Ежелгі дәуір әдебиетін құратын жеке шығармаларды ата
Сабақтың тақырыбы
«Оғыз-нама» жыры
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- «Оғыз-нама» жырының табылу тарихы және қазақ тіліне аударылып, баяндалу жолы туралы мағлұмат беру.
- Шығарманың құндылық мазмұнын айқындап, негізгі идеясын анықтау.
Дамытушылық
- Жырдың мән-маңызын және өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру.
- Мағына мен идеяны ажырата білуге үйрету; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
- Пәнге қызығушылықты арттыру.
Тәрбиелік
- Тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты оқушы бойына сіңіру.
- Мейірімділікке, имандылыққа, ерлік пен батырлыққа тәрбиелеу.
- Туған жерін, елін сүюге және қорғауға баулу; білімді, саналы азамат болуға шақыру.
Сабақтың ұйымдастыру-әдістемелік негізі
Көрнекілігі
- Оқулық
- Көркем әдебиет
- Тірек кесте
- Ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдер (семантикалық карта)
Сабақтың түрі, әдісі және байланысы
- Түрі: аралас сабақ
- Әдісі: сұрақ-жауап, қызығушылықты ояту
- Пәнаралық байланыс: тарих, география
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
- Оқу құралдарын дайындау, сынып тазалығына көңіл бөлу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау
5 минутСұрақ-жауап арқылы өткен тақырыптарды еске түсіремін және оқушылардың қызығушылығын оятамын:
- 1.Ежелгі дәуір қай кезеңдерді қамтиды?
- 2.Орхон-Енесей ескерткіштерін ата.
- 3.Күлтегін жырлары қайдан табылған?
- 4.«Қорқыт ата кітабы» туралы не білесіңдер?
- 5.Қорқыт ата туралы не білесіңдер?
- 6.Ежелгі дәуір әдебиетін зерттеген қандай ғалымдарды білесіңдер?
- 7.Ежелгі дәуір әдебиетін құрайтын жеке шығармаларды ата.
III. Жаңа сабақ
Сабақ жоспарын таныстырғаннан кейін кіріспе әңгіме жүргізіп, көрнекі құралдардың көмегімен (тірек кесте) жаңа тақырыпты түсіндіремін. Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерінің ішінде «Оғыз-нама» сияқты қара сөзбен жазылған көркем туындылардың болуы қазақ жазба прозасының бастауы тым ерте замандардан тартылатынын көрсетеді.
«Оғыз-нама» — бір ғана шығарманың атауы емес, қырықтан астам хикаядан тұратын топтама. Ежелгі дәуір әдебиетінде мұндай мұралар көбіне дербес жеке туынды ретінде емес, өзектес шығармалармен бірге жинақталып беріліп, алдымен топтама атауымен аталып, кейін оның құрамындағы туынды ретінде қарастырылады.
«Оғыз-нама» жырының тағы бір маңызды ерекшелігі — ондағы мифтік көріністердің молдығы.
Тірек кесте
10 минутНегізгі деректер
- «Оғыз-нама» — IX ғасыр шығармасы.
- Оғыз қағанның әскери жорықтары мен ерлік істері баяндалады.
- Ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы бар.
- Қырықтан астам хикаядан тұрады.
- Нұсқасы Парижде сақталған.
Кейіпкерлер мен желі
- Айқаған — анасы.
- Оғыз — ерекше туған бала.
- Оғыздың алты ұлы: Күн, Ай, Жұлдыз, Көк, Тау, Теңіз.
Басты идея
Жырдың негізгі идеясы — бүкіл түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікті дәріптеу, сыртқы жауға қарсы күреске үндеу.
Тарихи-танымдық маңызы
«Оғыз-нама» эпостық көркем туынды болумен қатар, тарихи тақырыптағы шығармалардың алғашқы үлгілерінің бірі ретінде бағаланады. Онда Оғыз батыр және оның ұрпақтарының жорықтары, оғыз тайпаларының көрші тайпалармен қарым-қатынасы, жер-су атаулары секілді деректер көрініс табады.
Оқулықпен және көркем әдебиетпен жұмыс
5 минут- Оқулықтың 108–110-беттерін мәнерлеп оқу.
- Оқыған бойынша түсінік айтқызу.
- Тіл көркемдігіне, ой мен қиялдың кеңдігіне назар аударту.
Семантикалық картамен жұмыс
5 минутОқушылардың ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту, тіл байлығын арттыру мақсатында берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, мағынасын түсіндіру.
Семантикалық карта №1
- Би басына дау келсе, билігі кетер басынан.
- Құс жаңылып торға түсер, ер жаңылып қолға түсер.
- Шешен тар жерде сөз бастайды, батыр мың қол бастайды.
- Ер басына дау келсе, ерлігі кетер басынан.
- Ел шарасыз болмас, ер жарамсыз болмас.
Семантикалық карта №2
- Батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз.
- Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз.
- Арыстан болсаң жау үшін, тәуекел ет те тас жұт.
- Арғымақ аттың құйрығы — әрі жібек, әрі қыл.
- Түлкідей болсын әдісің, ер жігіттің белгісі — әрі мырза, әрі құл.
- Ажал жетпей өлмек жоқ.
Пысықтау
5 минутЖаңа сабақты бекіту үшін оқулықтың 110-бетіндегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындатамын.
- 1.«Қорқыт ата кітабының» авторы Қорқыт туралы не білесіңдер?
- 2.Қазақ аңыздарында Қорқыт атаның мәңгілік өмірді қайдан тапқаны туралы не айтылады?
- 3.«Оғыз-намадағы» қырықтан астам жырдың ортақ идеясы қандай?
- 4.Жырдағы мифтік бейнелердің ішінде көкбөрі суреті түркі халықтарының ұғымындағы көкбөрі түсінігімен қаншалықты жақын?
- 5.«Оғыз-нама» — алғашқы жазылған эпостық туындылардың бірі деген пікірді дәлелдеңдер.
Тест жұмысы
5 минут10 сұрақтан тұратын тест орындалады. Дұрыс жауаптар тақтаға ілініп, бағалау көрсеткіші арқылы тексеріледі.
IV. Қорытынды
Шығармашылық жұмыс
5 минутАрнайы дайындалған кеспе қағаздардағы сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақты қорытындылап, бекітемін (сұрақ-жауап әдісі).
Үй тапсырмасы
2–3 минут- «Оғыз-нама» жыры бойынша сурет салып келу.
- Жырды оқып, мазмұнын айтып беру.
Бағалау
2 минутСабаққа белсене қатысқан оқушылар мадақталып, бағаланады. Бағалар журналға және күнделікке қойылады.