Суретті көрсете отыра, төлдерді шақыру

Сабақтың тақырыбы: Төлдермен танысу

Бұл сабақта балалар үй жануарларын және олардың төлдерін ажыратуды үйренеді, төлдерді шақыруға арналған сөздерді меңгереді, тақпақтарды жатқа айтады, сондай-ақ жануарларды күтіп-аялауға тәрбиеленеді.

Сабақтың мақсаты

  • Үй жануарларымен және олардың төлдерімен таныстыру.
  • Тақпақтарды жатқа айтуға үйрету.
  • Сөздік қорын молайту.
  • Төлдерді ажырата білуге, оларды күтіп-аялауға тәрбиелеу.

Сөздік қоры

Төлдерді шақыруға арналған сөздер:

Қозы

пұшайт-пұшайт

Бұзау

аухау-аухау

Құлыншақ

құрау-құрау

Ботақан

көс-көс

Көрнекілік және әдістер

Көрнекілік:

Қысқы орман көрінісі, үй жануарлары және олардың төлдері бейнеленген суреттер.

Әдістер:

Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын арқылы үйрету.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Тәрбиеші балалардың назарын сабаққа аударып, қонақтарды қарсы алуға шақырады. Балалар сәлемдеседі.

Жылы тілек айту (күннің шуағымен):

  1. Әрқашан күн сөнбесін.
  2. Еліміз тыныш болсын.
  3. Аспанымыз ашық болсын.
  4. Деніміз сау болсын.
  5. Отбасымыз аман болсын.
  6. Бақшамыз бақытқа толсын!

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

2) Жыл мезгілі туралы әңгіме

Тәрбиеші сұрақ қояды: қазір қай мезгіл? Қай ай?

Балалар қыстың ерекшеліктерін атайды: ауа райының суық болуы, қардың жаууы, ағаштардың ақ көрпеге орануы.

3) Үй жануарларымен таныстыру

Сұрақ:

Суреттен қандай жануарларды көріп тұрсыңдар?

Жауап және бекіту:

  • Жылқы
  • Сиыр
  • Қой
  • Түйе

Тәрбиеші түсіндіреді: бұл жануарлар қорада, жылы жерде тұрады; жем жеп, су ішеді. Сондықтан оларды үй жануарлары деп атаймыз.

4) Сюжеттік бөлім: Бақташының өтініші

Кенет есік қағылады. Бақташы кіріп, балалармен амандасады да, қорадағы малдың төлдері жоғалып кеткенін айтады. Іздері балабақша жаққа қарай әкелгенін жеткізеді.

Тәрбиеші балалардан көмек сұрайды: төлдер орманда адасып қалуы мүмкін, оларды табуға көмектесеміз бе? Балалар келіседі.

Ойын: «Поездбен орманға барамыз»

Кәне кімнің бойы ұзын,

Паравозы — ол поездің.

Пыш-пыш етеміз,

Орманға біз жетеміз.

5) Қысқы орманда төлдерді шақыру

Орманға келгенде тәрбиеші қыс мезгілінің белгілерін сипаттайды: шыршалар ақ көрпеге оранып, ауа салқын. Төлдер жаурап қалған болуы мүмкін, сондықтан оларды тезірек шақыру керек.

Қойдың төлі — қозы

Шақыру: пұшайт-пұшайт

Сиырдың төлі — бұзау

Шақыру: аухау-аухау

Жылқының төлі — құлыншақ

Шақыру: құрау-құрау

Түйенің төлі — ботақан

Шақыру: көс-көс

Балалар төлдерді дұрыс шақырып, оларды аналарына қосады: қозы, бұзау, құлыншақ, ботақан.

Тәрбиеші қорытындылайды: үй жануарлары төлдерін тапқанына қуанышты. Егер балалар көмектеспесе, төлдерін табу қиын болар еді.

6) Тақпақ айту

Бақташы балалардан төлдер туралы тақпақ білетін-білмейтінін сұрайды. Балалар тақпақтарын айтады:

Тастан тасқа секірген
Өз бетімен жүгірген
Тыным таппас шұнағым
Келе қойшы, лағым.

Пана көзім нұр төккен
Осыңшама үркек пе едің
Ботақаным, жасыма
Келе қойшы, қасыма.

Төрт түлікте сұлуым
Желбіреген тұлымым
Сылап-сипап тарайын
Келе қойшы, құлыным.

7) Қайту және сергіту сәті

Тәрбиеші балаларды «поезға» отырғызып, балабақшаға қайтуға шақырады. Сергіту сәті ретінде ойын қимылдарын қайталайды.

Бақташы балаларға алғыс айтып, жануарларын төлдерімен бірге үйіне алып қайтады.

8) Қорытындылау

Сұрақ-жауап арқылы бекіту:

  • Бүгін біз немен таныстық?
  • Оларды неге үй жануарлары дейміз?
  • Төлдерін атайық.
  • Төлдерді қалай шақырамыз?

Үй жануарларының пайдасы

Сиыр

Сүті пайдалы

Жылқы

Еті пайдалы

Қой

Жүні пайдалы

Түйе

Шұбаты пайдалы

Сабақ аяқталды. Қонақтарға көп рахмет! Сау болыңыздар!