Алгебра 7 сыныпСабақтың тақырыбы

Алгебра (7-сынып)

Бекіту сабағы Флипчарт

Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің квадраттарының айырымы. Бұл сабақта екі өрнектің айырмасын олардың қосындысына көбейту тәсілі бекітіледі және есеп шығаруда тиімді қолдану дағдысы қалыптастырылады.

Сабақтың мақсат-міндеттері

I. Білімділік

Екі өрнектің айырмасын олардың қосындысына көбейтуге қатысты білік-дағдыларын қалыптастыру және бұл тәсілді есептерді шешу кезінде тиімді қолдануға үйрету.

II. Тәрбиелік

Оқушыларды шыдамдылыққа, дәлдікке, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, ұжымшылдыққа және достыққа тәрбиелеу.

III. Дамытушылық

Өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау мен шығармашылық қабілетті дамыту, пәнге қызығушылықты арттыру.

Сабақтың ұйымдастырылуы

Педагогикалық технологиялар

  • Ынтымақтастыққа негізделген оқыту
  • Топтық жұмыс

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Ойын элементтерін қолдану

Оқыту құралдары

  • 1 Оқушының бағдар беті
  • 2 Математикалық диктант
  • 3 Карточкалар
  • 4 Сабақ толық жазылған флипчарт