Назарын сабаққа аудару
Қызылорда қаласы, №136 Т. Жүргенов атындағы мектеп-лицей
Бастауыш сынып мұғалімі: Жұбанышова Ақниет Оралбекқызы
Мақсаты
- 8-ге көбейту және бөлу кестесін құрастыру, олардың өзара байланысын анықтау.
- Оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
- Есепті тез әрі дәл шығаруға дағдыландыру, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, өзіндік жұмыс.
Көрнекіліктер
Оқулық, таратпалар, суреттер.
Негізгі идея
Көбейту мен бөлудің байланысын сандық мысалдар арқылы бекіту.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім әрекеті
- Оқу құралдарын тексеру.
- Назарды сабаққа аудару.
- Психологиялық дайындық ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.
II. Үй жұмысын тексеру
№7 тапсырма бойынша 7 санының көбейту кестесін еске түсіру және қысқаша қайталау.
III. Тірек білімді жетілдіру
Ойын: «Шатасқан сандар»
Сандарды өсу ретімен орналастыру.
Жетелеуші сұрақтар
- 7 санынан кейін қандай сан келеді?
- 7 санынан кейін — 8 саны.
- 8 санына қатысты қандай мерекені білесіңдер?
- 8 саны неге ұқсайды?
- Сабақтың тақырыбын анықтаңдар.
- Бүгінгі сабақта нені үйренеміз?
IV. Жаңа материалды түсіндіру
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау.
№1 тапсырма
Есте сақта: 8-ге көбейту және бөлу кестесі
| Көбейту | Бөлу |
|---|---|
| 8·1 = 8 | 8 : 8 = 1 |
| 8·2 = 16 | 16 : 8 = 2 |
| 8·3 = 24 | 24 : 8 = 3 |
| 8·4 = 32 | 32 : 8 = 4 |
| 8·5 = 40 | 40 : 8 = 5 |
| 8·6 = 48 | 48 : 8 = 6 |
| 8·7 = 56 | 56 : 8 = 7 |
| 8·8 = 64 | 64 : 8 = 8 |
| 8·9 = 72 | 72 : 8 = 9 |
| 8·10 = 80 | 80 : 8 = 10 |
№2 есеп (А): Талдау және салыстыру
Берілгені
- Сарафан — 40
- Көйлек — 32
- 8 топқа бөлінді
Шешуі
40 : 8 = 5
32 : 8 = 4
Жауабы
Әр топ 5 сарафан және 4 көйлектен алды.
№2 есеп (Ә): Торкөздер
Берілгені
- 8 баған, 8 қатар
- Әр бағанда 4 ақ, 4 қара торкөз
- Фигуралар: 16 ақ және 16 қара
Шешуі
8 × 8 − (16 + 16) = 32
Жауабы
32 торкөз артық.
№3 тапсырма: Өзіндік жұмыс
Көбейту мен бөлуді байланыстыра орындау.
8·8 = 64
9·8 = 72
64 : 8 = 8
72 : 8 = 9
80·8 = 640
90·8 = 720
640 : 8 = 80
720 : 8 = 90
№4 тапсырма: Қалдықпен бөлу
Оқушылар тақтада орындап, нәтижесін тексереді.
А бөлімі
19 : 8 = 2 (қалд. 3)
26 : 8 = 3 (қалд. 2)
36 : 8 = 4 (қалд. 4)
47 : 8 = 5 (қалд. 7)
2·8 + 3 = 19
3·8 + 2 = 26
4·8 + 4 = 36
5·8 + 7 = 47
Ә бөлімі
60-қа дейінгі сандардың ішінен 6-ға бөлінетін сандарды теріп жазу:
6, 12, 18, 24, 30, 36, 42, 48, 54, 60
Сергіту сәті
Екі дөңгелек егіз,
Қосылса сан шығады.
Қандай? (8)
Саянда болды 10 алма,
Сайданға берді 2 алма.
Саянда қалды қанша алма? (8)
Айманда болды 5 алмұрт,
Әселге берді 2 алмұрт.
Айманда қалды неше алмұрт? (3)
№6 есеп: Теңдеу құру арқылы шығару
x + 2 = 15
x = 15 − 2
x = 13
13 + 2 = 15
15 = 15
Жауабы: 13 көгершін болған.
№7 есеп: Бөлшек бойынша табу
Берілгені: Барлығы — 18 м арқан. Алынғаны — 1/3 бөлігі.
Шешуі:
18 : 3 = 6
18 − 6 = 12
Жауабы: 12 м арқан қалды.
Шығармашылық жұмыс
45 қоянды 9 торға қоян саны әртүрлі болатындай етіп орналастыру.
Торларға бөлу үлгісі
Тексеру
Қоян саны әр торда әртүрлі, ал барлығы 45-ке тең.
V. Қорытынды
Ойын: «Бұлттан күннің көзін ашу» (өрнектерді есептеу)
VI. Бағалау
Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау. «Математикалық кітапша» арқылы кері байланыс ұйымдастыру.