Сөйлеміне сәйкес сызбаны тауып көр

Сауат ашу · 1-сынып

Сабақ тақырыбы: «Оқушымын мен енді!» — Сөйлеу

Бұл сабақта оқушылар сөйлеудің маңызын түсініп, түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды сақтай отырып ойларын анық жеткізуге жаттығады. Әңгіме мен ертегіні тыңдап, оқиға желісін болжайды және талқылайды.

Оқу мақсаттары

  • 1.4 — Оқиғаны болжау.

  • 1.5 — Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану.

Барлығы

Сөйлеу туралы негізгі ұғымдарды түсінеді.

Көбі

Жаңа білімге байланысты мысалдар келтіре алады.

Кейбірі

Анық әрі толық сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін дәлелдей алады.

Жетістік критерийлері

  • Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

  • Ойын нақты жеткізу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.

  • Әңгімелер мен ертегілерді тыңдап, оқиға желісін талқылайды.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба, таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

оқушы ученик learner

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

5 минут

Таңғы (ертеңгілік) шеңбер: оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірімен «Сәлем!» деп амандасады.

Мұғалім оқушыларды сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Сабақтың ортасы

№1 Оқулық тапсырмасы

Суретке назар аудар. Бұл қандай бөлмелер? Олар қайда орналасқан?

№2 Тапсырма

Сызбаның көмегімен сұрақтарға жауап бер: Сынып бөлмесінде кімдер отыр? Олар не істеп отыр?

№3 Тапсырма

Өлеңді мұқият тыңда.

Сергіту сәті

Еркін ұста денеңді,

Тарсылдатпай еденді.

Орнымыздан тұрып ап,

Жүгірейік бір уақыт.

Бір, екі, үш, бір, екі, үш.

Аяқты алға созайық,

Тік көтеріп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық,

Алға қарай озбайық.

Бір, екі, үш, бір, екі, үш.

Дәптермен жұмыс

«Оқушымын мен енді!» сөйлеміне сәйкес сызбаны тауып көр.

Мұғалім туралы

Мұғалім: Салманова Тұмар Рахымбаевна