Орнын тап. Сандарды салыстыру

Сабақ тақырыбы

7 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды 7 саны және 7 цифрымен таныстыру.

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Ойын әдісі

Көрнекіліктер

Суреттер, цифрлар, слайдтар және қосымша материалдар.

Сабақ міндеттері

Білімділік

  • Бір таңбалы сандар және оларды шығарып алу тәсілдері бойынша білімді бекіту.
  • 7 саны және 7 цифрымен таныстыру.

Дамытушылық

  • Логикалық талқылауға оқушыларды қатыстырып, қызығушылығын арттыру.
  • Қосу және азайту дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік

  • Шапшаңдыққа, тапқырлыққа және шыдамдылыққа тәрбиелеу.
  • Адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу және көңіл күй қалыптастыру

Үлкенге де — сіз,

Бір дегенім — білім.

Кішіге де — сіз,

Білімсіз жоқ күнің.

Сәлем бердік сіздерге,

Ғажайып кітап ашылсын.

Құрметпенен біз,

Ішінен білім шашылсын.

Өткен материалды пысықтау

Ойын: “Өз орныңды тап” — 1-ден 10-ға дейінгі цифрлар таратылып беріледі. Мұғалім “Өз орныңды тап” дегенде оқушылар сәйкес ретпен тұрып, сандар тізбегін құрайды. Әр санға байланысты санамақ немесе қысқа сөйлем айтылады.

Шығармашылық тапсырма

Қалып қойған амал таңбасын (+, −) қой:

6 □ 0 = 6
3 □ 2 = 5
5 □ 1 = 4
4 □ 2 = 2
5 □ 1 = 6
3 □ 3 = 6

2) Жаңа сабақ: 7 санының мағынасы

Балалар, 7 санын естігенде ойларыңа қандай ұғымдар мен сөздер келеді? Қазақ халқында 7 саны киелі сан деп есептеледі. Сондықтан 7 санына байланысты ой-топтау жасайық.

7 нан 7 күн 7 ата 7 қазына

Негізгі сұрақ

Бүгінгі сабақта қандай санмен танысамыз? 7 санымен.

Сабақ желісі ретінде “Жеті лақ” ертегісін қолданамыз: әр тапсырма орындалған сайын бір лақ қасқырдан құтқарылады.

7 ата

Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

7 күн

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

7 қазына

Ер жігіт, сұлу әйел, білім-ақыл, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.

3) Тапсырмалар тізбегі: “Жеті лақ” бойынша жұмыс

1-лақтың тапсырмасы

7 санын бізге таныс сандарды пайдалана отырып қалай құрастыруға болады? Мысалы: 6 + 1 = 7.

Суретпен жұмыс арқылы түсіндіріледі.

2-лақтың тапсырмасы

Оқулықпен жұмыс: теңдіктердің қалай құрылғанын түсіндіру. Кесіндінің ұзындығын өлшеу.

3-лақтың тапсырмасы

Сергіту сәті: өлең-есептер

Алма бағы жайнаған,

Қызыл алма айналам.

Алдым үзіп бесеуін,

Тағы да алдым біреуін.

Алдым сонда нешеуін?

Табақта 4 алма,

Қолымда 2 алма.

Қосқанда барлығын, болады неше алма?

Көлден ұшты 5 қаз,

Қайтып қонды 2 қаз.

Қонбағаны нешеу болды?

Ұлпа жүнін қыздырып,

Күн шуақта бір күшік

Отыр еді. Жанына

Келді тағы бір күшік.

7 санының баспа және жазба түрімен танысу. Сандарды салыстыру.

4-лақтың тапсырмасы

Дәптермен жұмыс: сурет бойынша талдау, 7 санын жазу, өрнектердің мәнін табу.

5-лақтың тапсырмасы

Сәйкестендіру тесті: есептерді шығара отырып, әр апта күнін дұрыс орнына орналастыру.

4 − 2 = 2
7 − 2 = 5
3 + 3 = 6
3 + 1 = 4
6 − 3 = 3
4 + 3 = 7
2 − 1 = 1

6-лақтың тапсырмасы

Сандардың құрамын анықтау. Ойын: “Орнын тап” — әр кейіпкерді өз өрнегіне апару.

2 + 3 = □
6 − 4 = □
1 + 5 = □
5 − 2 = □
2 − 1 = □
6 − 2 = □

7-лақтың тапсырмасы

Оқулықтағы 5-тапсырманы орындау: теңдіктер құру. Қорытынды ереже:

  • Қосылғыштардың орнын ауыстырғанда қосындының мәні өзгермейді.
  • Қосу мен азайту — өзара кері амалдар.

4) Қорытындылау және рефлексия

Сабақ қорытындысы

Бүгін біз барлық тапсырманы орындап, лақтарды қасқырдан құтқарып, оларды аналарына қостық.

Сандардан сөз құрау

Сандарды ретімен оқысақ, лақтардың бізге айтқан сөзі шығады:

1
Р
2
а
3
х
4
м
5
е
6
т

Сұрақтар

Біз бүгін қандай санмен таныстық?

7 саны және 7 цифрымен.

7 санын қалай шығардық?

6-ға 1-ді қосу арқылы.

Үй тапсырмасы

  • Аптадағы 7 күннің атауын жатқа айту.
  • Оқулықтағы 4-есеп.

Бағалау

Оқушылардың белсенділігі, тапсырмаларды орындау дәлдігі және өз ойын жеткізе білуі бойынша бағаланады.