Оқулықтағы шығармашылық тапсырма
Математика (2-сынып)
Сабақтың тақырыбы: 3 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты
- 3 санын қосу және азайту тәсілдерін жетілдіру, тереңдету, тиянақтау және бекіту.
- Оқушылардың зейінін, шығармашылық белсенділігін арттыру; білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
- Оқытудың өмірмен байланысын нығайту; шыдамдылыққа, сауаттылыққа және шапшаң ойлап есептеуге үйрету.
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- 3-ке қосу және 3-тен азайту кестесі
- Үлестірме қағаздар
- «Алтын теңге» шаблондары
Сабақтың барысы
I. Психологиялық дайындық
Біздер тату баламыз,
Өсіп алға барамыз.
Есептерді шығарып,
Біз білімді боламыз.
II. Оқушы қызығушылығын ояту
Ерте, ерте, ертеде Математика елінде бір хан болыпты. Ханның Бір, Екі, Үш, Төрт, Бес, Алты, Жеті, Сегіз, Тоғыз, Он деген он ұлы болыпты. Олар тату-тәтті өмір сүріп жатады.
Күндердің бір күнінде оның Үш деген ортаншы баласы жоғалып кетіпті. Сонда хан жар салыпты:
«Уа, халайық! Кімде-кім менің баламды тауып берсе, ат басындай алтын беремін!»
Балалар, ханға ұлын табуға көмектесеміз бе? Бүгінгі сабақтағы тапсырмаларды орындау арқылы Үштің табылуына көмектесеміз. Іске сәт!
Сабаққа белсене қатысқан оқушының әр дұрыс жауабына 1 алтын теңге қосылады. Сабақ соңында қорытынды жасалады.
III. Өткенді қайталау
1) Үй тапсырмасын сұрау, пысықтау (ашық журнал слайдтары арқылы):
-
Қосынды мен айырманың мәндерін тап:
8 және 12
- 8 + 4
- 12 − 4
- 4 + 8
- 12 − 8
9 және 13
- 9 + 4
- 13 − 9
- 4 + 9
- 13 − 4
- 3-тен кіші сандарды ата.
- 2 санының көршілерін ата.
- 2 саны қандай сандардан құралады?
- Бір топ үйрек ұшып барады. Барлығы үшеу. Біреуін атып түсірді. Нешеуі қалады?
Қорытынды сұрақ: үй тапсырмасын орындауда неше сұрақтан тұратын тапсырманы орындадық? (3)
Демек, бүгінгі сабағымыз 3 санымен байланысты болады.
IV. Жаңа сабақ (слайд арқылы түсіндіру)
а) Мысалдарды талдау:
Негізгі байланыс
- 8 + 3 = 11
- 11 − 3 = 8
Ыңғайлы тәсіл
- (8 + 2) + 1 = 11
- (11 − 1) − 2 = 8
ә) Оқушыларға орындату:
Негізгі байланыс
- 9 + 3 = 12
- 12 − 3 = 9
Ыңғайлы тәсіл
- (9 + 1) + 2 = 12
- (12 − 2) − 1 = 9
№2. Мысал құрастыру
Піл туралы қысқаша мәлімет: піл Үндістанда және басқа да аймақтарда өсіріледі. Енді берілген теңдіктерден өзара байланысты өрнектер құрайық:
№3. Есеп — берілгені мен табылатынын анықтайық.
1) Картоп туралы есеп
- Түскенге дейін
- 20 кг
- Түскеннен кейін
- 15 кг
- Жұмсалды
- 5 кг
- Қалды
- ?
Ш: (20 + 15) − 5 = 30
Ж: 30 кг картоп қалды.
2) Ұн туралы есеп
- Бар еді
- 11 кг
- Жұмсалды
- 2 кг
- Салды
- 3 кг
- Болды
- ?
Ш: (11 − 2) + 3 = 12
Ж: 12 кг ұн болды.
№5. Математикалық диктант
- 1 мен 9 сандарының қосындысына 1-ді қос. (11)
- 8 бен 2 сандарының қосындысына 1-ді қос. (11)
- 12 мен 2 сандарының айырмасынан 1-ді азайт. (9)
- 11 мен 1 сандарының айырмасынан 2-ні азайт. (8)
V. Ойын: «Кім жылдам?»
Мұғалім екі таңбалы сандарды айтады. Оқушылар сол сандардың ішіндегі 3 саны нені білдіретінін түсіндіреді.
Мысал: 83 санында 3 бірлік бар.
Қорытынды сұрақтар:
- Бүгінгі сабағымыз қандай санмен байланысты болды?
- 3 саны туралы не білдің?
VI. Үй тапсырмасы
- №6 есеп, 71-бет.
- Оқулықтағы шығармашылық тапсырма.
VII. Сабақты аяқтау
Балалар, ханға ұлын табуға көмектескендерің үшін рақмет! Сөйтіп, барлық цифрлар қайтадан түгел жиналып, олардан әрі қарай сандар өрбіген екен.