Графикалық диктант

Paint графикалық редакторы: негізгі түсініктер

Бұл сабақта Paint графикалық редакторы туралы түсінік қалыптастырамыз: бағдарламаны іске қосу жолдарын, құрал-саймандар тақтасын, түстер палитрасын және сурет салудың негізгі кезеңдерін қарастырамыз.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларды графикалық редакторда жұмыс істеуге үйрету; графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру.

Дамытушылық

Практикалық жұмыстар арқылы білімін бекіту, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік

Өз бетімен жұмыс істеуге, тиянақтылыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ форматы

  • Сабақ түрі: практикум элементтері бар, көрсете-түсіндіру сабағы.
  • Сабақ әдісі: практикалық іс-әрекеттерді ұйымдастыру.

Қажетті құрал-жабдықтар

интерактивті тақта компьютер оқулық жұмыс дәптері плакат Activote кубик

Сабақтың өту барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ

Информатика ғылымы нені зерттейді?

Жауабы: ақпаратты беру, өңдеу, жинау әдістері мен түрлендіру тәсілдерін зерттейтін ғылым.

«Ақпарат» сөзжұмбағы (бағыттау сұрақтары)

  1. Аты бар бірқатар байттар тізбегі.
  2. Объектілер қоймасы.
  3. Басты мәзір.
  4. Тетігін бассаң алаңсыз, жазады қағаз-қаламсыз.
  5. Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ.
  6. Батырмасын басасың, қажетті файлды ашасың.
  7. Жойылған объектілерді сақтайтын орын.

«Paint» ребусы

Ребустың шешуін табу арқылы жаңа тақырыпқа өтеміз.

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Компьютер графика құру және графикалық кескіндерді өңдеу үшін ең қолайлы әрі қуатты құралдардың бірі. Ең қарапайым графикалық редакторлардың өзі сурет салуға, әртүрлі қылқаламдарды қолдануға, түстермен бояуға және суретке мәтін енгізуге мүмкіндік береді.

Көптеген бағдарламаларда стандартты пішіндер мен дайын кескіндердің кең кітапханасы болады. Сондықтан сурет салу тәжірибесі аз адам да қажетті иллюстрацияны жылдам жасап шығара алады.

Paint мүмкіндіктері

Paint бағдарламасы әртүрлі графикалық кескіндерді салуға және өңдеуге арналған. Оның көмегімен қарапайым суреттерден бастап күрделі графикалық жұмыстарға дейін орындауға болады.

Paint бағдарламасын іске қосу

  1. Пуск батырмасын шертіңдер.
  2. Басты мәзірден Программы командасын таңдаңдар.
  3. Ашылған бағыныңқы мәзірден Стандартные бөлімін таңдаңдар.
  4. Келесі мәзірден Графический редактор Paint командасын таңдаңдар.

Ескерту: Оқушылар дәптерге негізгі қадамдарды жазып алады.

Құрал-саймандар тақтасы және палитра

Paint редакторында 16 құрал қолданылады. Әр құралдың міндетін білу үшін тінтуір нұсқағышын құралдың үстіне апарыңдар — қысқаша түсіндірме шығады.

Сурет салудың негізгі кезеңдері

  1. Құралды таңдау.
  2. Сызық қалыңдығын, қылқалам түрін немесе пішін параметрін орнату.
  3. Кескіннің түсін таңдау.
  4. Фонның түсін таңдау.
  5. Сурет салуды бастау.

Әрекетті болдырмау (Undo)

Егер жұмыс ойдағыдай шықпаса, абыржымаймыз. Соңғы әрекеттерді болдырмау үшін Правка → Отменить командасын қолданамыз. Соңғы үш әрекетті кері қайтаруға болады.

Әрекетті қайталау (Redo)

Егер бір әрекетті қателесіп алып тастасаңдар немесе қайта жасау қажет болса, Правка → Повторить командасын орындаңдар. Бұл әрекетті де үш рет қатарынан жасауға болады.

Суретті сақтау

Құжатты бірінші рет сақтау үшін Файл → Сохранить как... командасын орындаңдар. Ашылған терезеде Имя файла өрісіне атау жазып, Сохранить батырмасын шертіңдер.

Қайта сақтау үшін Файл → Сохранить командасын қолданамыз — сурет сол атаумен сол файлға сақталады.

Суретті ашу

Сақталған суретті ашу үшін Файл → Открыть командасын орындаңдар. Терезеде қажетті файлды таңдап, оның атының үстінен екі рет шертіңдер.

IV. Практикалық кезең

  • Графикалық диктант.
  • Өзіндік жұмыс (топшамен жұмыс).

V. Сергіту сәті

  • «Ойлан, тап!»
  • «Мысықтың сұрағы»

VI. Жаңа сабақты бекіту

Тест жұмысы (Activote құрылғысымен жұмыс).

VII. Қорытынды

Қорытынды бөлімде СТО технологиясындағы «Кубизм» стратегиясы қолданылады.

  • Үй тапсырмасын беру.
  • Оқушыларды бағалау.

Автор туралы

БҚО облысы, Орал қаласы, №1 жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі — Давлеткалиева Актоты Канаткалиевна.