Осымен сайысымыз аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет

Зерде интеллектуалды ойыны

«Зерде» — 6–7-сынып оқушылары арасында өтетін информатикаға арналған интеллектуалды сайыс. Ойын білімді жүйелеуге, логикалық ойлауды дамытуға, командалық рух пен өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға бағытталған.

Мақсаты

Білімді сайысқа салу, жан-жақты болуға ынталандыру, логикалық ойлау мен тапқырлықты дамыту, дарынды оқушыларды қолдау.

Түрі

Командалық сайыс

Көрнекілігі

Экран, тапсырмалар, карточкалар

Кіріспе сөз

Армысыздар, бүгінгі сайысымызға жиналған информатиканы сүйетін қауым! Бүгін 6–7-сыныптар арасында өтетін «Зерде» интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер!

Тауды биік деме сен — талаптансаң шығарсың.
Жауды мықты деме сен — білімді болсаң жығарсың.

Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едің талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділ қазым,
Еңбегін тапқырлардың әділ сына.

Ендеше, сайыскерлерді қошеметпен ортаға шақырып, әділқазылар алқасын таныстырайық.

Сайыс бөлімдері

  1. 1) Таныстыру

    Командалар өз атауын, ұранын және мүшелерін таныстырады. Көрермен қолдауы — ойынның ажарын ашады.

    I топ

    Ұраны:

    II топ

    Ұраны: Біліммен алға самғаймыз!

    Ойланайық азырақ, уақытымызды үнемдеп: кім шығады кәнеки, жауабын «білім» деп?

  2. 2) Бәйге

    Бұл бөлімде 10–30 ұпайлық сұрақтар беріледі. Команда ұпай ұяшығын таңдап, сұраққа жауап береді:

    • Дұрыс жауап берсе — таңдаған ұпайды алады.
    • Жауап бере алмаса — келесі команда жауап беріп, таңдалған ұпайдан 10 ұпай кем алады.

    I топ — сұрақтар

    1-сұрақ: Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
    Жауабы: жүйелік блок, монитор, пернетақта.
    2-сұрақ: Компьютердің ең басты бөлігі (миы)
    Жауабы: процессор.
    3-сұрақ: Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы
    Жауабы: пернетақта.
    4-сұрақ: Алғашқы электронды есептеуіш машинаның шыққан жылы және атауы
    Жауабы: 1946 жыл, ENIAC.

    II топ — сұрақтар

    1-сұрақ: 1761 жылы логарифм сызғышын жасаған ағылшын ғалым
    Жауабы: Ч. Бэббидж.
    2-сұрақ: Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі
    Жауабы: интерфейс.
    3-сұрақ: Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым
    Жауабы: информатика.
    4-сұрақ: 1 Мбайт неге тең?
    Жауабы: 1024 Кбайт.
  3. 3) «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал»

    Логикалық тапсырмалар суреттер мен сәйкестендіру арқылы беріледі.

    1-тапсырма

    Көкек — 41, мысық — 3, әтеш — 8, есек — 2, бақа — 3. Ит — ?

    2-тапсырма

    Есепті калькуляторсыз және қағазға жазбай, ойша шығарып көріңіз: 1000 + 40 + 1000 + 30 + 1000 + 20 + 1000 + 10 = ?

  4. 4) «Білгенге маржан» — жұмбақтар

    Информатикаға қатысты жұмбақтарды шешу арқылы құрылғылар мен ұғымдарды еске түсіреміз.

    Жұмбақ 1

    Жануарға ұқсас атым бар,
    Бағдар көрсетер затым бар.
    Кілемше үстінде тұрамын,
    Ең қажетті құралмын.

    Жауабы: тышқан (mouse)

    Жұмбақ 2

    Қанша тетік тізілген,
    Саусағыңды сезінген.
    Барлық сенің ойыңды
    Компьютерге енгізген.

    Жауабы: пернетақта (keyboard)

    Жұмбақ 3

    Компьютерден енеді,
    Қағазға басып береді.

    Жауабы: басып шығарғыш (printer)

    Жұмбақ 4

    Экранның бетінде оның тұрағы,
    Қашан болсын жыпылықтап тұрады.

    Жауабы: меңзер (cursor)

    Жұмбақ 5

    Өзі темір, жаны жоқ.
    Ақпаратты сақтап, таратқан,
    Жұртты өзіне қаратқан.

    Жауабы: компьютер (computer)

    Жұмбақ 6

    Барлық сурет, мәтінді
    Компьютерге енгізген.
    Керек емес жерін де
    Компьютерден өшірген.

    Жауабы: мәтіналғы (сканер, scanner)

  5. 5) Құрастырма сурет

    Бұл бөлімде қатысушылар бөлшектенген суреттерді құрастырып, жылдамдық пен дәлдікті көрсетеді.

Қорытынды

Осымен «Зерде» интеллектуалды ойынымыз аяқталды. Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Сайысқа белсенді қатысқандарыңызға және ықыласпен тыңдағандарыңызға рахмет!