Жануарлар суреті, сызбалар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сам орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Абенова Жанарай Сағыйбатовна
Сабақтың тақырыбы: «Жануарлар немен қоректенеді?»
Сабақтың мақсаты
- Жануарлардың немен қоректенетіні туралы білім қалыптастыру.
- Жануарлар түрлері мен олардың тіршілігі туралы түсініктерін дамыту.
- Жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша
- Түрі
- Дәстүрлі емес
- Типі
- Жаңа сабақ
- Әдісі
- Сұрақ-жауап, баяндау
- Көрнекілігі
- Жануарлар суреттері, сызбалар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Қоршаған орта әлемі —
Неткен көркем, әдемі!
Сол сұлулықты сақтайық,
Мадақтайық, мақтайық.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Тақырып: «Жануарлар қыста қалай жылынады?»
- 1 Жануарлар не үшін қысқы ұйқыға кетеді?
- 2 Жануарлардың тіршілік етуі үшін не қажет?
- 3 Неліктен жануарлардың жұқа жүні түсіп, орнына қалың түк өседі?
Жұмбақтар
-
Аузы бейне шалғы, орақ —
Шөп емес, бірақ малды орады. -
Қыс бойы жатады,
Тәтті ұйқыға батады. - Өзі қу, жүрген жері — айғай-шу.
III. Жаңа сабақ
Бүгін біз жануарлар әлемімен танысып, олардың немен қоректенетінін анықтаймыз. Табиғатта қолайсыз аймақтар да көп: адам аяғы сирек басатын шөлді жерлерде де тіршілік ететін жануарлар бар.
Мысалы, кесіртке шөлді жерде жиі кездеседі. Кесірткелер мен кейбір кеміргіштер өздеріне қажет ылғалды көбіне қорегінің құрамынан алады.
Ал ақбөкен, бұлдырық сияқты жануарларға күн сайын су ішу маңызды. Көктемде шөп нәрлі, ылғалды болғандықтан, бұл кезде ақбөкендер су іздеуді сиретуі мүмкін.
Мұғалім оқулықтағы мәліметтерді оқып беріп, түсіндіреді. Әр топтан бір оқушы мәтінді дауыстап оқиды.
Суреттермен жұмыс
Тақтаға жануарлар суреттері ілінеді. Әр жануардың атын атап, оның немен қоректенетінін бірге айтамыз.
Топтық жұмыс
1-топ
Бунақденелілер
«Жануарлар туралы не білеміз?» тақырыбында шағын әңгіме жазу.
2-топ
Жорғалаушылар
Жаз мезгіліндегі жануарлар тіршілігін бейнелейтін сурет салу.
3-топ
Қосмекенділер
Жануарлар туралы өлеңдер мен тақпақтар айту.
Сергіту сәті
Қозғалыс пен көңіл-күй«Кім жылдам?» ойыны: үй жануарларын естігенде қол шапалақтаймыз, жабайы жануарларды естігенде аяқпен тыпырлатамыз.
Үй жануарлары
түйе, сиыр, ешкі, қой, жылқы, ит, мысық
Жабайы жануарлар
аю, қасқыр, түлкі, қоңыз, қоян, тиін, бұғы, кеміргіштер
- Сұрақ: Қасқыр өз азығын қалай табады?
- Сұрақ: Адам өмірін үй жануарларынсыз елестету мүмкін бе?
«Көзім көреген» ойыны
Тақтада берілген әріптер тізбегінің ішінен жануар атауларын табамыз. Фломастермен астын сызамыз.
Жедел сұрақтар
Артқа қарай жүре алмайтын жануар?
Төрт тізесі бар жалғыз аң?
Ешқашан ұйықтамайтын жәндік?
Тамақ ішпей 3 жылға дейін ұйықтай алатын не?
Қорытынды
- Қандай жануарлар ұзақ уақыт тіршілік ете алады?
- Жәндікқоректі жануарларды ата.
Бағалау
Оқушылардың білім деңгейіне қарай бағаланады.
Үй тапсырмасы
- 1 Мәтінді түсініп оқу.
- 2 Өзіңе ұнайтын жануардың суретін салып келу.