Шертер аспабына анықтама бер
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Оқу орны
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектеп
Мұғалім
Прназаров Дауиржан Аманғалиевич
Сынып / Пән
9-сынып / Технология
Сабақ тақырыбы
Шертер аспабын жасау технологиясы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды шертер аспабын жасау технологиясының әдістерімен таныстырып, бұйым жасауды үйрету.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, іскерлікке және тазалыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
Қауіпсіздік ережелерін тиімді қолдану арқылы шертер жасау технологиясымен дұрыс жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі / типі
Дәстүрлі сабақ / Аралас сабақ
Әдістер
Түсіндірме, практикалық жұмыс; интерактивті әдістер, СТО тәсілдері
Көрнекіліктер
Слайдтар, интерактивті тақта, бейнеролик, сызба, суреттер
Құралдар
Ара, қашау, егеу, зімпара және т.б.
Пайдаланылған әдебиеттер
- «Технология» пәні, 8–9 сынып оқулықтары.
- Е. Дүйсенов, А. Балғожаев. Оқыту үрдісіндегі танымдық және шығармашылық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану. Қызылорда, 2006 ж.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Сынып тазалығын тексеру.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- «Қылқобыз жасау технологиясы»: оқушы өз қолымен жасаған бұйымын таныстырады.
- Жеке оқушымен жұмыс: зерттеу жұмысы.
III. Үй тапсырмасын бекіту
Суретпен жұмыс (сұрақ-жауап арқылы өткен тақырыптың меңгерілу деңгейін анықтау).
1) Қобыздың қанша түрі бар?
Тоғыздан астам.
2) Қобыз неше бөліктен тұрады?
10.
3) XIX ғасырдың соңында Жетісу өңірінен табылған қобыз?
Нар қобыз.
4) Қылқобызға анықтама бер.
Қазақтың шанағын тізеге сүйеп, ысқымен тартылатын екі ішекті өте көне саз аспабы.
5) Домбыра, қобыздың кәде сыйлық түрінің басы мен түбі ағаш діңінен бірігіп ойылатын бұйымның биіктігі шамамен қанша?
140–150 мм.
6) Жіңішке имек ағаштан, жылқының құйрық қылынан жасалатын, екі ішегі аздап есіліп өңделетін аспап?
Ысқыш.
Қылқобыздың нақтылы өлшемдері (кесте мазмұны)
Жалпы ұзындығы
670 мм
Шанағының диаметрі
60 мм
Мойнының ұзындығы
220 мм
Қобыз түбінің ұзындығы
200 мм
Қобыз алақанының ұзындығы
90 мм
Шанақтың жалпы жалпақтығы
180 мм
IV. Жаңа сабақ: шертер аспабын жасау технологиясы
Шертер — қазақ халқының үш ішекті көне музыкалық аспабы. Оның мойны қысқа, шанағы қақпақсыз ашық болады. Ежелгі нұсқасында жылқы қылынан жасалған ішектер тағылған.
Өнер зерттеушісі Б. Сарыбаев шертердің көне үлгісін поляк саяхатшысы Б. Залесскийдің 1865 жылы Парижде басылған альбомынан тапқан. Б. Сарыбаев бұл аспапты қазақтың музыкалық мұрасына сүйене отырып қайта жаңғыртып қана қоймай, жетілдірілген түрін жасап, оркестр құрамына енгізді.
Қазіргі шертер түпнұсқаның жалпы бейнесін сақтай отырып, заманауи өңдеуден өтіп, кең таралған. Құрылысы домбыра пішініне ұқсас. Жалпы ұзындығы — 675 мм.
Шертердің негізгі бөліктері
Шертер 15 негізгі бөліктен тұрады:
- алақан
- құлақтары
- мойны
- ішектері
- қақпағы
- тиегі
- өкше тиек
- ілгегі
- шанаққа тартылған көнтері
- табалдырық тиек
- қосымша мойын беті
- шанақтың астыңғы бөлігі
- шанақ
- көнтерінің қайырылған шетіне желімделген шпон ағашы
- үн тесіктері
Қаптау ерекшелігі
Шанақтың 80 мм бөлігі қақпақпен, ал қалған 160 мм бөлігі көнтерімен қапталады.
Пернелер мен қосымша мойын
Қосымша мойынға тағылатын пернелер саны — 19 (домбырадағы перне санына сәйкес). Қосымша мойын беті 3–4 мм қалың қатты ағаштан жасалады. Өлшемі: 25×30 мм, ұзындығы — 330 мм.
