Ондық бөлшектерді бөлудің алгоритмін меңгерту, білімдерін тиянақтау

Сабақтың тақырыбы

Ондық бөлшектерді бөлу (слайд)

Сабақтың мақсаты

  1. Ондық бөлшектерді бөлудің алгоритмін меңгерту және білімдерін тиянақтау.
  2. Ондық бөлшектерді бөле білуге үйрету, тақырып бойынша практикалық жұмыстар орындату.
  3. Оқушыларды ауызша есептеуге және өз бетінше еңбектенуге баулу.

Жаттығулар

Төмендегі тапсырмалар есептеуді жылдамдатуға және ондық бөлшектермен амалдарды сенімді орындауға көмектеседі.

«Гонки-лабиринт» тапсырмалары

Есеп

40,5 × 0,2 = 8,1

Белгі: Б

Есеп

24,12 : 6 = 4,02

Белгі: О

Есеп

2,2 × 0,1 = 0,22

Белгі: Ш

Бөлімі

Шабарман

2,72 км қашықтықты шауып өтуі керек. Егер оның жылдамдығы 0,8 км/сағ болса, бұл қашықтықты қанша уақытта жүріп өтеді?

Ондық бөлшектерді бөлу алгоритмі

Ондық бөлшектерді бөлу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.

Мысал

12,096 : 2,24 = 1209,6 : 224

  1. Бөлгіште қанша ондық таңба болса, бөлінгіш пен бөлгіштегі үтірді оңға қарай сонша орынға жылжытыңыз. (Мысалда бөлгіште 2 ондық таңба бар, сондықтан үтір 2 орынға жылжиды.)
  2. Үтір жылжытудан кейін шыққан натурал сандарды әдеттегі тәсілмен бөліңіз.

Есте сақтаңыз

Үтірді жылжыту — бөлгішті натурал санға айналдырудың ең ыңғайлы жолы. Содан кейін бөлу стандартты ережемен орындалады.