Артикуляциялық жаттығулар

Сабақтың мақсаттары

Оқу мақсаты

«Р» дыбысын буында және сөз ішінде дұрыс, анық айтуға машықтандыру. Суреттердің атын дұрыс атауға және бейнелі сурет бойынша сөз құрап айтуға үйрету.

Түзетушілік мақсаты

Есту зейінін, көре отырып есте сақтау қабілетін, қиялды елестету дағдыларын, ойлау әрекетін және фонематикалық естуді дамыту.

Тәрбиелік мақсаты

Еңбекке сүйіспеншілікті арттыру, сыныпта тыныш отыруға дағдыландыру, үлкенді сыйлау және қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

«Р» фонемасының артикуляциялық кескіні.

Тілге арналған артикуляциялық жаттығулардың суреттері.

Әріптердің кесінділері.

Айна.

Түрлі түсті қағаздар.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық дайындық)

Өлең жолдары

Армысың, досым,

Кел, маған қосыл.

Алақанға салып алақан,

Шеңберге бірге тұрайық.

Қолымызды көтеріп,

Күннің нұрын алайық.

Ортамызда күн нұры —

Құшаққа оны алайық.

Жылы лебіздер

Оқушылар: «Аяздай мықты бол! Қардай аппақ бол! Судай таза бол!»

Мұғалім: «Мұздай мөлдір бол!»

2) Тыныс алуға арналған жаттығулар

а) Алғашқы қалпы

  • Аяқ қосулы, тік тұру; иықтарды ашу; басты түзу ұстау.
  • Бір қол диафрагмада, екіншісі қабырғада.
  • «Бір» дегенде терең дем алып, тынысты ұстап тұру.
  • «1, 2, 3, 4, 5» деп санап, бірқалыпты дем шығару.

ә) Екінші нұсқа

  • Алғашқы қалып — жоғарыдағыдай.
  • «1, 2» дегенде терең тыныс алу.
  • «1, 2, 3» дегенде тынысты ұстап қалу.
  • «1, 2, 3, 4, 5» дегенде бірқалыпты дем шығару.

3) Мимикалық жаттығулар және бет бұлшықеттеріне массаж

«Лимон жегенде»

3–4 рет қайталау

«Қуанғанда»

3–4 рет қайталау

«Таңғалғанда»

4–5 рет қайталау

«Ренжігенде»

4–5 рет қайталау

4) Ерінге арналған жаттығулар

  1. а) Екі ерінді ауыз қуысының ішіне тартып ұстау.

    1–4 рет
  2. ә) Үстіңгі және астыңғы ерінді уқалау.

    1–4 рет
  3. б) Түйіскен еріндерді алға «түтікше» тәрізді созу.

    1–5 рет
  4. в) Жоғарғы және астыңғы тістерді көрсетіп, қиналмай жымию.

    Ескерту: дұрыс орындауға көмектесу үшін іштен «и» дыбысын айту ұсынылады.

    1–5 рет

5) Артикуляциялық жаттығулар («Р» дыбысына дайындық)

«Кімнің тісі таза?»

Ауызды аздап ашып, тілді оңға-солға жылжытыңдар. Тілдің ұшымен жоғарғы тістердің ішкі жағын «тазалаңдар».

«Сылақшы»

Жымиып, ауызды ашып, тілді алға-артқа қозғалта отырып, тіл ұшымен қатты таңдайды «сылаңдар».

«Дәмді тосап»

Жалпақ тілмен жоғарғы ерінді жалап, тілді ауыз қуысына кіргізіңдер.

«Дабылшылар»

Жымиып, ауызды ашып, тіл ұшымен жоғарғы тістердің артында «д-д-д» дыбысын анық әрі бірнеше рет тоқылдатыңдар. Алдымен баяу, кейін біртіндеп жылдамдатыңдар.

6) Дыбысты айтуға машықтандыру (ойын)

Ойын: «Жануарларға айналамыз». Мұғалім: «Бір, екі, үш — жануарларға айналамыз!»

  • Итті бейнелеңдер: қалай ырылдайды? р-р-р-р
  • Тоқылдақ ағашты қалай тоқылдатады? тр-р-р, тр-р-р
  • Мысық қалай дыбыстайды? мур-р-р-р
  • Қарғаның балапаны аш болып анасын шақырады: кар-р-р-р

7) Буындарды қайталау

Ашық буындар

Ра – ра – ра – ара

Ро – ро – ро – ром

Ру – ру – ру – керу

Ры – ры – ры – рыс

Жабық буындар

Ар – ар – ар – қар

Ор – ор – ор – тор

Ур – ур – ур – ура

Ыр – ыр – ыр – отыр

8) Сергіту сәті

«Р» дыбысының көңілі көтеріліп, өлеңдетіп кетті. Біз де қосылып айтайық:

Ра – ра – ра, ұшып келді ара.

Ар – ар – ар, тауға жауды қар.

Ыр – ыр – ыр, шаршап қалсаң отыр.

9) Дыбысты талдау және жинақтау дағдыларын дамыту

Тапсырма 1

Аңның атауы «ж» дыбысынан басталып, «с» дыбысымен аяқталады. Бұл не? Жолбарыс

  • Неше дауысты дыбыс бар?
  • Неше буыннан тұрады?
  • «Р» дыбысының орнын анықтаңдар.
  • Сөзде неше дыбыс бар?

Тапсырма 2

Шашылып қалған дыбыстарды жинап, сөз құрастырыңдар:

к, і, р, к, е

Тапсырма 3

Буындары шатасып кеткен сөздерден жануарлардың аттарын құрастырыңдар:

ра – зеб

қыр – қас

лы – ғаш – қар

10) Мадақтау

Оқушылардың белсенділігін атап өтіп, жетістіктерін мадақтау және ынталандыру.

11) Қорытынды

  • Бүгін сабақта не істедік?
  • Қай дыбысты дұрыс айтуға үйрендік?

12) Үй тапсырмасы

«Р» дыбысы бар буындар мен сөздерді күн сайын қайталап оқу және айна алдында артикуляцияны бақылап жаттығу.