Аналарын сыйлауға тәрбиелеу

Ана — гүл, ана — жыр, ана — өмір шуағы

8 наурыз мерекесі — жүрекке көктемнің шуағын құятын, мейірім мен алғысқа толы ерекше күн. Бұл мерекенің орны әрдайым бөлек, өйткені анаға деген ыстық сезім, құрмет пен ризашылық ешқашан сөнбейді. Ана — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.

Осы ертеңгілік — тынымсыз тіршілік пен кең дүниеге нұр сыйлаған аяулы жандарға арналады. Ендеше, балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.

Мақсаты

  • Әр адам үшін ең қымбат тұлға — Ана екенін түсіндіру.
  • Балалардың тілін дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру.
  • Ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Шарлар Қанатты сөздер Плакат Техникалық құралдар

Мұғалімнің құттықтауы

Қош келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.

Олай болатыны — аналарға деген ыстық ықылас, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.

Бүгінгі «Ана — гүл, ана — жыр, ана — өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.

І жүргізуші

Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын ашайық.

ІІ жүргізуші

Сіздерден өскен балалар —
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, абзал аналар!

Құттықтау сөздер

І жүргізуші

Қымбатты ақ жаулықты әжелер, асыл аналар! Сіздерді көктем айының ең алғашқы мерекесі — 8 наурызбен құттықтаймын!

ІІ жүргізуші

Көктемгі күннің көзіндей жылы жүзді, нұрлы келбетті аналарымызды және сыныптас қыздарды көктемнің шұғылалы мерекесімен құттықтаймын!

Балалардың арнауы

Нұрдәулет

Қуанамыз, сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Аналарды құттықтап,
Жырдан шашу арнаймыз.

Б. Мадияр

Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күнмен.
Құттықтаймын, анашым,
Сегізінші наурызыңмен!

Маржан

Баланың да тірегі,
Даланың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.

Бәріңіз де анасыз,
Біз үшін күн боп жанасыз.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын, анашым!

Батырхан

Анамды жақсы көрем, сағынамын,
Айтқанынан шықпаймын, бағынамын.
Ол — көзімнің қарасы болса егер,
Мен — оның жанарының ағанымын.

Жалғас

Айналдым ана деген асыл аттан,
Шуағын бар әлемге шашыратқан.
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып, даусынан ажыратқан.

Барлығы (хормен)

Жанымызды жайнатқан —
Сіздерсіз ғой, аналар!
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз, балалар!

(Балалар орындыққа отырады.)