Сендер бізге көмек бердіңдер, сендерге алғыстарымыз шекшіз

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тәрбиеші
Ергебек Жазира
Тақырып
«Ш» дыбысы мен әрпі
Оқыту әдістері
Көрсету, түсіндіру, қайталату

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

  • Осы уақытқа дейін өткен әріптерді қайталау.
  • «Ш» дыбысы және әрпімен таныстыру, түсіндіру.
  • Құрамында жаңа дыбыс бар сөздерді дұрыс оқуға үйрету.
  • «Ш» дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру.

2) Тәрбиелік

  • Ұжымдық жұмысқа үйрету.
  • Әдептілікке және ұқыптылыққа баулу.

3) Дамытушылық

  • Есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Алғырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен материалдар

Кеспе қалта Кеспе әріптер Кеспе буындар Суреттер Дидактикалық материалдар Ойын-саяхат схемасы Суретті кесте Жұмбақтар Жаңылтпаштар

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Түгендеу жүргізу, партаға дұрыс отыруды еске салу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

2) Үй тапсырмасын және өткенді қайталау

Балалар өткен әріптерді еске түсіреді. Алдыңғы оқу іс-әрекетінде танысқан «У у» дыбысы мен әрпін атап, «У» әрпі бар сөздерді ойлап айтады.

Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»

Миға шабуыл арқылы балалар жылдам сөз құрастырып, белсенділік танытады.

3) Шаттық шеңбері

Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді.
Қайырлы күн! Қайырлы таң!
Күліп шықты күн бүгін.

Бір-бірімізге күннің жылуын сыйлайық.

4) Жаңа тақырыпқа кіріспе: жұмбақ арқылы

Жұмбақ

Үрлеп алып ойнауға болады,
Жинап алып байлауға болады.

Жауабы: шар.

«Шар» сөзін бірнеше рет қайталату арқылы жаңа дыбыспен таныстырылады. Сұрақтар арқылы талдау жасалады:

  • «Шар» сөзінің басында қандай дыбыс естіледі? — «Ш».
  • «Ш» дыбысы кедергіге ұшырап, қысқа айтылады.
  • «Ш» — дауыссыз дыбыс, көк текшемен белгіленеді.

«Ш» дыбысы кездесетін сөздер

Шар, шана, ағаш, көше және т.б.

5) Жазу жұмысы

Ауада жазу

Балалар «Ш ш» әрпін ауада жазады, кейін таспа түрінде жазып үйренеді.

Дәптермен жұмысқа ұран

Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық.
Қолға қалам алайық,
Көркем етіп жазайық.

Сызба үлгісіне қарап сөйлем құрау және талдау жұмыстары ұйымдастырылады. Тірек сөздер: көгершін, шаян, қайшы, шегіртке.

Сонымен қатар дыбыстық және буындық талдау орындалады.

6) Ойын-саяхат: жануарлардың тапсырмалары

Мұғалім суреттер арқылы сұрақ қояды: «Мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?» Балалар: жабайы аңдар.

Аңдар балалардан көмек сұрайды. Балалар келісіп, тапсырмаларды орындайды.

Тиіннің тапсырмасы: сергіту сәті

Бір, екі, үш.
Бір, екі, үш —
Бұлшықетте күш.
Мен ұшамын көгершінше,
Еңкейемін жерге қолым жеткенше.

Жолбарыстың тапсырмасы: «Алтын сандықша» жұмбақтары

Сандықтың ішінде не бар екенін табу үшін балалар жұмбақтарды шешеді:

Тікен-тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте.

Жауабы: шырша

Жас кезінде қара орман,
Қартайған соң ағарған.

Жауабы: шаш

Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым.

Жауабы: шаңғы

Жазда тынығады,
Қыста зымырайды.

Жауабы: шана

«Ш» дыбысы бар сөздерді табу және буынға бөлу

Балалар «Ш» дыбысы бар сөздерді атап, буынға бөледі: шыр-ша, шаш, шаң-ғы, ша-на, шор-тан, ша-ян, ша-ға-ла.

Жаңылтпаш жаттау

Балаларға алғыс ретінде жаңылтпашты бірге жаттау ұсынылады:

Шаңқ-шаңқ етіп шағала,
Шабақ ілер жағада.

7) Қорытынды және бағалау

Қайталау сұрағы

Бүгін қандай дыбыс және әріппен таныстық?

Түсіну сұрағы

Қандай аңдарға көмектестік?

Кері байланыс

Тапсырмаларды орындау ұнады ма?

Белсенділік танытқан балалар мадақталып, бағаланады.