Бұрыштың қандай түрін білесің

Сабақтың өту барысы

Тақырып: бұрыш түрлерін түсіндіру, анықтау және есептер арқылы бекіту.

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Тек бестік алар бағамыз.
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.

Топқа бөлу

Оқушыларға мысал жазылған карточкалар таратылады. Әр оқушы өз карточкасы арқылы тобының атауын анықтайды.

5+5 = л
7+7 = д
9+4 = о
5+6 = а
7+5 = ғ
7+8 = ү
6+6 = р
8+8 = с
9+5 = й
7+6 = і
8+8 = і
7+7 = к
9+9 = т
Карточкаларды біріктіріп, топ атауы құрастырылады.

2) Өткен материалды қайталау

Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру үшін сұрақ-жауап жүргізіледі.

1-топ

  1. Көпбұрыш дегеніміз не?
  2. Көпбұрыштың периметрін қалай табамыз?
  3. 1 метр неше сантиметр және неше дециметр?

2-топ

  1. Сызықтардың қандай түрлерін білесің?
  2. Сынық сызықтар неше түрге бөлінеді?
  3. Сынық сызықтың ұзындығын қалай табамыз?

3-топ

  1. Ұзындық өлшем бірліктерін ата.
  2. Қандай геометриялық фигураларды білесің?
  3. Геометриялық фигураларды немен белгілейміз?

3) Жаңа тақырып

Бұл — үшбұрышты сызғыш. Оның көмегімен бұрыш сызуға болады және тік бұрышты анықтаймыз.

Тік бұрыш

Үшбұрышты сызғыштың бұрышымен сәйкес келетін бұрыш.

Сүйір бұрыш

Егер бұрыш тік бұрыштан кіші болса, ол сүйір бұрыш деп аталады.

Доғал бұрыш

Егер бұрыш тік бұрыштан үлкен болса, ол доғал бұрыш деп аталады.

4) Бекіту тапсырмалары

1-тапсырма

Плакатта орналастырылған фигуралардың атауын ата.

3-тапсырма

Фигуралардың төбелерін ата.

4-тапсырма

Сурет бойынша неше тік, неше доғал және неше сүйір бұрыш бар екенін анықта.

5-тапсырма (тақтамен жұмыс)

1-топ

  • 50 + 7
  • 42 − 2
  • 17 − 7
  • 20 + 6
  • 98 − 90
  • 86 − 80

2-топ

  • 55 − 50
  • 40 + 7
  • 46 − 6
  • 58 − 50

3-топ

  • 36 − 30
  • 70 + 4

6-тапсырма (мәселе есеп)

Хайуанаттар бағында 36 маймыл болды. Оның 6-уы — шимпанзе, ал қалғандары — мартышкалар. Хайуанаттар бағында неше мартышка бар?

Шарт

  • Барлығы: 36 маймыл
  • Шимпанзе: 6
  • Мартышка: ?

Шешуі

36 − 6 = 30

Жауабы: 30 мартышка.

5) Сабақты қорытындылау

Қорытынды сұрақтар:

  • Бүгін қандай жаңа ұғымдармен таныстық?
  • Бұрыштың қандай түрлерін білесің?
  • Доғал бұрыш дегеніміз не?
  • Сүйір бұрыш дегеніміз не?
  • Бұрышты қандай құралмен анықтаймыз?

6) Бағалау

Әр тапсырма орындалған сайын оқушы жинаған фишкалар (жұлдызшалар) саны есептеледі. Сол көрсеткішке сәйкес бағасы қойылады. Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар марапатталады.

7) Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы мұғалімнің нұсқауына сәйкес беріледі (оқулықтағы тақырыпқа қатысты жаттығулар).