Сабақ менің өміріме
Әдебиет • 9-сынып
Сабақ тақырыбы
Асан Қайғы: «Бұл заманда не ғаріп?» және «Есті көрсең, кем деме»
Сабақтың мақсаты
Топтық жұмыс арқылы ұлы жыраудың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, жырау өмір сүрген кезеңдегі тарихи-әлеуметтік жағдайды ашу.
Күтілетін нәтиже
Ынтымақтастықта жұмыс істеп, бірін-бірі оқыту арқылы есте сақтау дағдылары нығаяды және ойды жүйелі жеткізу қабілеті дамиды.
Түйінді идея
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.
Негізгі ой: адам жанының тереңінде жатқан асыл сөзді күйзеліс пен толғаныс оятады; сөздің салмағы — ойдың салмағы.
Әдіс-тәсілдер мен ресурстар
Әдіс-тәсілдер
- Тренинг («Жағымды сөз»)
- Венн диаграммасы
- Бес жолды өлең (синквейн)
- «Ұйқасын тап» тапсырмасы
- Еркін жазу стратегиясы
- Сатылай кешенді талдау
- «Автор орындығы»
Қолданылатын ресурстар
Ресурстар сабақтың әр кезеңінде оқушы белсенділігін арттыруға, пікір білдіруге және дәлелдеуге бағытталады.
Сабақ барысы
Сабақ құрылымы оқушының бастапқы білімін анықтаудан бастап, жаңа ақпаратты меңгерту, қолдану, қорытындылау және рефлексияға дейін кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Кіріспе
Сабаққа кіріспе және алдыңғы білімПсихологиялық ахуал
- Сәлемдесу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
- «Жағымды сөз» тренингі: шеңбер бойымен тұрып, бір-бірінің жақсы қасиетін айту
- Қолдау белгісі: «Үш шапалақ»
Ұйымдастыру
- Топқа бөлу: екілік санау жүйесі
- Топ басшысын сайлау
- Топ басшыларына бағалау парағын тарату
Үй тапсырмасын тексеру
A) Постер қорғау
Тақырыбы: «Жыраулар поэзиясы»
Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек»
B) Қосымша тапсырма
Асан Қайғының Жерұйықты іздеуі (5-сыныпта өткен білімді еске түсіру)
Қолдау белгісі: «Үш шапалақ»
Үй тапсырмасын бекіту: Венн диаграммасы
Түсінік
Жыршы
Ортақ белгі
Ұқсастығы
Түсінік
Жырау
Жаңа материалдың таныстырылымы
Түсіндіру • ТалдауАсан Қайғы туралы қысқаша мәлімет
Асан Қайғы (шын аты — Хасан Сәбитұлы, XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында өмір сүрген, нақты туған-өлген жылдары белгісіз) — қазақ жырауы.
Ол Алтын Орданың ыдырауы дәуірінде ғұмыр кешіп, алғашында Сарайда, кейін Қазанда Ұлығ-Мұхаммед ханның жанында болған. XV ғасырдың 50-жылдарында Дешті Қыпшаққа қайта оралып, Керей мен Жәнібек бастаған Қазақ хандығының ақылшы биі атанды.
Толғауларынан елдің Еділ, Жайық, Жем өңіріне қоныстануын қалағаны аңғарылады. Шоқан Уәлиханов оны көшпелі қазақ пен ноғай жұртының философы деп бағалаған.
Аңыздарда Асан Қайғы — халқының қамын жеген абыз-жырау. Ол елінің тыныш, бейбіт, бақуатты болуын аңсап, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» мамыражай қоныс — Жерұйықты іздейді. Желден жүйрік Желмаяға мініп, жердің түкпір-түкпірін аралап, көрген мекеніне баға береді. Жерұйықты таппай, ақыры Ұлытауға жеткенде дүниеден өтеді.
Сабақтағы жұмыс
- Оқушыларға Асан Қайғының екі толғауы таратылады
- I топ: «Бұл заманда не ғаріп?» (сатылай кешенді талдау)
- II топ: «Есті көрсең, кем деме»
- Бағалау: «Бармақпен бағалау»
Сергіту сәті
«Балапандар биі»
Жаңа материалды қолдану
Практика • Шығармашылық«Ұйқасын тап» тапсырмасы
Адамдықты толғап өткен бұрыннан,
Жырау деген — қасиетті …
Жерұйықты іздеп, дүниені шарлаған,
Асан Қайғы — неткен ғажап …
Қолдау
Бағалау элементі: «От шашу»
Синквейн (бес жолды өлең)
- 1Зат есім — 1 сөз
- 2Сын есім — 2 сөз
- 3Етістік — 3 сөз
- 4Сөйлем — 4 сөз
- 5Синоним
Қолдау белгісі: «Үш шапалақ»
«Еркін жазу» стратегиясы
Тапсырма: өзіңнің туған жеріңе Асан Қайғыша баға беріп көр. Әр қатар жазған тұжырымдарын өзара тексеріп, «Автор орындығына» бір жұмыс ұсынады.
Рефлексия
Қорытынды • Кері байланысСабақ соңында оқушылар жазбаша түрде төмендегі сұрақтарға жауап береді:
1) Бүгін мен білдім:
2) Маған қызық болды:
3) Маған қиын болды:
4) Мен үйрендім:
5) Сабақ менің өміріме берді: