Қазақстанда мемлекеттік тіл қай тіл

Сабақтың тақырыбы

Астана қаласы. Сөйлем мүшелерін қайталау.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға Қазақстан Республикасының астанасы — Астана туралы жан-жақты мәлімет беру, білімдерін кеңейту, жаңа сөздермен таныстыру.

Дамытушылық

Қазақ тілін меңгеруде дұрыс бағыт-бағдар беру, ойларын еркін әрі жүйелі жеткізуге машықтандыру.

Тәрбиелік

Оқушыларды Отанды сүюге, елді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі мен әдістері

Көрнекілігі

  • Алматы және Астана қалаларының суреттері
  • Сызбалар
  • Интерактивті тақта

Сабақтың әдістері

  • Мәтінмен жұмыс
  • Сұрақ-жауап
  • Баяндау
  • Топтық және шығармашылық жұмыс

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу және дайындық

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

Тіл дамыту сұрақтары

  • Сенің Отаның қай ел?
  • Сен қайда тудың, қазір қайда тұрасың?
  • Қазақстандағы мемлекеттік тіл қай тіл?
  • ҚР-дың қандай рәміздері бар?

Үй тапсырмасын тексеру (қорытындылау)

Алматы қаласы бойынша әңгімелеу, интерактивті тақта арқылы көрініс көрсету.

Тексеру сұрақтары

  • Алматы қандай қала?
  • Алматының іргетасы қай жылы қаланған?
  • Алматы бұрын қалай аталған?
  • Алматы қай жылдан ҚР астанасы болды?
  • Алматының халқы қанша?
  • Алматы ненің орталығы?
  • Алматыдан басқа Қазақстанның астанасы болған қандай қалаларды білесіңдер?

2) Тарихи дерек: Қазақстан астаналарының ауысуы

Тақтадағы жылдар арқылы астананың тарихи кезеңдерін талдау:

1920
1925
1929
1991
1997
1998

Орынбор — тұңғыш астана. 1920 жылы Қазақстан Ресей құрамындағы автономиялық республика болып құрылып, Орынбор бас қала болып жарияланды.

1925 жылы наурызда астана Орынбордан Қызылордаға көшірілді. Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) астана болды.

1929 жылы Қазақстан астанасы Қызылордадан Алматыға көшірілді.

1991 жылғы 1 желтоқсанда Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып сайланды. Ел тәуелсіздігін нығайтты.

1997 жылғы 20 қазанда Н. Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды.

1998 жылғы 6 мамырда Елбасының жарлығымен Ақмола қаласы Астана деп аталды.

3) Жаңа сабақ: Астана қаласы

Сабақтың эпиграфы

Астана — Есілдегі бірегей сәулеттік ландшафты бар, мүсіндік рәміздері айқын, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған; өзара құрмет пен ұлттық қасиетке, өз астанасы мен елі үшін мақтаныш сезіміне тән көпұлтты әрі көпконфессиялы халқы бар көркем де бейбіт қала.

— Н. Ә. Назарбаевтың сөзі негізінде

4) Мәтінмен жұмыс

Жұмыс кезеңдері

  1. 1Мәтінді мұғалімнің оқып шығуы.
  2. 2Оқушыларға сөздерді оқыту, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрату.
  3. 3Мәтінді кезектесіп оқыту, аударту.
  4. 4Сұрақтарға жауап беру.
  5. 5Мәтін бойынша тірек-кесте құру және әңгімелету.

Негізгі сұрақтар

  • Астана ненің астанасы?
  • Ол қандай қала?
  • Астана қай өзеннің жағасында орналасқан?
  • Н. Ә. Назарбаев қандай жарлыққа қол қойды?
  • Астананың халқы қанша?
  • Бүгінгі Астананың аумағы қанша?
  • Астанаға қандай атақ берілді?

5) Сөздік жұмысы

Жаңа сөздер (қазақша — орысша)

дүние жүзі
весь мир
жарлық
указ
келешек
будущее
аумақ
площадь
шешім
решение
кеңістік
пространство
әлеуметтік-мәдени мәселелер
социально-культурные проблемы

Синонимдер қатары

көрікті — көркем, әдемі, сұлу, әсем

астана — Елорда

Елбасы — көшбасы, ордабасы

келешек — болашақ

мол — көп

ең — өте

жаңа — қазіргі

дүние жүзі — бүкіл әлем

қала — шаһар, кент

6) Грамматикалық тақырып: сөйлем мүшелерін қайталау

Деңгейлік тапсырмалар (талдау)

  1. 1997 жылы қазанның 20-сында Н. Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды.
  2. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орналасқан.
  3. Аспанға атылған ақ барыс мүсіні Қазақстанның XXI ғасырдағы бақытты болашағын білдіріп тұр.
  4. Бәйтерек ғимараты Астана тұрғындарын және шетелден келген қонақтарды таң қалдырады.

Сөз құрамына талдау

  • жарлығымен
  • Елбасының
  • астанасы
  • салтанатты ашылу рәсімі
  • Есіл өзені
  • қала халқы
  • бақытты болашақ
  • Астана тұрғындарын
  • мәдени орталығы
  • көп қабатты үйлер

Сөз тіркестерін құрастыру (сызба бойынша)

жағасында орналасқан
жарлыққа қол қойды
көрікті қаланың бірі
жоғары кеңістік
ЮНЕСКО-ның шешімі
еуразиялық басқосулар өткізіледі
атағы берілді

7) Сабақты бекіту

Венн диаграммасы

Алматы мен Астананы салыстыру: ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

Алматы
Астана

Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.

Үйге тапсырма

Астана қаласы туралы жарнама мәтінін жазып келу.