Қысым тарауына есептер шығару
7-сынып • Физика
Сабақ түрі: бекіту
Қысым тарауына есептер шығару (презентациямен)
Бұл сабақта оқушылар қысым тақырыбы бойынша меңгерген теориялық білімдерін есептер шығару кезінде қолданады, негізгі ұғымдар мен формулаларды еске түсіреді және өлшем бірліктерін түрлендіру дағдыларын бекітеді.
Сабақ мақсаты
- Білімдік: қысым тарауы бойынша алған теориялық білімді есеп шығару барысында қолдануға дағдыландыру.
- Дамытушылық: оқушыларды өз бетінше ғылыми қорытынды жасауға жетелеу.
- Тәрбиелік: жауапкершілік, тиянақтылық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту; шығармашылығы дамыған, саналы азамат тәрбиелеу.
Сабақ әдісі
Оқушылардың тарау бойынша білімін қалыптастыру және тексеру: түсінуін, талдауын, топтауын ұйымдастыру арқылы тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Нәтиже
Негізгі формулаларды қолдану, бірліктерді түрлендіру және есептерді жүйелі шешу дағдылары бекиді.
Қажетті құрал-жабдықтар
- карточкалар
- суреттер
- есептер мен жаттығулар жинағы
- тәжірибеге қажетті құралдар
- бағалау кестесі
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа әзірлену: оқушылардың құралдарын дайындауы, жұмысқа бағытталуы, сабақ мақсаты мен күтілетін нәтижелермен қысқаша танысу.
II. Өткенді қайталау
Негізгі ұғымдар мен формулаларды еске түсіру. Әдіс: «Көршіңді бағала».
Тапсырма: «Бос орынды толтыр»
Қайталау және бекіту-
1. Бос орынды толтырыңдар: _________________________________________ қысым деп атайды.
-
2. Қысымды латынның _________ әрпімен белгілейді.
-
3. Қысымды есептеу формуласы: _________
-
4. Қысымның негізгі өлшем бірлігі: _____________
-
5. Қысым бірліктері арасындағы байланысты жазыңдар:
Түрлендіру
1 кПа = _________ Па
Түрлендіру
1 гПа = ____________ Па
Түрлендіру
1 МПа = _________ Па
Түрлендіру
0,1 кПа = __________ Па
Түрлендіру
0,001 Па = __________ Па