Сендер таппадыңдар
Тақырыбы: «Көкөністі таны және оның атын ата»
Павлодар облысы, Естіс ауданы, Голубовка ауылы, МҚКК «Айгөлек» балабақшасы. Тәрбиеші: Смағұлова Назия Зайкеновна.
Мақсаты
«Көкөністер» тақырыбы бойынша сөздік қорды байытып, оны сөйлеу барысында қолдануға үйрету; көкөністерді ұстап көріп анықтау; тілдің грамматикасын дұрыс сақтауға дағдыландыру.
Міндеттері
- Ойлауын, тілді түсінуін, көріп есте сақтауын дамыту.
- Кіші және жалпы моториканы жетілдіру.
- Ойды дұрыс әрі қысқаша жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
- Тілдік шығармашылыққа тұрақты қызығушылық ояту.
Сөздік жұмыс
- Көкөністердің атауын дұрыс айтуға үйрету.
- Зат есім мен сын есімді дұрыс қолдану.
- Қасиеттерін білдіретін сөздермен толықтыру: көлемі, түсі, пішіні, қандай, не үшін керек.
Көрнекілік құралдары
- Таза жуылған көкөністер: сәбіз, қызылша, қызанақ, қияр, картоп.
- Капуста суреттері және көкөністердің нақ пішіндері.
- «Сиқырлы қап» дидактикалық ойыны.
Сабақ барысы
1) Тосын сәт: «Жабық себет»
ДиалогТәрбиеші: (үсті майлықпен жабылған себетті алып шығады) Балалар, қараңдаршы, менің себетім қандай? Оның ішінде не бар деп ойлайсыңдар?
Балалар: Кәмпит, өрік, жаңғақ, алма.
Тәрбиеші: Дәл таппадыңдар. Бұл — көкөністер. Келіңдер, бірге қарап көрейік.
Тәрбиеші балалардан себеттен көкөністерді алып шығуға көмектесуді сұрайды. Балалар көкөністерге мұқият қарап, атауын атайды.
Балалардың жауаптары:
Сәбіз, қызылша, қызанақ, қияр, картоп, капуста.
2) Түстері мен пішінін анықтау
СипаттауТәрбиеші: Енді айтыңдаршы, көкөністердің түстері қандай?
Тәрбиеші: Дұрыс, жарайсыңдар! Енді көкөністердің пішініне назар аударайық.
Тәрбиеші балаларға дөңгелек, ұзын, сопақ, тегіс пішіндерді көрсетеді. Әр көкөністі балалар қолына ұстап, айналдырып қарап көреді.
3) Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қап»
Тактильді тануТәрбиеші: Қазір қызықты ойын ойнаймыз. Менің қолымда «Сиқырлы қап» бар. Оның ішінде себеттегідей көкөністер бар. Біз оларды қаптың ішінен ұстап көріп, анықтаймыз. Бірақ қапты ашып қарамаймыз: сипап көріп, атын атаймыз.
Ойын шарты
- Егер бала дұрыс тапса — көкөніс үстелде қалады.
- Егер таппаса — көкөніс қайтадан қапқа салынады.
4) Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс
Сұр қояным отырады,
Құлақтары қимылдап. (құлақтарын қимылдатады)
Тоңып қалды қояным,
Мұздақ оның қолдары. (қолдарын жылытады)
Тоңды енді қояным, (орнынан тұрып тоңғанын көрсетеді)
Жүгіруі керек қоянның. (жүгіреді)
Кім қорқытты қоянды?
Қашып кетті қояным. (әр жаққа жүгіреді)
5) Ойын: «Көкөністі дәмінен таны»
Дәм арқылы ажыратуҮстелге шақырылған баланың көзі байланады. Тәрбиеші шанышқымен алдын ала дайындалған көкөністен бір бөлікті алып, баланың аузына салады. Бала қай көкөніс екенін анықтайды және оның піскенін не шикі екенін, тұздалғанын не тұздалмағанын ажыратады.
Ұсынылатын үлгілер
- Піскен сәбіз
- Шикі сәбіз
- Піскен картоп
- Қызанақ
- Тұздалған қияр
6) Қорытынды және марапаттау
ҚорытындыТәрбиеші: Сендер бәрің жарайсыңдар! Мұқият тыңдадыңдар, көңілді ойнадыңдар және көкөністер туралы көп жаңа нәрсе үйрендіңдер.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, бізге кім қонаққа келді?
Балалар: Қоян.
Тәрбиеші: Қоян сендерге тәтті әрі дәмді сәбіз әкеліпті. Ол бізді сыйлағысы келеді. Келіңдер, қоянға ризашылығымызды білдірейік.
Балалар: Қоян, саған үлкен рақмет!