Үлгірімі төмен оқушыларға тапсырма

5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Антонимдер

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Антоним сөздерді өзара салыстыру арқылы олардың анықтамасын оқушылардың өздері тұжырымдауына бағыт беру.

Дамытушылық

Оқушының білімін кеңейту, ақпаратты тез қабылдауына жағдай жасау, өз пікірін толық жеткізуге баулу және ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге жетелеу, сөз өнерін қадірлеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер мен көрнекілік

Сабақтың әдіс-тәсілдері

  • Сұрақ-жауап
  • Топпен жұмыс
  • Тілдік талдау
  • Топтастыру

Көрнекілігі

  • Оқушылардың танымдық даму деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар
  • Интерактивті тақтадағы слайдтар

Сабақ барысы

I. Мотивация

Ұйымдастыру және назарды шоғырландыру

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
  • Оқушыларды топтарға бөлу.
  • Дауыс беру арқылы топ жетекшілерін сайлау.
  • Оқушы білімін есепке алу картасын слайд арқылы таныстыру.

II. Үй тапсырмасын сұрау және бекіту

Миға шабуыл арқылы өткенді еске түсіру

Сұрақтар

  1. Лексика дегеніміз не?
  2. Омонимдердің анықтамасын айтып, мысал келтіріңдер.
  3. Күнделікті өмірде омоним және синоним сөздерді қаншалықты жиі қолданасыңдар?

Омоним мен синоним сөздерге жазып келген өлеңдер мен мақал-мәтелдерді оқыту.

III. Мақсат қою

  • Жаңа тақырыпқа берілген мысалды оқытып, оқушыларға өздігінен ереже шығаруға мүмкіндік беру.
  • Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар арқылы білімді кеңейту.
  • «Антоним» сөзінің қай тілден шыққанын және жасалу жолдарын таныстыру.

IV. Жаңа сабақ

Өзіндік ізденіс — білім негізі

Көрнекі салыстыру

Интерактивті тақтадан биік тау мен аласа таудың, сондай-ақ кактус гүлі мен адыраспан шөбінің суреттерін көрсетіп, оқушылардан қандай қорытынды жасауға болатынын сұрау және ереже шығару керектігін ескерту.

Терминнің шығу тегі

«Антоним» сөзі грек тілінен шыққан: anti — «қарсы», onoma — «атау».

Қорытынды: мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады.

Маңызды ажырату: антоним және болымды/болымсыздық

Антонимдер мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды-болымсыздық мағыналар бірдей емес. Оны төмендегі мысалдар арқылы салыстыруға болады.

Антонимдер

  • Күштімен алысқан әлсіз өз қолын сындырады. (Сәйф Сарайи)
  • Жаман сөз жылатады, жақсы сөз жұбатады.
  • Білімді — алтын, көзі ашылатын; надан жан — қара бақыр, шашылатын. (Йүгінеки)

Болымды/болымсыздық мағына

  • Піл күшті. Піл күшті емес, тіл күшті.
  • Көп сөйлеген қалайда жақсы емес. (Құтып)
  • Білімді білімсіздің мыңын жеңер. (Йүгінеки)

Антонимдер ойды әсерлі әрі бейнелі жеткізудің ең ұтымды құралдарының бірі. Сондықтан мақал-мәтелдер мен жұмбақтарда антонимдер жиі қатар қолданылады.

Топтық тапсырмалар

1-топ

Мағыналық жағынан бір-біріне қарама-қарсы тұрақты тіркестерді ойлап жазыңдар.

Мысал: ит арқасы қияндатаяқ тастам жер, т.б.

2-топ

Құрамында антоним сөздер кездесетін мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар құрастырыңдар. Мағынасына және жасалу жолына назар аударыңдар.

Мақалдар

  • Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.
  • Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
  • Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Жаңылтпаштар

  • Ақ тайлақ ақ па? Қара тайлақ ақ па?
  • Күн бе, түн бе, пілге мінбе.
  • Екеуінің жасы шамалас: бірінің шашы — қара шаш, екіншісінің шашы ақ шаш аралас.

Жұмбақ

Түнде бармын, күндіз жоқпын. — жұлдыз

3-топ

Берілген сөз таптары бойынша антоним жұптарын топтастырып жазыңдар.

Сын есім

ауыр — жеңіл, кең — тар, ыстық — суық, жас — кәрі, артық — кем, аш — тоқ, арық — семіз, оңай — қиын

Етістік

озу — қалу, кету — келу, қону — ұшу, шашу — жинау, ашу — жабу, кіру — шығу, күлу — жылау, сату — алу

Зат есім

өтірік — шын, обал — сауап, алғыс — қарғыс, рахат — бейнет, бақ — сор, өмір — өлім, пайда — зиян, жаз — қыс, күн — түн

Есімдік

анау — мынау, әне — міне, осы — сол

Үстеу

ерте — кеш, ақырын — шапшаң, жоғары — төмен, алыс — жақын, әрі — бері

Талантты, дарынды оқушыларға (жеке жұмыс)

Сурет бойынша өз шығармашылықтарыңа сүйеніп әңгіме немесе өлең жазыңдар (ішінде антоним сөздер міндетті түрде болуы керек).

Үлгерімі төмен оқушыларға

Берілген мәтіндегі сөйлемдерден антоним сөздерді тауып, астын сызыңдар.

V. Сергіту сәті

«Кім тапқыр?» ойыны

Мақалдың жалғасын табыңдар:

Ашу — дұшпан, ақыл — дос.

Ақылдан жақын дос жоқ, ашудан жаман қас жоқ.

VI. Бекіту кезеңі

Ойды жинақтау мақсатында оқушыларға антонимдердің негізгі белгілерін анықтау тапсырмасы беріледі.