Калькулятор программасын іске қосу
7-сынып: Сандық ақпараттарды өңдеу
Бұл сабақта Windows XP ортасындағы Калькулятор қолданбасын іске қосу, оның түрлерін ажырату және сандық ақпаратпен жұмыс істеу тәсілдері қарастырылады. Сабақ конференция форматына негізделіп ұйымдастырылады.
Сабақтың түрі
Конференция сабағы
Көрнекілігі
Слайдтар, флипчарт, смайликтер
Техникалық құралдар
ДК, бейнепроектор, интерактивті тақта
Сабақтың мақсаттары
- Білімділік: калькулятор бағдарламасымен таныстыру, оны іске қосу және калькулятормен жұмыс істеуді үйрету; арифметикалық амалдар арқылы есептер шығару дағдысын қалыптастыру.
- Тәрбиелік: ұқыптылыққа және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
- Дамытушылық: калькулятор қолданбасымен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Сабақты бастауға ой
Сабақ Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың: «Тәуелсіз ел тірегі – білімді, дарынды, өнегелі ұрпақ» деген сөзімен басталады.
Конференцияның күн тәртібі (сабақ барысы)
- 1 Интернет желісі арқылы келіп түскен сұрақтарға жауап беру (үй тапсырмасын тексеру).
- 2 Конференцияның басты мәселесін талқылау (жаңа сабақты түсіндіру).
- 3 Интернет желісі арқылы түскен тапсырмаларды орындау (жаңа сабақты бекіту).
- 4 Келесі конференцияда қаралатын мәселелерге тоқталу (үй тапсырмасын беру).
- 5 Конференция қорытындысы (сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау).
1) Үй тапсырмасын тексеру: тест сұрақтары
Тест сұрақтары экранда слайд ретінде көрсетіледі. Оқушылар дұрыс жауапты қолдарындағы сәйкес түсті карточкаларды көтеру арқылы белгілейді.
1. Блокнот бағдарламасын қалай іске қосамыз?
- Пуск → Все программы → Стандартные → Блокнот
- Пуск → Стандартные → Блокнот
- Пуск → Стандартные → Все программы → Блокнот
2. Блокнот қолданбасында мәтінді сақтау командасы:
- Файл → Открыть
- Файл → Сохранить как...
- Файл → Создать
3. WordPad бағдарламасы қандай редактор?
- Графикалық
- Мәтіндік
- Кестелік
4. Мәтін үзіндісін көшіру үшін қай команданы орындаймыз?
- Правка → Копировать
- Правка → Вырезать
- Правка → Вставить
5. WordPad бағдарламасын іске қосу үшін орындалатын әрекет:
- Пуск → Стандартные → WordPad
- Пуск → Все программы → WordPad
- Пуск → Все программы → Стандартные → WordPad
6. Бұрын сақталған құжатты ашу командасы:
- Файл → Открыть
- Файл → Создать
- Файл → Сохранить
7. Блокнот қандай бағдарлама?
- Өте шағын мәтіндік редактор
- Мүмкіндіктері кең мәтіндік редактор
- Кестелік процессор
8. Мәтін үзіндісін қиып алу үшін қолданылатын команда:
- Правка → Копировать
- Правка → Вырезать
- Правка → Вставить
2) Жаңа сабақ: Сандық ақпаратты өңдеу және Калькулятормен жұмыс
Компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс істеу мүмкіндіктерін Windows XP жүйесіндегі Калькулятор қолданбасы арқылы көрсетуге болады. Бұл қолданбалы бағдарлама кәдімгі электрондық калькулятордың жұмысын модельдейді.
Нені үйренеміз?
- Сандарды бір санау жүйесінен екіншісіне түрлендіру.
- Логикалық және арифметикалық амалдар принциптерімен танысу.
- Есептеу дәлдігі туралы түсінікті тереңдету.
Калькулятор түрлері
Қарапайым (Стандартты)
Негізгі арифметикалық амалдарды және бірнеше функцияны орындайды.
Инженерлік
Күрделірек есептеулерге арналған кеңейтілген мүмкіндіктерді ұсынады.
Калькуляторды іске қосу жолы
Іске қосу → Программалар → Стандартты → Калькулятор (Пуск → Все программы → Стандартные → Калькулятор)
Әрекетті орындағаннан кейін экранда калькулятор терезесі ашылады. Егер бағдарлама алғаш рет іске қосылса, әдетте қарапайым калькулятор көрсетіледі. Оның сыртқы көрінісі қалта калькуляторына ұқсас, айырмашылығы — тақырып жолағы мен мәзір жолағы бар.
Түрін ауыстыру және жұмыс істеу принципі
- Калькулятордың бір түрінен екіншісіне ауысу үшін Түр (Вид) мәзірінен қажетті режимді таңдаңыз.
- Жұмыс істеу принципі кәдімгі калькулятормен бірдей.
- Сандар мен командаларды енгізу үшін тышқанның сол жақ батырмасымен калькулятор батырмаларын шертіңіз.