Назарбаевтың сөзі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы

№100 орта мектебінің жоғары санатты мұғалімі: Қамбарова Сағира Лаубайқызы

Діни әңгімені оқыту

Сабақтың мақсаты

а) Білімділік

Оқушыларға Құран Кәрім, аят-хадистердің мәні, дүниеге Смайылдың келуі, Әби Зәмзәм суының шығуы, Алла Тағаланың шапағаты мен шексіз мейірімділігі туралы мәлімет беру. Әңгімені оқытып, кейіпкерлер туралы пікір қалыптастыру.

ә) Дамытушылық

Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту; жазу арқылы сөздік қорды молайту; логикалық ойлау қабілетін, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру. Тақырыпқа қызығушылықты, шығармашылық белсенділікті және танымдық дербестікті арттыру.

б) Тәрбиелік

Әңгіменің мазмұны негізінде имандылық сезімін ояту; мейірімділікке, адамгершілікке, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасы
  • Кубизм
  • Іздену, талдау
  • Сұрақ-жауап
  • Мәнерлеп оқу
  • Шығармашылық жұмыс

Сабақ сипаттамасы

Типі
Білімді жүйелеу, жинақтау
Түрі
Иман-өнеге сабағы
Көрнекілігі
Интерактивті тақта; Құран Кәрім бейнесі бар тақта; Зәмзәм суы шыққан жері бейнеленген материалдар; нәресте Смайыл, Мекке–Мәдина суреттері; Әбсаттар қажы Дербісәлі суреті; газет қиындылары.
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, тарих, бейнелеу өнері, дінтану

Сабақ фазалары

  1. 1-фаза

    Қызығушылықты ояту

  2. 2-фаза

    Мағынаны ажырату

  3. 3-фаза

    Ой толғаныс

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сабақ мақсатымен таныстыру.
  2. Оқушының зейінін сабаққа аудару.
  3. Қызығушылықты ояту.

Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)

  • 1) Адам ата қалай жаратылды?
  • 2) Періштелер неге уағыз айтты?
  • 3) Алла Тағала адамды қалай жаратты?
  • 4) Оның есімі кім?
  • 5) Адам ата мен Хауа ананы кім азғырды?
  • 6) Алланың ібіліске берген жазасы қандай болды?

Ой қозғау

Н. Назарбаевтан дәйексөз

«Саясат күнде өзгереді, ал дін — мәңгілік. Біздің тегіміз — түрік, дініміз — ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін Қасиетті кітап — Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауға тиіспіз».

Мәтінмен жұмысқа арналған жоспар

Оқушы мәтінді тыңдай отырып, жоспар тармақтарымен салыстырып отырады.

  1. 1) Ибраһим – Сара – Ажар арасындағы жағдай
  2. 2) Бала үшін Ажарға үйленуі
  3. 3) Нәрестенің дүниеге келуі
  4. 4) Қызғаныш
  5. 5) Ибраһимнің әйелінің айтқанын орындауы
  6. 6) Ибраһим пайғамбардың зары
  7. 7) Ажардың күйзелісі
  8. 8) Баланың өкшесі астынан судың шығуы
  9. 9) Зәмзәм суы
  10. 10) Ажардың Аллаға ризашылығы

Топтау әдісі: «Зәмзәм» ұғымына ассоциация

«Смайыл» әңгімесінің жалғасы ретінде Зәмзәм суының шығу тарихын талдап, топтау әдісі арқылы ассоциация жасату.

Мағынаны ажырату: «Кубизм» стратегиясы

1) Зерттеңіз

Әңгіме мазмұнындағы негізгі оқиғаларды анықтап, себеп-салдарын талдаңыз.

2) Суреттеңіз

Кейіпкерлерге мінездеме беріңіз: Ажар мен Сараның іс-әрекеттерін сипаттаңыз.

3) Салыстырыңыз

Әңгімедегі әйелдер бейнесін салыстырыңыз: ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңыз.

4) Рөлдік көрініс

Әңгімеден ұнаған эпизодты таңдап, рөлге бөліп ойнап көрсетіңіз.

5) Нақыл сөздер

Шыдамдылық пен төзімділік туралы нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер жазыңыз.

6) Пікір білдіріңіз

«Қазіргі әртүрлі діни ағымдарға қалай қарайсыз?» сұрағына пікіріңізді дәлелдеп, қолдаңыз немесе қарсы шығыңыз.

Ой толғаныс: шығармашылық жұмыс

Әңгіменің әсер еткен тұстары бойынша шығармашылық тапсырма орындау.

Бекіту (топтау әдісі)

  • «Адалдық пен адамдық жол Құраннан басталады»
  • «Дінімізге адал болайық»

Рефлексия

Сабақтан нені білдіңдер? Қандай ой түйдіңдер?

Қорытынды

Сабақ соңында тақтадағы Меккедегі қасиетті мешіттің бейнесі көрсетіліп, әңгіменің түйінді ойлары жинақталады.

Нәтиже

Алла Тағаланың рақымымен тәуелсіздік пен еркіндікке қол жеткізген бүгінгі ұрпақ өзін Алланың құлы екенін сезініп, иманға бет бұрды. Республика көлемінде облыс, аудан, ауыл деңгейінде мешіттер салынуда.

Үй тапсырмасы

  • Әңгімені оқу.
  • М. Мақатаевтың дін туралы қысқа шумақ өлеңін жаттау.