Қамбар ата ұрпағы, Жылқы малы киелі
Білім беру саласы
Шығармашылық
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Жапсыру
Тақырып
Ұлттық тағам — ырысым
Мақсаты
- Ұлттық тағамдар арқылы олардың қандай еңбекпен жасалатынын, қалай алынатынын және түрлерін түсіндіру; құндылықтарды дәріптеп, тағамға деген сүйіспеншілікті арттыру.
- Балаларды ұлтжандылыққа, көргенділікке, шапшаңдыққа, терең ойлауға және жан-жақтылыққа тәрбиелеу.
- Ұқыпты жұмыс істеуге баулу, жапсыру дағдыларын дамыту.
Сабақтың әдістері
- Жапсыру
- Сұрақ-жауап
- Түсіндіру
- Көрсету
Көрнекіліктер
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбиеші балаларға сабақтың басталғанын хабарлап, назарларын сабаққа аударады:
Тәрбиеші:
Ал, балалар, бүгінгі іс-әрекетімізді бастаймыз. Барлығымыз маған қараймыз.
Салтын сүйген баламыз,
Жұлдыздардай жанамыз.
Ұлттың асын ардақтап,
Үйрену жолын табамыз.
Бүгінгі тақырыбымыз: «Ұлттық тағам — ырысым».
Шаттық шеңбері
Балалар қол ұстасып, бірлесіп айтады:
Қазақ ұлты — дарамыз,
Өсіп келеді санамыз.
Жылуыңа жылу қос,
Болашаққа бірге барамыз.
Одан кейін балалар орындарына жайғасады.
Төрт түлік және өнімдері
Интерактивті тақтадан төрт түлік малдың суреттері көрсетіледі: түйе, қой, жылқы, сиыр. Тәрбиеші балалардан олардың аттарын және қандай өнім беретінін сұрайды.
1-бала
Түйе өнімі бағалы,
Айран, сүзбе, шұбаты.
Уыз дәмі тым тәтті,
Есіңе түсер шын аты.
2-бала
Бал мен қаймақ дәмі бар,
Таңдайыңда қалады.
Балқаймақты, құртты да,
Түйе сүтінен алады.
3-бала
Қамбар ата ұрпағы,
Жылқы малы киелі.
Жылқы сүтінен алынған,
Қымызды бәрі сүйеді.
4-бала
Қойдың сүті қорғасын,
Құнарлы ол болғасын,
Ірімшік өнімін беретін,
Қошқар атам қолдасын.
5-бала
Төрт түліктің бірі — ол,
Бізге берер өнімі мол.
Қаймақ, ірімшік, қатықты
Сиыр малынан алып көр.
6-бала
Қазы-қарта, жал-жая,
Бұжы, қуырдақ тағы бар.
Пейілі кең қазақтың
Дастарханынан табылар.
7-бала
Ақ бауырсақ шашылып,
Құшағымыз ашылып.
Нан атасы — ақ бидай.
Тәрбиеші:
Өте жақсы! Сендер ұлттық тағамдардың түрлерін де, қайдан алынатынын да жақсы біледі екенсіңдер. Енді мен қысқаша толықтырып өтейін.
Ұлттық тағамдар туралы қысқаша мәлімет
Балқаймақ
Түйе сүтінен немесе айраннан пісірілетін тағам.
Құрт
Ашытылған сүттен жасалатын тағам.
Шұбат
Түйе сүтінен ашытылып дайындалатын сусын.
Ежегей
Жаңа төлдеген малдың уызына қант қосылып пісірілетін тағам.
Айран
Сүттен дайындалатын сусын.
Қымыз
Жылқы сүтінен алынып ашытылатын сусын.
Ірімшік
Сиыр сүтінен дайындалатын тағам.
Бұжы
Малдың іш майына ұн қосып, ішекке салып пісірілетін тағам.
Қазы
Жылқы етін тұз, бұрыш қосып ішекке салып пісірілетін тағам.
Қуырдақ
Төрт түлік етінен май қосып дайындалатын тағам.
Бауырсақ
Ұн мен майдан пісірілетін, ұлттық дастарханның берекесі саналатын тағам.
Қазы-қарта
Жылқы етінен жасалатын дәстүрлі ас түрлері.
Ескерту
Балалармен жұмыс барысында тағам атауларын дұрыс айтуға, олардың қайдан алынатынын ажыратуға және ұқыптылыққа ерекше мән беріледі.
Дидактикалық ойын: «Затты орнына сал»
Балаларға тапсырма беріледі: берілген ыдыстарға құрт пен балқаймақты бөлек-бөлек орналастыру. Құрт — бір ыдысқа, балқаймақ — екінші ыдысқа салынады. Балалар жұмысқа кіріседі.
Қайталау және бекіту
Тақтаға ұлттық тағамдардың суреттері ілінеді. Балалар суреттерге қарап, атауларын қайталап айтады және қайдан алынатынын еске түсіреді.
Бата-тілек
Дастарханымызға береке берсін,
Бастарымызға мереке берсін.
Астарымызға адалдық берсін,
Елімізге амандық берсін.
Әумин!
Қорытынды
Балалар ыдыстағы дәмнен қонақтарға ұсынып, сабақ қорытындыланады. Тәрбиеші балаларды белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, қонақтардың да риза болғанын жеткізеді.
Рахмет!