Excel бағдарламасын қорытындылау

Информатика (8-сынып): MS Excel бағдарламасын қорытындылау

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Сабақтың түрі

Практикалық

Сабақтың әдістері

Түсіндірмелі, зерттеушілік, практикалық

Сабақтың мақсаты

Білімділік

MS Excel бағдарламасында диаграммамен жұмыс істеуді меңгерту және бұрын алған білімді қорытындылау.

Дамытушылық

Оқушылардың Excel мүмкіндіктерін пайдаланып диаграмма құру дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және компьютерлік сауаттылығын дамыту.

Тәрбиелік

Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу; ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың тақырыбы, мақсаты және өту ерекшеліктерін хабарлау.

II. Ой шақыру: «Құпия сөздің сырын ашу»

Адасқан әріптерден сөз құрап, қазақша атауын айтып, орысша және ағылшыншаға аудару.

Қазақша Орысша Ағылшынша Түсіндірме
Кітап книга Book Excel іске қосылғаннан кейін кестенің жұмыс беттері жұмыс кітабына біріктіріледі.
Бет страница Sheet (List) Жұмыс кітабы жұмыс беттерінен тұрады.
Ұяшық ячейка Cell Жұмыс беттері ұяшықтардан тұрады.
Диаграмма диаграмма Diagram (Chart) Мәліметтерді графиктік түрде көрсету.
Кесте таблица Table Кесте бірнеше ұяшықтан тұрады.
Формула формула Formula Excel-де формула жазу арқылы есептеу жүргізуге болады.

III. Мағынаны ашу: сұрақ-жауап

1) Excel-де кез келген формуланы енгізу қандай белгіден басталады?

Жауап: = белгісінен (кейде +) кейін.

2) Автоқосынды батырмасының белгісі қандай?

Жауап:

3) Функция шебері батырмасының белгісі қандай?

Жауап: fx

4) Бағандар саны қанша?

Жауап: 256

5) Жолдар саны қанша?

Жауап: 65 536

6) Excel бағдарламасы дегеніміз не?

Жауап: Сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған бағдарлама.

7) Диаграммалардың қандай түрлерін білесің?

Жауап: Дөңгелек, бағандық, сызықтық, нүктелік, көпіршіктік және т.б.

8) Диаграмманы жасаудың неше қадамы бар?

Жауап: 4

9) Диаграмманы жасау қадамдарын ретімен ата.

Жауап: Типі Мәліметтер аралығы Параметрлері Бөліктері

10) «Өріс» және «жазулар» дегеніміз не?

Жауап: A, B, C, D, E, F — өріс (баған атаулары), ал 1, 2, 3 — жазулар (жол нөмірлері).

11) Диаграмма дегеніміз не?

Жауап: Кестедегі мәліметтерді талдау және салыстыруға ыңғайлы болу үшін оларды көрнекі график түрінде ұсыну.

12) Автоформат не үшін қажет?

Жауап: Мәліметтерді немесе ұяшықтарды форматтау үшін.

13) Мәліметтер базасы дегеніміз не?

Жауап: Белгілі бір қасиеттері бар мәліметтер жиыны туралы ақпаратты жүйелі түрде сақтауға мүмкіндік беретін ақпараттық модель.

14) Электрондық кесте дегеніміз не?

Жауап: Кәдімгі кестенің компьютерлік нұсқасы.

15) Электрондық кесте ұяшығына нені енгізуге болады?

Жауап: сан, формула, мәтіндік ақпарат.

IV. Көзге арналған жаттығу

Көзге арналған сергіту жаттығулары орындалады.

V. Тест жұмысы (Excel бағдарламасы бойынша)

Төмендегі сұрақтар арқылы негізгі ұғымдарды бекітіңіз.

1) Microsoft Excel дегеніміз не?

  • a) Операциялық жүйе
  • b) Мәтіндік редактор
  • c) Антивирустық бағдарлама
  • d) Электрондық кесте

2) Microsoft Excel жолдар саны:

  • a) 65 536
  • b) 256
  • c) 125
  • d) 1 256

3) Microsoft Excel бағандар саны:

  • a) 65 636
  • b) 256
  • c) 125
  • d) 1 256

4) Диаграмма дегеніміз не?

  • a) Бірнеше ұяшықтар тобы
  • b) Жұмыс кітабының бір парағына енгізілген графиктік объект
  • c) Мәтіндік редакторда қолданылатын жазу түрі
  • d) Жол мен бағанның қиылысуы

Ақпарат

Мектеп
№20 орта мектеп
Пән мұғалімі
Сейдабдуллаева Қ.
Материалдар
MS Excel бағдарламасын қорытындылау материалдары (слайд/жүктеу бөлімдері көрсетіледі).