Ишара Мимика арқылы жемістердің тәтті, қышқылдығын көрсету

Қысқа мерзімді жоспар (1-сынып)

Сабақ тақырыбы: Жемістер

Оқу мақсаттары

  • О.1.3.5.1 Мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу.
  • Ж.1.4.1.1 Суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Жемістердің атауын біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Жемістердің дәмін, түсін ажыратады және олардың қандай екенін айта алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Жемістердің атауын үш тілде біледі және жаза алады.

Тілдік мақсат

  • Жемістердің атауын біледі және дұрыс жаза алады.
  • Қарапайым сұрақтар қоя алады және оларға жауап бере алады.
  • Жемістерді салыстырып сипаттай алады, атауларын үш тілде жазады және сәйкестендіреді.

Пәнге қатысты сөздік қор

тәтті қышқыл тәтті емес қышқыл емес шие кішкентай үлкен

Үш тілдегі сәйкестендіру

Яблоко
алма
Груша
алмұрт
Кислый
қышқыл
Сладкий
тәтті
Вкусный
дәмді
Вишня
шие
Персик
шабдалы

Пайдалы тіркестер (диалог пен жазылымға)

  • Қышқыл ма, тәтті ме?

    Дәмін сипаттауға арналған сұрақ.

  • Үлкен бе, кішкентай ма?

    Көлемін салыстыруға көмектеседі.

  • Қызыл ма, сары ма?

    Түсін анықтауға арналған сұрақ.

Талқылауға арналған сұрақтар

  1. Біздің қаламызда қандай жемістер өседі?
  2. Неліктен олай деп ойлайсыз?

Қимыл-қозғалыс және мимика

Мимика және ишара арқылы жемістердің тәтті немесе қышқыл дәмін көрсету.

Алдыңғы оқу

Берілген суреттердің ішінен тек жемістердің суретін қорша.