Наурыздың бесі

Ана тілі • 2-сынып

Сабақ тақырыбы: «Наурыздағы тілек»

Бұл сабақта оқушылар Наурыз мейрамының мәнін тереңірек түсініп, тілдік қарым-қатынас дағдыларын дамытады, шығармашылықпен жұмыс істеп, бата-тілек айту мәдениетін меңгереді.

Мақсаты

  • Білімдік: жыл басы Наурыз туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
  • Дамытушылық: ақыл-ойын, шығармашылық қабілетін дамыту.
  • Тәрбиелік: өз халқын сүюге, әдептілікке баулу; шығармашылыққа жетелеу.

Ұйымдастыру

Әдісі
Сұрақ-жауап, түсіндіру, ой-толғау
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Көрнекілігі
Слайд, тест
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, ән

Сабақ барысы

  1. 1

    Ұйымдастыру

    Сабаққа дайындық, назар аударту, сыныптың жұмыс ырғағын қалыптастыру.

  2. 2

    Үй жұмысын тексеру (сұрақ-жауап)

    • Наурыз қандай мейрам?
    • Наурыз күні қалай аталады?
    • Наурыз көже қалай жасалады? Оған нелер қосылады?
  3. 3

    Жаңа сабақ

    Сөзжұмбақ

    Сөзжұмбақты шешу: қандай сөз шықты? Ол туралы кім не айта алады?

    Әңгімелесу және түсіндіру

    «Ұлыстың ұлы күні» ел дастархан жайып, бірін-бірі құшақтап, құттықтайды. Дастарханға қазақтың дәстүрлі тағамдары қойылады. Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады деген сенім бар.

    Негізгі ұғымдар: көже және бата

    Көже

    Наурыз көже — мерекелік дастарханның берекесін білдіретін дәстүрлі ас.

    Бата

    Бата — үлкендердің жасы кішілерге беретін ықыласты, ізгі тілегі.

    Ақсақалдардың батасы (үлгі)

    Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, Қайда барса жол болсын! Ұлыс береке берсін, Бәле-жала жерге енсін!

    Осылайша, мереке күні айтылатын ізгі сөздер арқылы біз «Наурыздағы тілек» өлеңімен танысамыз.

    Өлеңмен жұмыс

    Күннің жады

    Наурыздың 5-і

    Көктемнің алғашқы гүлі

    Бәйшешек

    Тақырып

    Наурыздағы тілек

    Сөздік жұмыс

    • Бие — құлынның енесі.
    • Алатау, Қаратау — таулар.

    Оқудың түрлері

    • Іштей оқу
    • Тізбектей оқу
    • Бөліп оқу (3 оқушы)

    Тіл дамыту жұмысы

    Орны ауысқан сөздерді дұрыс ретке келтіріп, сөйлем құрастыру.

    Берілген

    Достар, Ұлыстың, құттықтайды, күнімен, ұлы.

    Дұрыс нұсқа

    Достар Ұлыстың ұлы күнімен құттықтайды.

    Берілген

    Тілек, жақсы, туған-туыстар, айтады.

    Дұрыс нұсқа

    Туған-туыстар жақсы тілек айтады.

    Берілген

    Халқымыз, көшеге, көгерсін, деп, егеді, тал.

    Дұрыс нұсқа

    Көгерсін деп халқымыз көшеге тал егеді.

    Сергіту сәті

    Ән: «Көктем келеді»

    Қимыл-қозғалыс, көңіл сергіту

    Шығармашылық жұмыс: «Наурыз қызды бораннан құтқарайық»

    Наурыз қыз жерді жайнатып, гүлдендіру үшін жолға шықты. Жолда оған ысқырықты боран кездесті. Наурыз қызды бораннан «құтқару» үшін тапсырма орындаймыз.

    Тапсырма

    Ата-анаңа, ұстазыңа немесе достарыңа арнап тілек білдіріп, қысқа құттықтау хат жаз. Жұмысты 3–4 оқушы оқып береді.

    Бата-тілек туралы әңгіме

    Үлкендер бата-тілекті көбіне ерекше сәттерде айтады: қонақ күткенде, дастархан басында, келін түскенде, кіші үлкенге қызмет еткенде (мысалы, қолына су құйғанда) және тағы басқа жағдайларда.

    Демек, бата — жақсы тілек. Оқушылар өздері естіп жүрген баталарын айтып береді (3 оқушы жатқа).

    Үй тапсырмасы

    Берілген батаны жаттау.

    Уа, Құдайым, оңдасын, Жаманшылық болмасын. Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Қыдыр баба қолдасын, Аман сақтап мал басын. Еккен егін солмасын.

    Сабақ соңында: бағалау, қорытындылау.