Балаңыздың аты - жөні
Балаңыз мектепке келуге дайын ба?
Бұл материалдың мақсаты — қазіргі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіру арқылы тиімді қарым-қатынас орнату.
Мақсаты
Баланың дамуын қолдау және ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жаңғырту арқылы бала мен ересек арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Міндеттері
- Ата-аналар мен ұстаздардың кездесуі.
- Ойынға қатысушылар арасында өзара қарым-қатынас орнату.
- Жанұядағы тәрбие туралы пікір алмасу.
1) Танысу жаттығуы
Жаттығудың өту тәртібі
Әр ата-ана алақанын жүрек тұсына қойып: «Мен баламды сүйемін» деп айтып, баласының және өзінің есімін таныстырады.
Қажет болған жағдайда тақырыпқа сай бейнетаспа көрсетіледі.
«Адамдар да өсімдік тәрізді: жақсы күтім болмаса, жайнап өспейді».
Егер бала осылай өссе…
- Баланы үнемі сынап отырса, оның оқуға құлқы төмендейді.
- Балаға үнемі күлсе, ол бұйығы болып кетеді.
- Баланы қолдап отырса, ол өз бағасын арттыруға ұмтылады.
- Бала төзімділікте өссе, ол басқаларды түсінуге үйренеді.
- Бала адалдықта өссе, ол адал болып жетіледі.
- Бала қауіпсіз ортада өссе, ол адамдарға сеніммен қарайды.
- Бала кекшілдікте өссе, ол қатігездікке бейім болады.
- Бала түсіністік пен сүйіспеншілікте өссе, бұл әлемнен махаббатты тануды үйренеді.
2) Ассоциация: «Жанұя»
Ойын барысында доп беріледі. Допты алған ата-ана «Жанұя» сөзіне байланысты өз ойындағы ассоциацияны айтады.
Қызықты сұрақтар
- 1. Балаңыздың туған күні қашан?
- 2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні қандай?
- 3. Балаңыз аяқ киімнің қай өлшемін киеді?
- 4. Балаңыздың парталас көршісі кім?
- 5. Бүгін сабақтан қандай баға алды?
- 6. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
- 7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
- 8. Балаңыз спорттың қай түрін ұнатады?
- 9. Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?
- 10. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
- 11. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?
Тәрбие туралы ой
«Баланы жастан бақпасаң, жамандықтан қақпасаң, қадірден жұрдай қасқа боп, кешкенің өмір босқа тек…» — дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар.
Ұл тәрбиесі
Бүгінгі ұл — ертеңгі әке. Ол әкесіне қарап өседі.
Қыз тәрбиесі
Бүгінгі қыз — ертеңгі ана. Ол шешесіне қарап өседі, бойын түзейді.
Балаға білім мен тәрбие берудегі басты тұлға — ұстаз. Ал оны жалғастырушы, демеуші — ата-ана.
1-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған сауалнама
Аты-жөніңіз
Балаңыздың аты-жөні
Нұсқаулық
Сұрақтарға балдық көрсеткіштермен жауап беріңіз.
- «Иә» — 2 балл.
- «Жоқ» — 1 балл.