Көркемдегіш құралдарды ата
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Шешендік сөздің мазмұндылығы, сөз дәлдігі, тіл тазалығы және тіл көрнекілігі туралы жүйелі білім қалыптастыру.
Тәрбиелік-дамытушылық
Қазіргі шешендердің сөйлеу өнерін меңгерту, орынсыз көп сөйлеуден сақтандыру, тапқыр әрі ойлы сөйлеуге төселдіру, тіл мәдениетін ұстануға баулу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Оқу құралдарын тексеру, сынып тазалығына назар аудару.
- Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
Қызығушылықты ояту
Көп нүктенің орнына тиісті шешендік толғаудың сөзін қойып, мәтінді толықтырыңдар:
Жиырма бестен артық жас...?!
Ұйқыдан жаман... бар ма?!
Еріншектен жаман... бар ма?!
Ойлаңдаршы, ағалар,
Шын жарыңнан артық дос...?!
Шын жолдасың ондайда
Жауға сені... ма?!
Айта салған бір сырым,
Бірге жүрген достарға.
II. Үй тапсырмасын пысықтау
- Туған тіліміздің маңызы мен мәйегі неде?
- Туған тіліміз өзге тілге толық аударыла ма? Неліктен?
- Туған тіліміздің тума сұлулығын танытатын шешендік сазды атаңдар.
- Көркемдегіш құралдарды атаңдар.
-
«Естіге айтқан сөз – шыңға тіккен ту,
Ессізге айтқан сөз – құмға сіңген су.
Би деген – бұлақ».
Қандай көркемдегіш құрал қолданылған? -
«Тұлпардан тұлпар туады, сұңқардан сұңқар туады» (Майқы би).
«Бүркіт бол, заманың түлкі болса» (Әйтеке би).
Ойды көркем жеткізу тәсілін талдаңдар. -
«Асқар тау, сенде бір мін бар — асуға жол бермейсің.
Тасқан су, сенде бір мін бар — өтерге өткел бермейсің.
Уа, билер, сендерде бір мін бар — басқаға сөз бермейсің».
(Әйтеке би) — идеясы мен құрылымын анықтаңдар. -
«Шешендіктен не пайда, артында сөзі қалмаса?
Батырлықтан не пайда, халқына қайран қалмаса?
Хандықтан не пайда, қарашасын жалмаса?» — ой түйінін сипаттаңдар. -
«Атың жақсы болса — ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса — жан мен тәннің шырағы.
Қызың жақсы болса — жайқалып өскен құрағың.
Әйелің жақсы болса: бірінші — иманың, екінші — жиғаның, үшінші — ырықсыз тұрағың».
Мәтіндегі көркемдік пен тәлімдік мәнді талдаңдар.
III. Жаңа сабақ
«Көкпар» ойыны: миға шабуыл
Төмендегі тапсырмаларды орындап, әр сөзден қажетті буын немесе түбірді алып, бүгінгі тақырыпты құрастырыңдар:
- 1) «Кеше» сөзінің екінші буынын алыңдар.
- 2) «Пішен» сөзінің екінші буынын алыңдар.
- 3) «Мүмкіндік» сөзінің жұрнағын алыңдар.
- 4) «Сөзге» сөзінің түбірін алыңдар.
- 5) «Діңгек» сөзінің түбірін алыңдар.
- 6) Қалған сөздерді сол күйінде оқыңдар — тақырып шығады.
Ой толғаныс
Берілген мәтіндерді оқып, талдай отырып, шешендік сөздің тектері мен түрлерімен танысамыз.
Тура сөз темірді тесер,
Жұмсақ сөз қылышты кесер.
Күрескер сөз — азулы, қарымды сөз,
Өткір, дана, уытты, дарынды сөз.
Аристотель – Цицерон, Әл-Фараби
Желтоқсанда теңселткен жалынды сөз.
IV. Сабақты бекіту
Ой түрткі: жаттығулармен жұмыс
I топ
59-жаттығу
II топ
60-жаттығу
III топ
61-жаттығу
V. Сабақты қорыту
Бет бұру
I топ
Екінші әңгіме (142-бет)
II топ
Үшінші әңгіме (142-бет)
III топ
Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім (143-бет)
Орфоэпия және шешендік саз
Орфоэпиялық заңдылықтарды сақтағанда ғана шешендік сөздің сазы әуезді естіледі. Ендеше орфоэпия қағидаларына сүйеніп, шешендік сөзден үзінді жазайық:
Уа, көсіле шабар өнерің бар,
Ту көтерер ерің бар.
Қол боларлық елің бар,
Атадан қалған жолың бар.
Құлдық ұрсаң дұшпанға,
Арылмайтын сорың бар.
Уа, гөсүлө шабар жерің бар,
Ту гөтөрөр ерің бар,
Қол боларлығ елің бар,
Атадаң ғалған жолұл бар.
Құлдұғ ұрсаң дұшпаңға,
Арылмайтын сорұң бар.
VI. Бағалау және шығармашылық тапсырма
«Игі тілек иірімдері» тақырыбында ой толғау
Шешендік талаптарды сақтай отырып, төмендегі жағдаяттарға лайықты ізгі тілектерді құрастырыңдар:
- 1) Жаңа қоныстанып жатқан адамдармен қалай жөн сұрасуға болады? Не айту керек?
- 2) Жол жүріп бара жатқан жолаушыға не деу керек? Ол қалай жауап береді?
- 3) Зат немесе бұйым сатып алған адамға қандай сөз айтылады?
- 4) Соғым сойған үйге қандай тілек білдіріледі?
- 5) Жаңа туған айды көргенде қандай сөз айтылады?
- 6) Нәресте дүниеге келгенде қандай тілек айтқан жөн?
- 7) Асарға барғанда қандай тілек білдіріледі?
- 8) Жайсыз жағдайларда (өрт болғанда, мал жоғалып кейін табылғанда және т.б.) қандай жұбату не тілек айтылады?
Тест тапсырмалары
-
1) Әл-Фарабидің сөз өнері туралы еңбегі:
- A) «Риторика»
- B) «Құтадғу білік»
- C) «Қабуснама»
- D) «Диуани хикмет»
- E) «Тауарих хамса»
-
2) Сөз мәдениетінің шыңы:
- A) Сөзшеңдік
- B) Шешендік
- C) Сөзқұмарлық
- D) Сөзшілдік
- E) Ойшылдық
-
3) Шешендіктану ғылымының отаны:
- A) Қазақстан
- B) Ресей
- C) Грекия
- D) Франция
- E) Германия
-
4) Шешендік өнер:
- A) Сендіру құралы
- B) Көндіру құралы
- C) Ән айту құралы
- D) Сөйлем құрау құралы
- E) Бас айналдыру құралы
-
5) Риториканы сынаған ресейлік ғалым:
- A) А. Ф. Кони
- B) М. В. Ломоносов
- C) В. Г. Белинский
- D) П. С. Прохорщиков
- E) А. С. Пушкин
-
6) Ұлттық шешендік танудың іргетасын қалаушы:
- A) Аристотель
- B) Асан қайғы
- C) Ы. Алтынсарин
- D) Әл-Фараби
- E) Жиренше шешен
-
7) Қазақ шешендік өнері неше кезеңге бөлінеді?
- A) Үш кезеңге
- B) Бес кезеңге
- C) Төрт кезеңге
- D) Екі кезеңге
- E) Алты кезеңге
Үй тапсырмасы
«Данадан қалған асыл сөз» тақырыбында эссе жазу.