Қазір қай айы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Білім беру саласы

Таным, әлеуметтік орта.

ҰОІӘ бағыты

Қоршаған ортамен танысу, экология.

Тақырыбы

Менің Отаным — Қазақстан!

Мақсаты мен міндеттері

Балалардың Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру; өз елін құрметтеуге тәрбиелеу.

  • Қазақстан Республикасының жер көлемі туралы түсінік қалыптастыру.

  • Елімізде өндірілетін пайдалы қазбалардың қай өңірлерден алынатыны туралы білім беру.

  • Мемлекеттік рәміздерді (ту, елтаңба, әнұран) тануды және атауды бекіту.

  • Сөздік қорын молайту, ой-өрісін дамыту, дұрыс әрі анық сөйлеуге жаттықтыру.

Шаттық шеңбері

Өлең жолдары

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге —

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, қанекей, бәріміз

Сәлем дейік үлкенге!

Тапсырма

Үлкендермен үш тілде амандасу.

Нәтиже

Балалардың қарым-қатынас мәдениеті нығаяды, көптілділікке қызығушылығы артады.

Әңгіме және сұрақ-жауап

Көктем туралы

Сұрақ

Қазір қай мезгіл?

Жауап

Көктем мезгілі.

Сұрақ

Көктемде неше ай бар? Қазір қай ай?

Жауап

Көктемде 3 ай бар. Қазір мамыр айы.

Сұрақ

Мамыр айында қандай өзгерістер болады?

Жауап

Күн жылынады, жер бусанады, өсімдіктер өсіп, гүлдер құлпырады.

Төл көбейіп, мал өріске шығады.

Құстар ұя салып, балапан шығарады.

Мамыр — көктемнің ең көркем шағы.

Мұғалімнің қорытындысы

Жарайсыңдар, балалар! Өте жақсы жауап бердіңдер.

Отан туралы әңгіме

Сұрақ

Біз қай елде тұрамыз?

Жауап

Қазақстан Республикасында.

Қазақстан Республикасы — біздің Отанымыз. ОтанРодина.

Отан туралы тақпақтар

З. Темірлан

Отан — тарих, Отан — тіл,

Жасаған елің, ер халқың.

Отан — өлкең, Отан — жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Сабина

Байтақ дала — туған жердің,

Қымбат маған әр тасы.

Өзен-көлі, самал желі,

Асқар тауы — баршасы.

Аружан

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем —

Осы менің туған өлкем.

Ойын: «Жалғасын тап»

Мақал-мәтелдің басын мұғалім айтады, балалар жалғастырады. Бұл ойын Отан ұғымын тереңірек түсінуге көмектеседі.

Мақал-мәтелдер

  • Отан — оттан да ыстық.
  • Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
  • Отан — елдің анасы.
  • Отан үшін отқа түс — күймейсің.
  • Отаным — алтын бесігім.

Дағды

  • Есте сақтау және шапшаң жауап беру
  • Тіл байлығын дамыту
  • Отанға деген құрметті нығайту

Сюжеттік бөлім: «Саяхатшы қонаққа келді»

Жағдаят

Есік қағылып, қолында Қазақстан Республикасының картасы бар саяхатшы кіреді:

«Мен өмір бойы жер шарын аралап жүрмін, бірақ сендердің елдеріңде болып көрмеппін. Еліңнің жері мен қалаларын білгім келеді. Маған көмектесесіңдер ме?»

Балалардың жауабы: «Иә!»

Картамен жұмыс

  • Бұл — біздің туған Отанымыздың, тәуелсіз әрі егемен еліміздің Қазақстан Республикасының картасы.
  • Қазақстан жері кең, табиғаты әсем: ормандары, көлдері, таулары бар.
  • Елімізде көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді.
  • Әр өңірдің өз ерекшелігі және пайдалы қазбалары бар. Енді қалаларға тоқталып, қай жерде қандай байлық бар екенін қарастырамыз.