.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау: бағалау парақшасын толтыру.