Өлшемдер (құрама түрі)
Шанақтың жалпы жалпақтығы
210 мм
Шанақ түбінің жалпақтығы
140 мм
Бұл өлшемдер шертердің құрама түріне қатысты. Дегенмен аспапты тұтас шауып жасауға да мүмкіндік бар. Негізгі өлшемдері сақталып, сыртқы пішіні әртүрлі нұсқада орындалуы мүмкін.
Уақыт нормасы
Бұл аспаптың макетін бір оқушы шамамен 20 сағат ішінде жасап шығара алады.
Қызығушылықты ояту
- Интерактивті тақта арқылы шертер туралы бейнеролик көрсету.
- Талқылау: шертердің домбырадан қандай айырмашылығы бар?
- Оқушыларды қызықтырған сұрақтарды жинақтап, қысқаша пікір алмасу.
Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Жарақат алу көбіне саймандарды дұрыс таңдамаудан немесе құралдарды дұрыс пайдалана алмаудан болады. Сондықтан әр кезеңде тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтау міндетті.
Жұмысқа дейін
- Арнайы жұмыс киімін ки (фартук, халат).
- Қажетті құрал-саймандарды түгелдеп, мұқият тексер.
- Жұмыс орнын және саймандарды ережеге сай орналастыр; артық зат қалдырма.
Жұмыс кезінде
- Дайындаманы верстакқа мықтап бекіт.
- Әр амалды өзіне тиісті сайманмен орында; сайман өткір әрі зақымсыз болсын.
- Нұсқау карта бойынша қажетті құралдарды дұрыс қолданып жұмыс жаса.
- Жұмыс орнын үнемі жинақы ұста.
- Жұмыс кезінде алаңдама.
- Құрал бүлінсе, міндетті түрде ауыстыр.
Жұмыстан кейін
- Жасалған бұйымды және материалдарды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.
-
Жұмыс орнын ретке келтір:
- Қолмен сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды.
- Верстактың қысқыш қораптарының арасын 2–5 мм етіп қалдыр.
- Өзіңді ретке келтір.
- Шеберханадан мұғалімнің рұқсатымен шық.
Сарамандық жұмыс (жеке жұмыс)
Жұмыс киімі
Фартук, жеңқап
Қажетті материалдар
Ағаш өңдеуге арналған құралдар жиынтығы
Жұмыстың мақсаты
Шертер туралы білімді бекіту; макет жасау әдістерімен танысу; сызба орындауда симметрияны сақтау; дағды мен шеберлікті дамыту; шығармашылық белсенділікті қалыптастыру.
Орындалу реті
- Қауіпсіздік техникасы бойынша ағымдағы нұсқама өткізу және жұмыстың ретін түсіндіру.
- Технологиялық карта бойынша шертер аспабының дайындамасын әзірлеу.
- Алдын ала құрастырылған технологиялық картаға сүйеніп, шертердің кез келген нұсқасын жасау.
V. Жаңа сабақты бекіту
«Пайымдау сұрақтары» әдісі: сабақ соңында мұғалім оқушыларды ой-толғанысқа жетелейтін сұрақтар қояды. Бір сұраққа бірнеше оқушы жауап беруі мүмкін.
Рефлексияға арналған сұрақтар
- Сабақта не маңызды болды?
- Не қызық болды?
- Жаңадан не білдіңдер?
- Не үйрендіңдер?
Нақты сұрақтар (қысқа жауап)
Шертер аспабына анықтама бер.
Қазақ халқының үш ішекті көне музыкалық аспабы.
Шертердің жалпы ұзындығы қанша?
675 мм.
Шертердің қосымша мойнына тағылатын пернелер саны қанша?
19.
Оқушы шертерді шамамен неше сағатта жасап шыға алады?
20 сағат.
Шертер қандай бөліктерден тұрады?
Негізгі 15 бөліктен тұрады (алақан, мойын, шанақ, тиек, ішек, үн тесіктері және т.б.).
VI. Бағалау
Оқушылардың практикалық жұмыс барысындағы қауіпсіздік ережесін сақтауына, технологиялық картаны ұстануына және орындалған жұмыстың сапасына қарай бағалау жүргізіледі.
VII. Үй тапсырмасы
Тапсырма
- Шертер макетін ажарлап шығу.
- Гуашьпен өрнек салу немесе қабыршақтан ою жасау.
Талдау тәсілі
Мұғалім оқушылармен бірге үй тапсырмасының мазмұнын талдайды: жаңа материалды жақсы түсіну үшін тапсырма қандай болуы керек және оны орындаудың тиімді жолдары қандай?