Пішіндер мен түстерді көрсетіп сұрау

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Оқу орны

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы, «Балдырған» бөбекжай-балабақшасы

Тәрбиеші

Токушева Айнагүл Шокенаевна

Білім беру саласы

Таным

Бөлім

Сенсорика

Тақырып

Пішіндер

Күні

24.02.2016

Мақсаты

  • Ойындар арқылы заттардың түстері мен геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту; пішіндерді бір-бірінен ажыратып, дұрыс атай білуге үйрету.
  • Қиял мен болжам жасауды дамыту, қабілеттерін шыңдау.
  • Қарапайым математикалық ұғымдарды нығайту.
  • Ойлау, көріп тану, зейін және есте сақтау қабілеттерін ойын арқылы дамыту.

Әдіс-тәсілдері

Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, дамытушы ойындар.

Көрнекі құралдар

Геометриялық пішіндер, түрлі-түсті шарлар, тақырыптық суреттер.

Мотивациялық-қозғаушы кезең

Қонақтармен амандасу

Балалар, бүгінгі іс-әрекетіміз ерекше: бізге қонақтар келді. Барлығымыз бұрылып амандасайық.

— Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Шаттық шеңбері

Күндей жадырап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

Сиқырлы хат

Бүгін бізге сиқырлы хат келді. Хаттың ішінде сендерге арналған тапсырмалар бар екен. Тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма?

Ұйымдастыру-ізденіс кезеңі

1-тапсырма: Геометриялық пішіндерді қайталау

Балалар білетін пішіндерді еске түсіреді, тақтада көрсетіп, дұрыс атайды.

Дөңгелек

Допқа, тәрелкеге ұқсайды. Суреттер арқылы ұқсастығын дәлелдеу.

  • Бұл қандай пішін?
  • Дөңгелекке не ұқсайды?

Үшбұрыш

Таудың, қайық желкенінің, үй шатырының пішініне ұқсайды.

  • Бұл қандай пішін?
  • Үшбұрышқа не ұқсайды?

Сопақша

Қауынға, жұмыртқаға ұқсайды. Ұқсастығын суреттермен көрсету.

  • Бұл қандай пішін?
  • Сопақшаға не ұқсайды?

Төртбұрыш

Теледидарға, көпқабатты үйге, терезеге ұқсайды.

  • Бұл қандай пішін?
  • Төртбұрышқа не ұқсайды?

Дидактикалық ойын: «Әдемі кілемше»

Кілемшенің тесіктерін тиісті геометриялық пішіндермен толтыр: үшбұрыш, дөңгелек, сопақша, төртбұрыш.

2-тапсырма: Түстер бойынша сұрыптау

Түрлі-түсті дөңгелек шарларды түстеріне сәйкес ыдыстарға салу: қызыл шар — қызыл ыдысқа, сары шар — сары ыдысқа, т.б.

Сұрақтар

  • Бұл шардың түсі қандай?
  • Оны қандай түсті ыдысқа саламыз?

Қорытынды мадақтау: тапсырманы өте жақсы орындадыңдар.

Сергіту сәті

Еңкей төмен тізеден,

Бостау ұстап беліңді.

Серпіл қайта, үзе дем,

Көтер қолды сенімді.

3-тапсырма: «Әтешке құйрық жасау» (қысқыштармен)

Түсті әтештер мен түрлі-түсті қысқыштар беріледі. Балалардан сұралады: әтештерде не жетіспейді?

Дұрыс жауап: құйрығы жоқ.

Ереже

Қызыл әтешке — қызыл қысқыш, сары әтешке — сары қысқыш қыстырып, әдемі құйрық жасау.

Өлең ырғағы

Әтешке қарап ән салып,

Әнші болған балапан.

Әтеш болып шақырып,

Соқшы кәне алақан.

4-тапсырма: Жеке жұмыс — «Шыршаны құрастыр»

Тәрбиеші тақтада алдын ала көрсетіп түсіндіреді. Балалардың назарын үшбұрыш пішініне аударып, фигураны ататады.

1-қадам

Төменгі бөлікке ең үлкен жасыл үшбұрышты қою.

2-қадам

Оның үстіне кішірек үшбұрышты орналастыру.

3-қадам

Ең үстіне ең кішкентай үшбұрышты қою.

Кейін балалар үстел үстінде үшбұрыштардан шыршаны өз бетімен құрастырады.

Қорытынды

Балалардың меңгергенін пысықтау үшін пішіндер мен түстерді көрсетіп сұрақ қою: «Бұл қандай пішін?», «Түсі қандай?».