Қазақ тілі пәнінен жаңа әдіс тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру
Орта мерзімді жоспар туралы
Бұл орта мерзімді жоспар қазақ тілі пәні бойынша 3-сыныпқа арналған және бір оқу жылына жоспарланған. Жоспар 1–4-сыныптарда оқыту орыс тілінде жүргізілетін негізгі мектептерге арналған оқу бағдарламасына негізделген (Астана, 2014).
Оқулық
«Қазақ тілі» (2014)
Авторлары: А. Қайырбекова
Баспа: «Атамұра»
Оқу жылы
2014–2015 оқу жылы
Орта мерзімді тізбектелген сабақтар топтамасы
Құрастырушы: Ташимова Асемгүл Сапаровна
Мақсаты
Қазақ тілі пәнінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже
Жоспар оқушының тілдік дағдыларын дамытып, бірлескен жұмысқа, ақпаратпен жұмыс істеуге және өз ойын еркін жеткізуге бағытталған.
A деңгейі
- Ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту.
- Сабақта топпен және жұппен жұмыс істей отырып, серіктестік орнату.
- Іздену, өзін-өзі бағалай алу дағдыларын қалыптастыру.
B деңгейі
- Қажетті ақпаратты іздеу және табу.
- Ақпаратты салыстыру, қорытынды жасау.
- Диалог құрастыруға үйрену.
C деңгейі
- Мәтіннің негізгі ойын тұжырымдау.
- Диалог құрастырып, өз ойын дәл әрі түсінікті жеткізу.
- Топта серіктесу арқылы шығармашылық қабілеттерін ашу.