Сабақтың мақсаты Білімділік - логарифмдік теңдеулерді шешуге логарифм қасиеттерін тиімді қолдана білуге үйрету
Сабақ тақырыбы
Логарифмдік теңдеулерге есептер шығару.
Білімділік
Логарифмдік теңдеулерді шешуде логарифм қасиеттерін тиімді қолдануға үйрету.
Дамытушылық
Теориялық білімді практикамен ұштастырып, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру; топпен және өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік
Оқуға саналы көзқарасты қалыптастыру, өз мүмкіндігін бағалай білуге және еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу; ұқыптылық, жауапкершілік, ұжым намысын қорғау, мақсатқа жетуге ұмтылуды дамыту.
Негізгі идея
Логарифмнің негізгі қасиеттерін толық меңгерту және логарифмдік теңдеулерді сенімді түрде шеше білуге үйрету.
Табыс критерийлері
- Логарифмдік теңдеулерді шешуде логарифм қасиеттерін орынды қолдана алады.
- Логарифмдік өрнектері бар тапсырмаларды түрлендіріп, есептеп шығарады.
- Логикалық ойлау дағдысын дамытып, ойын жинақтап, жүйелі жеткізе алады.
Модульдер мен әдістер
Дереккөздер мен құралдар
- Оқулық
- Постер
- Түрлі түсті қағаздар
- Сызғыш, қарындаш
- Формулалар және қосымша материалдар
Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Оқушылармен амандасу.
- 2 Оқушыларды түгелдеу.
- 3 Оқу құралдарын тексеру.
- 4 Топқа бөлу: стикер таңдау арқылы.
I топ
Санның логарифмі
II топ
Ондық логарифм
III топ
Натурал логарифм
Бағалау тәсілі
Сабақтағы әр кезең ұпаймен бағаланады. Бағалау парағына топ басшылары топ мүшелерінің нәтижелерін белгілеп отырады.
Миға шабуыл
Үй жұмысын сұрақ-жауап арқылы тексеру: № 292.
Өткен сабаққа шолу
I топ: сәйкестендіру тесті
Тақырып: логарифм қасиеттері. Тапсырма: формуланы табу (№ 1 қосымша).
II топ: балама жауапты тест
Тақырып: логарифмдік функция. Стратегия: «Иә / Жоқ» (№ 2 қосымша).
III топ: қысқаша зерттеу
Тақырып: логарифм тарихы (№ 3 қосымша).
Негізгі бөлім
Логарифмдік теңдеулерге есептер шығару тапсырмалары орындалады. Оқушылар логарифм қасиеттерін қолданып түрлендіру жасайды, шешу жолдарын негіздейді және нәтижесін тексереді.