Көктем сәні (Ертегі)Сабақтың мақсаты:Білімділік

Сабақтың тақырыбы

«Көктем сәні» (ертегі)

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Ертегіні оқи отырып, табиғаттағы аң-құстардың тыныс-тіршілігімен және түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық

Жыл мезгілдері туралы түсінігін кеңейту, табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін және олардың өзара байланысын аңғарту.

Тәрбиелік

Оқушының сөздік қорын молайту, ойын анық жеткізе білуге үйрету, табиғатқа сүйіспеншілік пен қызығушылықты арттыру, табиғатты қорғауға баулу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Көрнекілігі
Оқулық, суреттер
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап
Ертегі түрлері (талқылау)
Қиял-ғажайып, шыншыл, хайуанаттар туралы

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабақ мақсатын қысқаша таныстыру.

2) Жаңа тақырып

«Көктем сәні» ертегісі бойынша мазмұнмен танысу және негізгі ойды анықтау.

3) Оқулықпен жұмыс

  • Ертегіні дауыстап оқу.
  • Тізбектеп оқыту (әр оқушы кезекпен).
  • Мағынасы түсініксіз сөздерді талқылау.

Ой қозғау сұрақтары

  1. Көктемде жан-жануарларда қандай өзгерістер болады?
  2. Арыстан қандай жарлық береді?
  3. Арыстан аңдарға қандай сұрақ қояды?
  4. «Көктем сәні» туралы аңдар не жайында айтысады?
  5. «Көктем сәні» дегеніміз не?

Қызығушылықты ояту: «Көктемнің сәні неде?»

Әр жануар көктемнің сәнін өз түсінігімен сипаттайды. Бұл бөлім оқушылардың сөздік қорын байытып, табиғат құбылыстарын сезім арқылы тануға жетелейді.

Қасқыр

Гүл — өмірдің нышаны; ауа тазарады, жер көркейеді.

Ақбөкен

Жасыл желек — өсімдік дүниесі, ну орман, табиғаттың көркі.

Ит

Хош иіс — жанға жайлы; рахат сыйлап, тынықтырады.

Қоян

Мөлдір су — қуат пен тіршіліктің көзі.

Арқар

Жылылық — орта жаңарады; өсіп-өніп, көбейуге ықпал етеді.

Киік

Нөсер — табиғатқа сән береді, егіннің өсуіне көмектеседі.

Түлкі

Тыныштық — бейбіт өмірдің, татулықтың белгісі.

Бұғы

Салқын самал — бой сергітеді, көңіл көтереді.

Піл

Еңбек — қуанышқа бөлейді, адамды мақсатқа жеткізеді.

Аю

Шалқыған көңіл — ұйымшылдықты күшейтеді, достықты арттырады.

Елік

Шаттық — жанды жадыратады, көтеріңкі күй сыйлайды.

Борсық

Күлкі — көңілді көтереді, өмірді ажарландырады.

Қодас

Жігер — күш-қуаттың, қайраттың белгісі.

Сабақты бекіту

Қорытынды сұрақ

Сонымен, біз бүгін не туралы өттік?

Оқушылар ертегінің негізгі ойын айтады: көктемнің сәні — табиғаттың жаңаруы, тіршіліктің жандануы және әр құбылыстың өзіндік маңызы бар екені.